Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Мүмкін болатын асқынулар

Қашан дәрігерге қаралу керек

Алдын алу


Геморрой – айналшық пен тік ішектің төменгі бөлігіндегі веналардың кеңеюінен туындайтын ауру.


Себептері

Геморрой өте кең таралған ауру болып саналады. Бұл анал тесігі аумағына аса қатты қысым түскендіктен пайда болады. Бұл жағдай жүктілік кезінде, босану кезінде, сондай-ақ іш қатуынан да туындауы мүмкін. Қысым қалыпты тамырларды кеңейтіп, айналшық аумағындағы тіндердің ісінуін тудырады. Жиі ішек толқи жиырылуының әсерінен бұл тіндер қансырауы мүмкін.

Геморройдың себептері төмендегідей болуы мүмкін:

• іш босату кезінде күшену
• іш қату
• Ұзақ уақыт бойы, әсіресе дәретханада отыра беру
• Цирроз сияқты кейбір аурулардың болуы

Геморройлық түйіндер дененің ішінде де, сыртында да орналасуы мүмкін.

• Ішкі геморройлық түйіндер анустың ішкі жоғарғы жағында және тік ішектің бастапқы бөліктерінде ғана орналасады. Егер олар әбден үлкейсе, олар дененің сыртына шыға алады (әрекетсіздік). Ішкі локализацияланудағы ең көп тараған мәселе ішекті босату кезінде геморройлық түйіндерден қан кету болып табылады.
• Сыртқы геморройлық түйіндер анал тесігінен тыс жерде орналасқан. Олар дефекациядан кейін жеке гигиенаны сақтауда қиындықтар тудыруы мүмкін. Сыртқы геморрой аймағында қан түзілу кезінде бұл аймақ қатты ауырады (сыртқы геморрой тромбозы).


Симптомдары

Әдеттегідей, геморройлық түйіндер тромбоз түйіндерінің қалыптасу жағдайлары кезінде ауыртпайды.

Ең жиі кездесетін симптомдары:

• Тік ішектен ауыртпай ашық-қызыл дақтар пайда болады.
• Анал тесігі аумағында қышы сезімі мазалайды;
• Айналшықтағы ауырсыну, әсіресе отырғанда
• Ішті босатқанда ауырсыну
• Айналшыққа жақын орналасқан бір немесе одан да көп тығыз түйіндердің пайда болуы


Диагностикасы

Көптеген жағдайларда диагноз қою үшін дәрігер тік ішек аумағын тексереді. Бұл сыртқы геморройлық түйіндер кезінде болады.

• Диагноз қоюға мүмкіндік беретін тексеру әдістері:
• Ректальді тексеру
• Сигмойдоскопия
• Аноскопия


Емдеу

Геморройға арналған емдеу әдістері мыналар:

• Ауырсыну және ісінуді азайту мақматында құрамында кортикостероидтер (мысалы, кортизон) бар жақпа майларды пайдалану;
• Ауырсыну сезімін азайту үшін құрамында лидокаин бар жақпа майларды қолдану;
• Іш қатуды емдеу үшін іш өткізгіш дәрілерді пайдалану;

Қышуды басу үшін төменде көрсетілген амалдарды қолдансаңыз болады:

• Мақталы тығынның көмегімен зақымдалған жерге жаңғақ қайнатпасын жағыңыз;
• Мақталы іш киімін киіңіз.
• Парфюмерлік дәретхана қағазын пайдаланбаңыз. Оның орнына дымқыл салфеткамен сүртіңіз.
• Зақымдалған аумақты тырнамаңыз.

Ванна қабылдасаңыз өзіңізді жақсы сезінуге мүмкіндік туады. 10-15 минутқа жылы су құйылған ваннада отырыңыз.

Егер үй жағдайында емделу оң нәтиже бермесе, дәрігерге қаралып, геморрой симптомдарын азайтуға бағытталған дәрі-дәрмектерді қолданыңыз.

Егер бұл жеткіліксіз болса, геморройлық түйіндерді (гемороходектомия) алып тастау секілді, кейбір хирургиялық процедуралар қажет болуы мүмкін. Әдетте, бұл процедура ауыр қан тоқтамай қойғанда немесе геморройлық түйін жоғалуы мүмкін болып тұрғанда, одан басқа, емдеу әдістері нәтиже бермегенде жүргізіледі.


Мүмкін болатын асқынулар

Геморройлық түйіндердегі қан тоқтамалары, тромбтардың түзілуіне соқтыруы мүмкін және түйіннің айналасындағы тіндердің атрофиясына әкелуі мүмкін. Кейде тромбтар жиналып қалған геморройлық түйінді жою үшін хирургиялық емдеу әдісі пайдаланылады.
Сирек жағдайларда ауыр қан кетуі мүмкін. Қан жоғалтудың ұзақ мерзімді нəтижесі темір тапшылығы анемиясына ұшырауы мүмкін.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Төменде көрсетілгендей жағдайлар орын алса, дәрігерге қаралыңыз:

• Геморройдың симптомдары үй жағдайында емделмесе;
• Тік ішектен қан кете. Сіздің дәрігеріңіз басқа да қан кету себептерін тексеруі мүмкін.

Келесі жағдайларда дереу медициналық көмекке жүгініңіз:

• Сіз көп мөлшерде қан жоғалтсаңыз.
• Қан кету кезінде басыңыз айналса, есіңізден тану жағдайлары орын алса.


Алдын алу

Іш қату, іш босату кезінде қатты күшенгенде, дәретханада ұзақ отырғанда геморройдың қаупі жоғарлайды. Геморройдың алдын алу үшін іш қатуды болдырмау үшін:

• Көп мөлшердегі сұйықтықтарды ішіңіз.
• Жоғары талшықты өнімдерді (көкөністер, жемістер және тұтас дәндер) қабылдаңыз.
• Талшықтың жоғары құрамымен биологиялық қоспаларды қабылдау мүмкіндігін қарастырыңыз.
• Ішектің қозғалысы кезінде стресстің жоғары болуын болдырмау үшін іш жүргізетін дәрілерді қолданыңыз.

Дереккөз: https://medlineplus.gov/ency/article/000292.htm

Синонимдер:

Тік ішектік түйіндер; Геморрой; Тік ішектегі қатпарлар.