Эпидермалық жылауық немесе майлы жылауық - бұл терінің жоғарғы қабатының астында пайда болатын, ірімшік тәрізді майлы затқа (тері майына) толы қуыс. Бұл жылауықтар жиі бас, құлақ, бет, арқа, ұма терісінде пайда болады. Оның басты себебі, шаш фолликулы өзегінің бітеліп қалуы.
Тері астында пайда болатын түйіршіктер мен төмпешіктер – жылауықтың басты белгілері және симптомдары болып табылады.
Бұл төмпешіктер:
• Қатты болады және оңай қозғалады;
• Сары және ақ түсті болады. Ал жарақат алған жағдайда, қабыну немесе инфекцияланған кезінде ол қызыл түсті болуы мүмкін;
• Ауырсынусыз келеді (жарақат кезінде немесе инфекцияланған болса ауырсынуы мүмкін);
• Диаметрі 1-ден 4 см-ге дейін. Гормоналды ынталандыру немесе жарақат алу жылауық көлемінің үлкеюіне әкеп соқтырады.
Егер жылауық симптомдар тудырмаса, онда әдетте медициналық араласу қажет емес. Егер оның жарақаты кезінде немесе инфекцияланған болса, немесе ынғайсыздық тудыратын болса, жылауықты алып тастайды. Егер жылауық инфекцияға ұшыраған болса, онда оны алып тастағаннан кейін антибиотикалық терапия курсын жүргізуге болады.
Тегтер:
жылауық
төмпешіктер