Метаболиялық синдром - жүрек-қан тамырлары ауруларының, инсульттің және екі типті қант диабетінің пайда болу қаупін арттыратын қауіп-қатер факторларының топтары болып табылады.

Себептері
Ғалымдар метаболиялық синдромның қандай да бір себептерден пайда болатынына әлі де сенімді емес. Дегенмен, бұл синдроммен байланысты бір белгілісі, семіздік немесе жай артық салмақтан осы аурудың туындайтыны анықталды.

Метаболиялық синдромның ең негізгі қауіп факторлары:
Дененің ортаңғы және жоғарғы бөліктерінде (орталық семіру) майдың жиналуынан пайда болады, мұндай денені «алма тәрізді» деп сипаттауға болады.
Инсулинге төзімділік. Дене инсулинді қалыпты жағдайға қарағанда төмен пайдаланады. Жалпы инсулин ағзадағы қантты бақылау үшін қажет. Инсулинді тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде, ағзадағы қант пен майдың мөлшері артады.

Басқа да қауіпті факторлар, мына жайттармен толығады:
• Жасы
• Метаболиялық синдромның пайда болуына генетикалық бейімділік
• Гормоналды өзгерістер
• Физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі
Метаболиялық синдромнан зардап шеккен адамдар басқа да қиындықтарға тап болады. Олар, аурудың ағымын одан сайын күрделендіретін немесе осы аурудың пайда болуына себепкер болуы мүмкін жайттар. Мысалы:
• Қанның шамадан тыс ұюы
• Ағзадағы қабыну белгісін көрсететін заттардың қанда жоғарылауы

486

Диагностикасы
Егер төменде көрсетілген үш немесе одан да көп симптомдар көрініс берсе, пациент метаболиялық синдромнан зардап шегеді деген сөз:
• Қан қысымы 130/85 мм сын.бағ. жоғары болса;
• Аш қарында қандағы қанттың деңгейі 100 мг / дл жоғары болса.
• Үлкен бел айналымы:
Ерлерде – 100 сантиметрден жоғары
Әйелдерде – 88 сантиметрден жоғары
• Жоғарғы тығыздықты липопротеиндердің құрамындағы холестерин деңгейінің төмен болуы;
Ерлерде – 40 мг/дл төмен
Әйелдерде – 50 мг/дл төмен
• Үшглицеридтердің деңгейі 150 мг / дл жоғары

Емдеу
Бұл ауруды емдеу үшін ең бастысы - жүрек аурулары мен қант диабетінің пайда болу қаупін азайту керек. Емдеуші дәрігер науқасқа өмір сүру салтын өзгертуді талап етіп, сондай-ақ, қан қысымын, ЖТЛП холестеринді, қандағы қант деңгейін төмендетуге бағытталған дәрі-дәрмектерді қолдануды ұсынады.
Артық салмақтан арылу керек. Метаболиялық синдромнан зардап шеккен адам салмағының 7-10 пайызын түсіруі керек. Бір күнде ішкен асының калориясын 500-1000 –ға дейін азайту қажет.
Орташа қарқынды физикалық жаттығулар үшін кем дегенде 30 минут уақытын бөлгені жөн, мысалы, аптасына 5-7 рет жай жүрсе де жайрайды.

Арықтау арқылы қандағы холестерин деңгейін төмендету керек. Физикалық белсенділік пен холестерин деңгейін төмендетуге арналған препараттарды қолдану арқылы осы мақсатты жүзеге асыруға болады.
Арықтау арқылы, сондай-ақ, артериялық қан қысымы деңгейін төмендету керек. Ол үшін физикалық жаттығулар жасап, дәрілік препараттарды қолдану керек.
Шылым шегетін адамдар зиянды әдеттен арылу керек.

Ауру ағымы
Метаболиялық синдромы бар адамдарда жүрек ауруына, 2-ші типтегі диабетке, инсультке, бүйрек ауруларына шалдығу қаупі жоғары болады және аяқтарының қандануы жеткіліксіз болуы мүмкін.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Егер сізде осы аурудың белгілері немесе симптомдары болса, дәрігерге қаралыңыз.

Синонимы:
Инсулинге төзімділік синдромы; X синдромы.

Тегтер:
семіздік
АҚҚ
инсулин
қант
инсульт
инфаркт
салмақ