Бұл не? Полип – бұл қуыстық мүшелердің шырышты қабатында (мысалы, ішек немесе несеп жолдарында) өсетін артық тіннен түзілген шағын түзіліс. Жиі полиптер мұрын қуысында немесе тамақта пайда болады. Полиптің негізі кең немесе ол «аяқшада» өсуі мүмкін.
Симптомдары полиптің мөлшеріне және орналасуына байланысты. Бұлар полиптің қоршаған тіндерге қысымы әсерінен сонымен қатар полиптер өсу барысында ішек қуысын немесе жаңа жолдарды жабуы әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде полиптер азғантай қансырауға әкеледі.
Болжамы және емі. Полиптердің көбісі залалсыз (қатерлі емес), бірақ уақыт өте келе олар қатерлі болуы (қатерлі ісікке айналуы) мүмкін. Көрсетілген себептерге байланысты алып тастау және қатерлі ісіктің өсуін микроскопиялық зерттеуге жіберу ұсынылады.
Тегтер:
шағын түзіліс
залалсыз ісік