Бурсит (ұра) – іші сұйықтыққа толы буын қалталарының қабынуы. Олар көбінесе аяқ-қол буындарында кездеседі. Негізгі қызметтері осы сүйектердің бір-біріне жанасқанда желінбеуін қамтамасыз етеді және амортизаторлық қызметін атқарады. Буын қалталары дененің көптеген жерлерінде, буындардың ішінде және жанында, сонымен қоса үйкеліс және қысым болатын жерлерде кездеседі. Кейбір бурситтердің арнайы атаулары бар, мысалы: «үй шаруасындағы әйелдің тізесі», «солдат аяғы» және «теннисшінің шынтағы».
• Травматикалық бурсит – буынға тікелей соққы нәтижесінде дамыған синовиальды қаптың ішіне қан кету.
• Септикалық бурсит –синовиальды қаптың инфекциялық қабынуы, кейде травматикалық бурситтен кейін дамиды. Септикалық бурсит кезінде міндетті түрде дәрігердің көмегі керек, өйткені ол хирургиялық ем немесе науқасты бөлімшеге жатқызу арқылы антибактериялық емді тағайындайды.
Себептері. Бурсит инфекцияның немесе жүйелік аурулардың (мысалы, артрит), жарақаттар, сонымен қоса синовиальды қапқа күнделікті түсетін қысым мен қимылдың нәтижесінде және буындардың әрқашан тез қимылдауынан болады.
Симптомдары:
• Зақымдалған буын қалтасының қимылдағанда, қысым түскенде ауырсынуы
• Буын қалтасының ішіне артық сұйықтық жиналуынан ісіну
• Зақымдалған буын маңында температураның болуы, қызару
Емдеу. Әдетте бурситті үй жағдайында емдеуге болады, атап айтқанда аурсынуды тудыратын қимылдарды шектеу және қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау арқылы. Егер өзгеріске ұшыраған аймақ қызарып, температурасы көтеріліп тұрса, бұл инфекцияның барын көрсетеді. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Тегтер:
бурсит
синовиальды қабықтың қабынуы
травматикалық бурсит
септикалық бурсит