Егер сіз өзіңіздің денеңізге тату немесе пирсинг салғыңыз келсе, онда алдымен өзін жақсы ұсынған студиялардың біріне барыңыз.

Содан соң келесілерге көз жеткізіңіз немесе сұрап алыңыз:

• Студия таза ма? Барлығы толығымен таза болуы керек (сонымен қатар жуынатын бөлмесі де).
• Студия қандай стерилдеу процедурасын қолданады? Аталмыш процедуралар сипатталған ба немесе нұсқаулықтары бар ма? Сұрап алыңыз.
• Қайта қолданатын құралдарды стерилдеуге арналған автоклав қолданыла ма? Автоклав – бұл қыздыру арқылы стерилдеуге қолданылатын машина. Қайта қолданылатын құралдар міндетті түрде стерилденіп, стерилдік сиымдылықтарда сақталуы керек
• Стерилдеуге болмайтын құралдармен қалай жұмыс істейді? Автоклав көмегімен стерилдеуге болмайтын құралдар немесе аспаптарды әр пайдаланғаннан кейін дезинфекциялаушы немесе ағартқыш ерітіндімен зарарсыздандыру керек.
• Пирсингке қолданылатын инелер стерилденген бе? Инелер стерилді пакетте сақталуы керек, бір рет қана пайдаланылып қолданылғаннан кейін қауіпсіз контейнерге тасталынуы керек.
• Тату немесе пирсинг жсаушы адам қандай дайындықтан өтеді?
• Тату немесе пирсинг жасаушы адам стерилді қолқап кие ме? Әрбір процедураға жаңа стерилді қолқап пайдалануы қажет. Оператордың қолқап киер алдында қолын жуғанына көз жеткізіңіз. Процедура барысында оператор телефонмен сөйлессе немесе басқа нәрселермен айналысса қолғабын ауыстыруын сұраңыз.
• Процедура барысында пирсингке арналған пистолет қолданылады ма? ЕШҚАШАН пистолеттің көмегімен пирсинг жасатпаңыз! Бұл құралдар асқыну қаупін тудырады, өйткені оны процедура арасында стерилдеуге болмайды.
• Пирсингке қандай әшекейлер қолданылады? Тек аллергенді емес әшекейлер қолданыңыз. Жаңадан жасалған пирсингке тек хирургиялық, тот баспайтын болат, алтын, күміс, ниобиум,титаннан жасалған әшекейлер пайдаланады.
• Никельден немесе жезбен қапталған әшекейді пайдаланбаңыз.
• Қолданылмаған және автоклавта стерилденбеген әшекейді таңдаңыз.

Жалпы пирсинг индустриясы қадағаланбаса да, денсаулық сақтауға қатысты болғасын олар гигиеналық стандартқа сай, тату тәжірбиесінің қауіпсіздігіне кепілдік беруі керек. Сіз барғалы отырған немесе қызметін пайдаланып жүрген студияға шағымдардың бар-жоғын өзіңіздің қалалық денсаулық сақтау департаментінен немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен тексеріңіз.


Тегтер:

татуировка
пирсинг
тату салудағы қауіпсіздік шаралары
автоклав
қолданылған құралдарды стерилдеу
асқыну қаупі