Инфекциялық эндокардит немесе Эндокардит– жүректің қақпақшалары мен камераларының ішкі қабығының инфекциясы.

483
Пайда болу себептері
Эндокардит жүрек бұлшықетін, қақпақшаларын, қабығын зақымдауы мүмкін. Эндокардиттен әсіресе келесі санаттағы адамдар зардап шегеді:
• Жүрек ақаулығы бар адамдар
• Жүрек қақпақшалары зақымданса немесе аномальды болса
• Эндокардитпен бұрын ауырғандар
• Жүрек қақпақшалары ауыстырылған науқастар

Жұқпалы эндокардит түр-түрге бөлінеді, әртүрлі бактериялар қан ағымына түскенде және содан кейін жүрекке жеткенде дамиды. Бактериялық инфекция – эндокардиттің ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Ауруды саңырауқұлақтар да, мысалы, Candida саңырауқұлағы тудыруы мүмкін.
Кейбір жағдайларда эндокардиттің себептері табылмай жатады.

Бактериялар көбінесе адамның қан айналымына енеді:
• Көктамырлық катетерлеу
• Инъекцияны қажет ететін дәрілік заттарды қолдану. Стерильденбеген инелерді қолданғанда
• Стоматологиялық операция жасалғаннан кейін, ұзақ уақыт өтпей
• Басқа да хирургиялық операциялар немесе тыныс алу жолдары мен зәр шығару жолдарының кішігірім процедуралары кезінде, тері немесе сүйек-бұлшықеттердің инфекциялық зақымдануларынан

Симптомдары
Эндокардиттің симптомдары кенеттен пайда болуы мүмкін немесе біртіндеп дамуы мүмкін. Аурудың бұрыннан келе жатқан белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, терлеу.
Кейде бұл симптомдар басқа да симптомдары пайда болғанға дейін бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін. Кейде симптомдар көрініп, кенеттен жоғалып кетуі ықтимал, ондай симптомдар көбінесе түнде пайда болады. Сондай-ақ, ауру белгілері жалпы әлсіздік, шаршау, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсынумен қатар білінуі мүмкін.

Басқа да симптомдары:
• Тырнақ астындағы тері аймағындағы қан кету (қан кету тырнақтың негізінде)
• Аяқ буындарындағы және табандағы (Джейнвей жарасы) қызыл ауырсынбайтын дақтар
• Аяқ-қол саусақтарының жастықшаларында орналасқан қызыл, басқанда ауру тудыратын түйіндер (Ослер түйіндері)
• Физикалық белсенділік кезіндегі ентігу
• Аяқтың, табанның, іштің ісіну

Диагностикасы
Дәрігер тексеру кезінде жүректегі өзгеше бір шуды анықтауы немесе жүректің бұрынғы шуларынан өзгеріс байқауы мүмкін.
Көзді зерттеу барысында торлы қабыққа қан құйылғанын анықтауға болады. Көздің немесе қабақтың үстінде кішкентай нүктелі қанталаулары анықталуы мүмкін.
Диагностикалық тесттерге мыналар жатады:
• Қан себіндісінің анализі инфекцияны тудыратын бактерияларды немесе саңырауқұлақты анықтауға көмектеседі
• Жалпы қан анализі, C-реактивті белок (СРБ) немесе эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)
• Жүрек клапандарының жағдайы туралы көбірек ақпарат беретін тұрақты кардиограммалар немесе өңеш арқылы эхокардиография жасау

Емдеу
Аурудан алғаш рет зардап шегетін пациенттерге вена ішілік антибиотик енгізу үшін госпитализациялау қажет. Қан талдауы дәрігерлерге аурумен күресте ең жақсы антибиотикті таңдауға көмектеседі.
Эндокардитпен ауыратын пациенттер ұзақ уақыт бойы антибиотиктермен емделу керек. Әдетте, жүрек камераларындағы және қақпақшаларындағы бактериядан толықтай құтылу үшін 4-6 апта керек.
Ауруханада басталған антибиотиктермен емдеуді, шығарған кейін үйде жалғастыру керек.
Хирургиялық араласу қажет болады, егер:
• Инфекция инсультке әкелетін жолмен таралатын болса. Бұл бактериялық ұйындылар миға түскен кезде пайда болады.
• Жүрек қақпақшаларының зақымдануынан жүрек жетіспеушілігі дамыса
• Мүшелердің аса ауыр зақымдануларының белгілері болса

Ауру ағымы
Эндокардитте дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, сауығу мүмкіндігі айтарлықтай жоғарылайды.
Аса күрделі қиындықтар туындаса, олар мыналар:
• Ми абсцессі
• Жүрек жеткіліксіздігіне әкелетін, жүрек қақпақшаларының зақымдалуы
• Инфекцияның басқа мүшелерге жайылуы
• Миға кішкентай үзілген бактериялардың ұйындысының түсуінен шақырылған инсульт

Дәрігерге қашан қаралу керек
Эндокардиттен емделгеннен кейін келесі симптомдарды байқасаңыз, дәрігер көмегіне жүгініңіз:
• Зәрде қан болса
• Кеудеңізде ауыру сезімі болса
• Шаршағыштық болса
• Дене температурасының көтерілуі байқалса
• Аяқ-қолдарыңыз ұйыса
• Әлсіздік сезінсеңіз
• Салмақ жоғалтқаныңызды байқасаңыз
Алдын алу
Эндокардиттің пайда болу қаупі жоғары адамдарға алдын ала антибиотиктер қабылдау қажет. Жоғарғы қауіп-қатер тобына мынандай адамдар кіреді:
• Жүректің туа біткен ақауы барлар
• Жүрек трансплантаттары және жүрек қақпақшаларындағы проблемалалары барлар
• Жасанды жүрек қақпақшалары барлар
• Бұрын эндокардитпен ауырғандар
Науқастардың бұл тобы келесі жағдайларда профилактикалық антибиотиктерді қабылдауы керек:
• Олар ауыз қуысынан қан кетуге әкелетін, стоматалогиялық араласуға ұшыраса
• Олар тыныс алу жолдарының аймағындағы медициналық араласуға ұшыраса
• Олар несепшығару каналының аймағындағы медициналық араласуға ұшыраса
• Олар асқазан-ішек жолдарының аймағындағы медициналық араласуға ұшыраса
• Жұқпалы тері мен жұмсақ тіннің инфекциялық зақымдануына байланысты медициналық араласуға ұшыраса
Синонимдері:
Жүрек қақпақшаларының зақымдануы; Алтын стафилококкпен шақырылған эндокардит.

Тегтер:
жүрек қақпақшалар
ақау
қарынша
жүрекше
эндокардит