Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Сізге өңеш қатерлі ісігі жайлы не білу керек» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about esophageal cancer).

ӨҢЕШ

660 1

Өңеш – бұл толық түтікшелі, ас пен сұйықтықты асқазанға өткізетін анатомиялық мүше. Жұтынған кезде өңеш қабырғаларындағы бұлшықеттер жиырылады және ішілген асты асқазан қуысына қарай итереді. Өңештің шырышты қабында орналасқан бездер шырыш бөледі, ол арқылы, тамақты жұту процессін жеңілдету үшін өңештің ішкі жағы ылғалмен қамтамассыз етіледі. Өңеш кеңірдектің артқы жағында орналасқан, ересек адамдардың өңешінің ұзындығы 25-ге дейін болады.

Өңеш қатерлі ісігі жайында түсінік

Қатерілі ісік тіндерді түзетін, құрылым элементтерінен, жасушалардан басталады. Тіндер ағзаны түзеді.

Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.

Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:

Залалсыз ісктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.

• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.
• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.

Залалды ісіктер қатерлі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.

• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.
• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қатерлі ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.

Ісіктің жайылуы кезінде және басқа мүшелерге немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, қуық асты безінің қатерлі ісігі сүйекке жайылса, ол қуық асты безінің метастаздануы болады, сүйектің қатерлі ісігі болып саналмайды. Егер ол осындай себептерден туындаса, сүйек ісігі емес, қуық асты безінің ісігі бойынша емделеді. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.

Өңеш қатерлі ісігінің қауіп факторлары

Өңеш қатерлі ісігінің дамуының нақты себебі әлі анықталмады. Бірақ, ғылыми зерттеулер қорытындысы бойынша өңеш обырын дамытуы мүмкін қауіп факторлар бар көрінеді. Олар:

Жасына қарай. Өңеш обыры әсіресе 60 жастан асқан адамдарда болуы мүмкін.

Жынысына қарай. Өңеш обыры әйелдерден қарағанда, ерлерде жиі кездесетіні байқалады.

Шылым шегуіне қарай. Өңеш обырының пайда болуының бірден бір қауіп факторы шылым шегу.

Алкоголь қолдануына қарай. Созылмалы немесе шамадан тыс алкоголь қолдану өңеш қатерлі ісіңінің туындауының тағы да бір қауіп факторы болып саналады. Әсіресе алкоголь қолданумен бірге шылым шексе өкпе обырына шалдығуының процессі үдей түседі. Ғалымдар бұл аталған қос фактор канцерогенді әсер тудырады деп санайды.

Өңеш Барреттасы. Шырышты қабықтың ұзақ тітіркенуі өңеш обырының туындау қаупін арттырады. Өңештің төменгі бөлігіне орналасқан тіндер асқазан бөліндісінен тітіркенуі мүмкін. Өңештің «қайтарылатын» жағдайы «рефлюксті эзофагит» деп аталады. Уақыт өте келе тітіркенген жасушалардың тіндері түрін өзгертеді және асқазан жасушаларына ұқсап қалады. Бұл жағдай Барретта өңеші деп аталады және ол обыралды процесс болып саналады. Яғни оларған өкпенің аденокарциномалары дамуы мүмкін.

Тітіркенудің басқа түрлері. Өкпенің шырышты қабығы басқа факторлардың әсерінен де туындауы мүмкін. Ондай факторлар ылғый сілті жұтудан және басқа да улы тітіркендіргіштермен қатысты болып келеді. Олар да өкпе обырының туындау қаупін арттырады.

Медицинаға қатысты жайттар. Бас немесе мойын обыры бар ауруларда,басқа да қатерлі ісік түрлерінің даму қаупі басым болады. Мыслы ол өңеш секілді белгілі бір анатомиялық аумақта болуы мүмкін. Кез-келген көрсетілген факторлар өңеш обырының дамуын арттырады. Сонымен бірге, қауіп факторлары бар көптеген жандарда өңеш обыры мүлдем туындамайды, сондай-ақ, өңеш обыры қауіп факторы болып мүлдем саналмайтын адамдарда да кездесіп жатады.

Қауіп факторларының сәйкестенуі өкпе обырының алдын алу шарасының алғашқы қадамы болып табылады. Қазіргі таңда, өкпе обырының алдын алудың бірден бір жолы шылым шегуді доғару мен алкоголь өнімдерін пайдалануды тыю қажет болып отыр. Ғалымдар өкпе обырының даму себептерін, және олардың алдын алу жолдарын іздеуді әлі де жалғастыра бермек. Негізі, өкпе обырынның туындау қаупін азайтатын мүмкіндіктер, таза, балғын, толық піспеген жеміс-жидектер мен көкөністер. Барретта өңешімен қиналып жүрген жандар да, осындай жолдар арқылы өз жағдайларын жеңілдетсе болады.

Өңеш қатерлі ісігінің симптомдары

Бастапқы кезінде өңеш обыры аса бір симптомдар көрсете бермейді. Бірақ қатерлі ісіктің даму барысында төменде көрсетілгендей симптомдар көрініс беруі мүмкін:

• Жұтынудың қиындауы және жұтынған кезде ауыру;
• Салмақтың күрт түсіп кетуі;
• Тамақтың немесе арқатың ауруы, кеуденің артқы жағының немесе жауырын мен шынтақтың арасының ауруы;
• Дауыстың қарлығуы немесе созылмалы жөтелдің пайда болуы;
• Құсу;
• Қан аралас жөтелу;

Аталған симптомдар өңеш обырынікі болуы да мүмкін, алайда, басқа аурулардікі болуы да ғажап емес. Аталмыш симптомдар бойыңыздан табыла қалған жағдайда дәрігерге хабарласыңыз.

Өңеш қатерлі ісігінің диагностикасы

Симптомдардың себебін дәп басып айту үшін дәрігер сырқатнамадан хабардар болуы керек және сол арқылы ауруды тексереді. Әдетте, рентгенологиялық зерттеу және төменде көрсетілгендей әдістер тағайындалады:

Барийдың көмегімен өңешті рентгеннен өткізу (эзофагография де те аталады). Рентгенологиялық тексеру жүргізу мақсатында ауру жанға құрамында барий бар сұйықтық ішкізіледі. Ол өңештің ішкі қабырғаларын қаптайды және оның құрылымының рентгеннен көрінуіне мүмкіндік жасайды.

Эзофагоскопия (өңеш эндоскопясы деп те аталады) – ұшында жарығы бар жіңішке иілгіш түтікшенің көмегімен өңештің ішкі бөлігін тексеруге арналған әдіс. Мұны – эндосскоп деп атайды. Ауру адамға тексеру жүргізу мақсатында, алдымен «анестетик» деп аталатын тынышатындырғыш зат беріледі. Одан соң эндоскоп өңешке енгізіледі, содан дәрігер өңештің ішкі бөліктерін көруге мүмкіндік алады. Дәрігер (эндоскопист) потолтгиялық тіндерді тапқаннан кейін, ары қарай микроскопиялық тексеру жүргіззу үшін күмәнді тіннің бөлшегін кесіп алады. Биопсия қатерлі ісікке айнала бастаған тінді, сондай-ақ, обырдың дамуы мүмкін басқа да микроскопиялық өзгерісті анықтауға мүмкіндік туғызады.

Өңеш қатерлі ісігінің даму сатылары

Дәрігер диагноз қойылғаннан кейін қатерлі ісік қай кезеңде тұрғанын анықтайды. Өңеш қатерлі ісігінің даму сатысы оның таралу сатыларымен және басқа мүшелерді зақымдауы сипатымен сипатталады. Дәрігердің өңеш қатерлі ісігінің сатысын білуі, оның алдағы уақытта емдеуді жоспарлауына және қандай емдеу тәсілдерін таңдауына көмек береді. Төменде өңеш обырының 4 даму сатысы көрсетілген:

І сатысы. Қатерлі ісік өңештің шырышты қабының тек жоғарғы бөлігінде пайда болады.
ІІ сатысы. Обыр өңештің барынша терең қабатына еніп кетеді және жақын тұрған лимфа түйіндерді зақымдайды. Бұл сатысында обыр басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне тарала қоймайды.
ІІІ сатысы. Обыр өңеш қабырғасына барынша терең орналасады және өңешке жақын орналақан тіндерді және лимфотүйіндерді зақымдайды, бірақ, бұл сатысында да дененің басқа жерлеріне таралмайды.
IV сатысы. Обыр дененің басқа бөліктеріне таралады – жалпы барлық жерде: бауырда, өкпеде, мида, сүйекте.

Кейбір тест түрлері обырдың таралған-таралмағанын анықтауға мүмкіндік береді.

Ондай тесттер:

• Компьютерлі томография. Бұл кескіндер сериясы талдамасына, түрлі түсірілген бұрыштар мен проэкцияларға негізделген диагностикалау әдісі.
• Сүйекті сканерлеу. Бұл әдіс сүйектің суретін экраннан немесе таспадан көруге мүмкіндік жасайды және обырдың сүйекке таралған-таралмағанын анықтайды. Зерттеу жүргізу мақсатында ішке аздаған радиоактивті зат енгізіледі. Ол зат қанға таралады да сүйекке тұнады, әсіресе тіндері бұзылған сүйектерге тұнады. Сүйек тініне радиоактивті материалдың жиналған жерін тіркейтін құралды – сүйек сканері деп атайды.
• Бронхоскопия. Дәрігер ауыздан немесе мұрын қуысынан және жұтқыншақтан тыныс алу жолдарының зақымдануының сатысын білу үшін бронхоскоп енгізеді (ұшында жарығы бар жіңішке түтік).

Өкпе қатерлі ісігін емдеу

Өңеш қатерлі ісігінің емдеу әдістерін іріктеу, көптеген факторларға қарасты жүзеге асады. Мысалы, олардың көлемі ескерілуі мүмкін, орналасу мекені мен ісіктің таралу сатысы назарға алынуы ықтимал, сондай-ақ, науқастың жалпы жағдайын қарау да басты мәселе болып табылуы мүмкін. Барлық емдер арнайы мамандар командасының көмегімен іске асады. Олар мысалы: гастроэнкологтар, хирургтар, онкологтар және радиологтар болуы мүмкін. Ауыз қуысындағы өңеш обырынның потологиялық процессіне ем жүргізу үшін, ауру жанның, алдымен тіс дәрігеріне барып қаралып келгені абзал.

Әдетте ауру адамдар көптеген түрлі дәрілерді қабылдайды және қатерлі ісіктің ісінуін бақылау, сондай-ақ, науқастың өмір сапасын жақсарту мақсатында дәрі-дәрмектерді комбинациялайды (біріктіреді)

Хирургиялық емдеу – өңеш обырын емдеудің кең таралған түрі. Ол арқылы ісікті және оның айналасындағы тіндерді лимфотүйіндермен бірге хирургиялық жолмен кесіп алып тастауға болады (өңешті алып тастауға бағытталған операцияны эзофагэктомия деп атайды). Өңештің зақымдалған жерін кесіп алып тастағаннан кейін, хирург науқастың ас пен сұйықтықты жұтуы үшін өңештің қалған бөлігін асқазанмен толықтай жалғайды. Қажетіне қарай пластиналы түтікті немесе жалғауды қамтамассыз еті үшін ішектің бөлігін пайдаланады. Хирург сондай-ақ, тамақтың аш ішекке еркін өтуі үшін асқазан мен аш ішектің арасындағы саңлауын кеңейтуі мүмкін. Алайда кейде, бұрын басқа емдеу тәсілін қолданғандықтан хирургиялық емдеу мүмкін болмай қалатын жағдайлар болады.

Радиациялық терапия радиотерапия деп те аталады. Обыр жасушаларын жоюға арналған жоғары энергиялы сәулені қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс. Радиациялы терапия тек өзінің әсері тиген обыр жасушаларын ғана күйдіреді. Радиация терінің сыртына да жүргізілуі мүмкін (сыртқы радиация) немесе радиациялық материалды ішкі жаққа обырға жақын жерге де енгізуі мүмкін (ішкі радиация). Кейде радиациялық терапияның әсерін күшейту үшін өңешке пластикалық түтік кіргізіледі, ол радиацияның әсері кезінде өңештің ашылып тұруна жағдай жасайды. Радиациялық терпаия жеке қолданылуы да мүмкін, немесе химиотерапиямен біріктіріле қолданылы да ғажап емес, сапасына қарай, сондай-ақ, ісіктің көлемі мен орналасу жағдайы операцияға қолайсыз болғанда хирургиялық емнің альтернативтері пайдаланылады. Бұдан басқа, дәрігер ісіктің көлемін кішірейту үшін, хирургиялық емнің барынша оң әсерін танытуы үшін радиациялық және химиялық терапияны қоса қолданады. Тіпті ісікті хирургиялық жолмен ісікті жоя алмаса да немесе радиациялық терапияның көмегімен ісікті толық күйдіре алмаса да, тым болмағанда ауруды басу үшін немесе жұтынуды жеңілдету үшін радиотерапия бәрі бір қолданылады.

Химиотерапия қатерлі ісік жасушаларын жою мақсатында обырға қарсы дәрілерді қолдануды қарастыратын әдіс. Обырға қарсы дәрілер әдетте, барлық ағзаға таралуы үшін ішке енгізілетін иньекция түрінде тағайындалады. Химиотерапия емдеудің сапасын арттыру үшін негізгі емдеу әдістерімен (хирургиялық араласумен қоса) радиотерапиямен біріктіріле қолданылуы да мүмкін немесе ісіктің көлемін кішірейту мақсатында, хирургиялық емнің әсерін жоғарлату үшін де қолданылуы ғажап емес.

Сәулелі терапия – обыр жасушасын жою мақсатында жоғарықысымды сәулені қолдану. Сәулелі терапия лазер сәуленің түскен жеріндегі барлық обыр жасушаларын жоюға бағытталады. Дәрігер обыр жасушаларын жою үшін және өңештегі хирургиялық жолмен алынуға келмейтін кейбір жерлердегі ісіктерге лазерлі сәулені қолдануы мүмкін. Бірақ ондай жерлер сирек кездеседі, мысалы ол жұтынудың қйындауына байланысты жерлер болуы мүмкін.

Фотодинамикалық терапия – бұл лазерлі терапияның бір түрі, яғни обыр жасушаларына сіңіп кететін дәрі қабылдату арқылы жүргізіледі. Жарықтың әерімен ондай дәрілер іске қосылады және обыр жасушаларын ішінен жарып жйып отырады. Дәрігер фотодинамикалық терапияны жұтыну процессіне қатысты симптомдарды жеңілдету үшін пайдаланады.

Өңеш қатерлі ісігін емдеу кезіндегі жанама әсерлер

Обарға қарсы терапияда жанама әсерлер қабылдаған емнің түріне байланысты және олардың түрлі ауруларына қатысты болып келеді.

Өңештің қатерлі ісігін хирургиялық емдеу кезінде аз уақыттық ауру сезімі болуы мүмкін және операция жасалған жердегі тіндерде күшемелі қысым болуы ықтимал. Бұл жағдайды дәрілердің көмегімен бақылауға да болады. Ауру адамдар өкпенің іркілмеуі үшін арнайы тыныс алу мен жөтелудің әдістерін үйренеді.

Радиациялық терапия обыр тіндерін күйдіру барысында, сау тіндерді де зақымдап алады. радиотерапияның жанама әсері радиацияның көмегімен дене бөлігіне әсер берген кезде соның мөлшеріне қатысты болады. Радиациялық терапияның барынша кең таралған жанама әсерлері: ауыз қуысының құрғауы, ауыз қуысының және тамақтың жаралануы, жұтынудың қиындауы, ауыз құысының шырышты қабының және қызыл иектің ісінуі, тіс жегінің пайда болуы, әлсіреу, тәбеттің жоғалуы және радиацияның әсері болған орындарда тері түсінің өзгеруі.

Химиотерапия, сондай-ақ радиациялық терапия секілді обыр тіндерін құрту барысында, сау тіндерді де зақымдап тастайды. Оның жанама әсері қолданған дәрілері мен олардың мөлшеріне қатысты болады. Химиотерапияның кең таралған жанама әсерлері: жүрек айну және құсу, тәбеттің бұзылуы, шаштың түсуі, терінің тітіркенуі, ауыз қуысы мен еріннің жаралануы, сонамен қатар әлсіздік. Аталған жанама әсерлер химиотерапиядан кейін немесе бұл терапияның бөлек сеанстары арасында ақырындап жоғалады.

Лазерлі терапия лазерлің әсері болған жерлерде аз уақыттық ауру сезімдерін тудырады. Бірақ, бұл жағдай дәрінің көмегімен ретке келуі мүмкін.

Фотодинамикалық терапия тері мен көздің жарыққа тым әсершілдігін арттырады. Бұл жағымсыз процесс 6 немесе одан да көп апта аралығында ақырындап тоқтайды. Басқа да жанама әссерлерге жөтелді, жұтынудың қиындауын, асқазанның ауруын, сонымен қатар, дем алғанда ауруы мен демікпені қосуға болады.

Өңеш қатерлі ісігі бар адамдардың тамақтануы

Қатерлі ісік кезінде жақсы тамақтанса ағзаға жеткілікті нәруыз түседі. Сөйтіп, салмақтың түсе беруі тежеліп, күш-қуатты сақтауға мүмкіндік туады. Жақсы тамақтану арқылы ауру жандар жеткілікті энергия жинайды және өздерін жақсы сезінуіне жағдай туындайды. Бірақ өкінішшке қарай, көптеген өңеш обырымен ауыратын ауру адамдар жеткілікті мөлшерде қоректене алмайды. Әрине ол жұтынудың қйындауы салдарынан. Науқастар өздерін дел-сал, әлсіз сезінгендіктен де дұрыс тамақтана алмайды. Қатерлі ісіктің бірқатар жанама әсерлері, шаш түсу, жүрек айну, ауыз қуысының құрғау мен жараланып кетуі, сондай-ақ, ауыз қуысындағы жағымсыздықтың салдарынан тамақтануға зауықтың соқпауы болып табылады. Сонымен қатар, көптеген ауру жандарда дәм сезу сезімі бұзылып жатады.
Хирургиялық операциядан кейін аурулар тағамдық затты тамырға енгізу арқылы қабылдайды. Бұл шара парентеральді тамақтану деп аталады. Кейбір ауру жандарды зонд (иілгіш пластикалық түтік, адамның тамақтануға қатысатын мүшелерді қалыптасып үлгермей жатқан кезде ауыз арқылы асқазанға тікелей орнатылады) арқылы тамақ тамақ беріледі.

Өңеш обыры бар аурулар тамақты аздап ішуі керек. Есесіне, күніне аз-аздан үш реттен артық ішкені абзал. Жұтынудың қиындауы кезінде, науқастарға жұмсақ немесе сулы, түрлі дәмдендіргіштері бар тамақтарды ішкен пайдалы. Ондай азық-түліктер: пудингтер, сорпалар, олар еш қиындықсыз жұтылады. Кейде қабылдап жүрен тағамын мұқият өлшеп тұрған дұрыс. Дәрігерлердің, диетологтардың және басқа да медицина қызметкерінің дұрыс тамақтану жайындағы кеңесі, ауру адамдарға едәуір пайдасын тигізуі мүмкін.

ҚОСЫМША ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ МЕДИЦИНА

Кейбір қатерлі ісікке шалдыққандар қосымша және альтернативті медицинаның әдістерін оңтайлы деп санайды:

Қосымша әдістер химиотерапия және радиотерапия сияқты ми ісігін емдеуге арналған стандартты емдеу түрлерімен қатар қолданылады. Альтернативті әдіс – стандартты емдеу әдістерінің орынына қолданылады.

Акупунктура (инетерапиясы), емдік массаж, шөп өнімдері, дәрумендер немесе арнайы диета, сонымен қатар, визуализация, медитация және түрлі рухани емдер қосымша немесе альретнативті медицинаға жатады.

Кейбір онкологиялық аурулар қоссымша немесе альтернативті терапияның арқасында өздерін едәуір жақсы сезініп қалатындығын айтып жүр. Және бір айта кетерлігі, қосымша және альтернативті медицина химиотерапия мен радиотерапияның кейбір механизмдерінің әсерін өзгертеді. Бұл өзгерістер ауруға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін. Бұдан басқа, қосымша және альтернативті медицина, тіпті жеке қолданылса да өздігінен зиянын тигізіп қоюы да ғажап емес. Кейбір қосымша және альтернативті медицинаның түрлері қымбат тұратын болып келеді.

Аурулардың күтіміне қолдау көрсету

Қатерлі ісік секілді күрделі аурумен өмір сүру оңай емес. Кейбір адамдарға бұл аурумен байланысты эмоционалдық және практикалық мәселелерін шешу үшін көмек қажет. Ондай жағдайда ауруға қандай жағынан болсын көмек қолын созса да пайдалы болмақ. Бұл ұйғарым әсіресе батыс жақта жақсы дамыған. Қатерлі ісікпен ауыратындар мен аталмыш топтар бас қосып тұрады, әрқайсысы өз жағдайымен бөлісіп, кейбіреуделі емделу үшін өзіне пайдалы кеңес алып қайтып жатады.

Онкологиялық ауруы бар адамдар өз отбасы жайлы көп ойлайды, өзінің жұмыс орнының сақталуын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін жиі уайымдап жүреді. Ондай ауру адамдарға барынша сабыр сақтап жүрген дұрыс, оларға емделетіні жайында, емханада алаңсыз болуы керектігі жайында, медициналық көмекті барынша дұрыс қолдану керектігі жайында әңгімелесіп тұрған жүрген жөн. Онкологиялық аурулардың көптеген сұрақтарына әдетте медицина қызметкерлері жауап береді.

Өңеш қатерлі ісігін емделгеннен кейін бақылап тұрудың маңыздылығы

Өңеш қатерлі ісігін емделгеннен кейін бақылам тұрудың маңыздылығы басым болмақ. Егер де обырдың симптомдары қайта пайда болып жатса, жедел шешім қабылдап, емделу жайында ойлану керек. Ондай бақылаулар: дәрігердің уақытылы тексерісі, рентгенологиялық зерттеулер және зертханалық талдамалар. Жалпы науқас обырға қатысты қандай да бір өзгерістер орын ала бастаса дәрігерге хабарласқаны абзал.