Ер де, әйел де бес негізгі сезіммен жаралған - көру, есту, иіс сезу, түйсік, дәм ажырату және сенсорлы сигналдарды қабылдау қабілетіне ие. Бұл сезімдер физикалық жақындасуда үлкен рөл атқарады. Бұл, әсіресе, ұзақ уақыт бойы ғылыми зерттеу саласынан тыс қалған жыныстық тартымдылықтың ең күшті ингредиенттерінің бірі болып табылатын әйелдік өткір иіс сезу сезіміне қатысты.
Сән өндiрушiлер мен стилистерлердің бағындыра алмағын бір шыңы бар, ол сексуалды серіктестерді тартымды ететін бірден-бір фактор - иіс. Жасанды парфюмнің исі емес, адамның кәдімгі жеке исі. Адам, табиғатынан феромондар деп аталатын химиялық байланыстарды өндіруге қабілетті, оның арқасында әрбір жеке тұлға өзіндік иіске ие. Міне сол иіс, адамардың бір-біріне деген тартымдылықты сезінуіне ықпал жасайды. Бұл химиялық процесс арқылы біз, қандай да бір себептермен өзімізге бір адамды сүйікті ете аламыз және, сонымен қатар, кейбір адамдарды өзімізден сол химиялық бөліндінің әсерімен жиеркендіріп қоямыз.
Әрине, махаббат пен құмарлық – күрделі эмоциялық жағдай болып табылады. Оның ішінде аздаған сәттіліктер, бір шама күш-жігер, және көзге көрінбес болса да «химияның» да үлесі бар. Бұл таза биологиялық тұрғыдан қарағанда, аталмыш химиялық қосылыстар - миға, сіздің махаббат сезімдеріне жоғары дайындықта екеніңізді білдіреді және одан басқа өмірге қажетті, саналы сигналдарды жібермей тұру үшін әрекет етеді. Бұл сигналдар сіздің миыңыздағы ойлау және логикалық қасиеттеріңізді айналып өтіп, сондай-ақ мидың эмоцияға жауап беретін, мидың шоғырландыру процессін реттейтін дән тәріздес денесін (Amigdala) бағындырып алады. Сондықтан күшті махаббат эмоциялары «іште көбелектер ұшын жүргендей» секілді сезімдерді тудыруы мүмкін.
Өздеріңіз білетіндей, күшті психологиялық астасулар иіспен байланысты. Иісті еске алу арқылы санаға, сол иістің иесін және бүтіндей сарқылмас эмоцияны келтіруге болады. Кейде бұл иіс сезу түйсігінің әдеттен тыс құрылымында болады, ол бүтіндей ми арқылы өтетін, басқа мүшелерден ақпарат тасымалдайтын нервтерден ерекшеленеді.Бұл құрылым миға кез-келген оқиғалардың эмоциялық естеліктерін қандай да бір иістік ақпаратпен байланыстыруға көмектеседі. Шиеленіскен эмоция және иіс сезу сезімі маңызды факторлар болып табылады; бұл әрине таңқаларлық, бірақ әңгіме жыныстық әуестік жайында өрбіген кезде, әйелдер үшін иісі сезімі маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Америкалық Браун университетінің зерттеушілері «Сезімтал ынталандыру және жыныстық қатынасқа баға беру» атты ғылыми аспапты пайдаланып, анықтауы бойынша, әйелдер жыныстық серіктестікті таңдағанда, ең алдымен иіске аса мән беретіні белгілі болды. Әйелдердің жыныстық қозуы жағымды иістің әсерінен күшейіп, жағымсыз иістен басылады екен. Алайда, ол жағдайда «жағымды» немесе «жағымсыз» иіс нені шеше алады?
Мұндай, әйелдің жыныстық тартымдылығына иістің айтарлықтай әсері болатыны - салыстырмалы түрде жақында ғана белгілі болды. Бұл құбылыстың алғашқы тұжырымдамасы өте ерекше болды: әйелдердің иіс езу қызметі овуляция кезінде шыңына жетеді - айлық етеккір циклі кезінде жиырма төрт сағаттың ішінде, ол жүкті болуы мүмкін. Ғалымдар осыны екере келе әйелдің иіс сезімі репродуктивтік функцияда белгілі бір рөл атқаруы мүмкін деп санайды. Мұны ғалымдар иммундық жүйені зерттемей тұрып - әртүрлі ауруларға қарсы дененің қорғанысын зерттей бастағанда дәлелдей алмаған еді - сол кезде бұл байланыстың бар екені анықталған болатын.
Әйелдер өз иммунитетінің гендер жиынтығы арқылы оларды толықтыратын еркектерді таңдайды, яғни өздерінің иістерін толықтыра алады. Ал кейбір ерлердің генетикалық кешенді иммундық гендері олардікіне ұқсаса, керісінше жиіркендереді. Бұл қызық көрінуі мүмкін, бірақ әйелдер өз ағзасы гендерінің иммундық қорғанысын «иіс» арқылы дәлме-дәл сезіне алады.
Нью-Мексико университетіндегі эволюциялық психология маманы Кристина Гарвер-Апгар және оның әріптестері әйелдер мен еркектердің иммунитет гендерінің ұқсастығын анықтады, әйелдердің серіктестеріне сексуалдық тартылуы төменірек болды. Әйелдер мен олардың серіктестерінің, иммундық гені ұқсас болса, онда оларда жыныстық қатынасқа деген құлшынысы онша болмайды. Мұндай жұптар, гендік жағдайы үйлесетін жұтармен салымтырмалы түрде қарағанда өз серіктерімен қалауынша қатынасқа түсе алмайды, тіпті қатынас жасаудан қашқалақтайды.
Беймаза фактор болып – иммунитеті гендеріне ұқсас ерлермен қарым-қатынаста болатын әйелдер , әсіресе, овуляция кезінде өз серігін емес, басқа ер адамды ойлап тұрады. Және бұл жыныстық қиял олардың тек ойларында ғана емес, іс жүзінде де орындалып кетуі ықтимал. Мұндай әйелдер бөгде ерлердің құшағына оңай құлайтын болады. Иммундық гендер реакциясының 50 пайызға жуығы, жыныстық қатынастан қашқалақтау жағдайлардың 50% -ында да кездеседі.
Сондықтан, егер әйел өзінің жыныстық қатынас жасақан ерінің жағымды иісі туралы айтса, оның жыныстық құштарлығы тамырында жасырылған эволюциялық адаптациядан екенін түсінуге болады. Ондай кезде әйелдер «есінен танған күйіндегі» деңгейде генетикалық жағынан үйлесетін ерлерге тартылады.
Дереккөз: Материалды дайындаған медицина профессоры Алмаз Шарман