Мазмұны

Жалпы ақпарат

Жатыр анатомиясы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Жатыр фибромиомасы – әйелдердің жатырында пайда болатын ісік. Бірақ бұл ісік аса қауіп тудырмайды.

Жатыр анатомиясы
468
Жатыр – әйелдердегі өндірістік жүйенің бір бөлігі болып саналады. Бұл мүше алмұрт тәрізді болып келеді, онда - ұрық дамиды. Жатыр – қуық пен тік ішектің арасында, кіші жамбас қуысында орналасқан.
Жатыр мойындығы – жатырдың төменгі бөлігінде орналасқан, тарылған жері. Жатырдың кең бөлігі, мойындықтың үстіңгі жағында орналасқан, оны – жатыр денесі дейді. Жатырдың күмбез тәрізді жоғарғы бөлігі - жатырдың түбі деп аталады. Жатырдан қарама-қарсы екі жақ бетінен Фаллопиев түтікшелері шығады. Олар аналық безге жалғасып тұйықталады.
Жатыр 3 қабаттан тұрады. Ішкі қабатты – эндометрий. Ортаңғы қабатты – миометрий – (бұлшықетті қабат). Сыртқы қабатты – периметрий.
Бала туу жасындағы әйелдердің әр ай сайын эндометриі жуарып тұрады, бұл жатырдың жүктілікке дайындалуына байланысты болатын құбылыс. Егер жүктілік болмаса, эндометрий қабатты сылынып, қынап арқылы қанмен араласып сыртқа шығып кетеді. Оны – етеккір (менструация) деп атайды.

Себептері
Жатыр миомасы жиі кездесетін ауру. Бала көтеру жасына жеткен әр 5 әйелдің бірі, жатыр миомасына шалдығып жатады. 50-жылдардан бері қарай әр екі әйелде жатыр миомасы кездесуде. Алайда, 20 жастағылар арасында миоманың кездесуі сирек екен.
Жатыр фибромиомасының нақты неден пайда болатынын ешкім білмейді. Мүмкін болтын себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
• Ағзадағы гармондық өзгерістер;
• Тұқым қуалайтын бұзылыстар (ауру ұрпақтан-ұрапққа жалғасады)
Миома өте кішкентай да болады, оны көру үшін микроскоп қажет етіледі. Ал кейде үлкендері де кездеседі. Тіпті миома жатырдың барлық бөлігін алып, бірнеше килограм салмаққа дейін өсіп кетеді. Миома кезінде бір түйін секілді, бірнеше түйін мазалауы мүмкін.
Фибромиома пайда болуы мүмкін:
• Жатырдың бұлшықеттік қабырғасында (миометрий)
• Жатырдың шырышты қабығының үстінде (субмукозды түйін)
• Жатырдың сыртқы қабығының үстінде (субсерозды түйін)
• Полиптің ұзын аяқшасының сыртқы немесе ішкі жағында

Симптомдары
Фибромиоманың көптеп кездесетін симптомдары:
• Етеккір аралық қан кету;
• Етеккір кезінде қатты қан ағады, кейде ұйыған қан ағады;
• Етеккір ұзақ уақыт тоқтамайды;
• Жиі зәр шығару;
• Жамбастың солқылдап ауруы және ауыр етеккір кезеңдері;
• Іштің төменгі жағында тығындалып немесе қысым болып тұрғандай сезім пайда болады;
• Жыныстық қатынас кезінде ауру сезімдері болады.
Миома көбінесе симптомсыз дамиды. Дәрігер медициналық тексеру кезінде немесе басқа да тексерулер кезінде түйіндерді анықтайды. Миома жиі өсіп тұрады және менопауза кезеңдерінде әйелдердің бойында симптомдары көрінбейді. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша, кейбір кішкене миомалар менопауза кезеңдерінде азаяды екен.

Диагностикасы
Емдеуші дәрігер жатырдағы өзгерістерді анықтау үшін, генекологиялық тексерулер жүргізеді.
Миоманы кез-келген уақытта диагностикалау оңай емес. Семірген кезде миоманы анықтау қиынға соғады. Жатырда миома пайда болғанда, дәрігер төмендегідей тексерулерді жүргізуі мүмкін:
• УДЗ – дыбыстық толқын арқылы жатыр суретін түзеді;
• МРТ – радиотолқын мен магниттің көмегімен ағзаның суретін түзеді;
• Гистеросонография – жатыр түтігінің өтпелілігін тексереді.
Қан кеткен жағдайда дәрігер төмендегідей кейбір шараларды қолданады:
• Қауіпті ісікке қарсы (эндрометрия биопсиясы) жатырдың шырышты қабының азғантай бөлігіне тексеру жүргізеді;
• Жатырды қарау (лапароскопия) үшін, ішті азғантай қылып тіліп, кішкентай түтікшені кіргізеді.

Емдеу
Емдеу әдістерін таңдау төмендегідей жағдайларға байланысты болады:
• Сіздің жасыңызға;
• Жалпы денсаулық жағдайыңызға;
• Симптомдарыңызға;
• Миоманың түріне;
• Жүктіллік жағдайыңызға;
• Кейінгі өміріңізде бала көруге қалауыңыздың болуына.
Миоманың симптомдарын емдеу мынадай жолдармен орындалады:
• Ауыр етеккір кезеңдерін бақылауда ұстау үшін жүктілікке қарсы дәрілерді қолдану;
• Жатырішілік құралдарын (ЖІҚ) орнату керек, олар, гормондардың бөлінуіне ықпал етеді, және қатты ауыру мен қан кетуін тоқтатады;
• Ауыр етеккір кезеңінен пайда болатын аққан ауруының алдын алу үшін темір препараттарын қолдану;
• Солқылдап, ұйып ауруын басу үшін ибупрофен немесе напросин секіді тыныштандырғыш дәрілерді қабылдау;
• Миомаларды қысқартуға бағытталған гормонды терапияны пайдалану (ол тек қысқа уақытта жүргізіледі)
• Динамикалық бақылау: сіз миоманың өсуін бақылау үшін, гинекологиялық тексеруден, УДЗ-дан өтесіз.
Миоманы емдеуге бағытталған хирургиялық қабылдауларға мыналар жатады:
• Гистероскопия. Жатырдың ішне өскен түйіндерді жою үшін қолданылады;
• Несеп артериясы эмболизациясы. Бұл процедура фибромиомаға баратын қанды тоқтатуға бағытталады, нәтижесінде артық түйін кішірейін, ақырында жойылады. Егер сіз болашақта бала сүйгіңіз келсе, бұл емнің ең тиімді жолы болмақ.
• Миомэктомия. Бұл ота жатыр түйініндегі миоманы жоюға бағытталады. Бұл шара да, сіз болашақта бала көргіңіз келге оң шешім болмақ. Бірақ, мұның бір айта кетерлігі, миомалық түйіндердің қайта пайда болу қаупі де болуы мүмкін;
• Гистерэктомия. Бұл жатырды жоюға бағытталған операция болып табылады. Бұл операция, егер сізге ешқандай дәрі-дәрмек әсер етпей, қабылдаған ешқандай шара оң нәтижесін бермей, ауру асқынып, бала көтеруге деген ниет жоғалған жағдайда орындалады.

Болжамы
Егер миома симптомсыз дамыса, оны емдеудің қажеті шамалы.
Егер сізде миома болса, онде жүкті болған кезде түйіндер өсе бастайды. Бұл қан айналымының күшеюі мен эстроген мөлшерінің көтерілгеніне байланысты болады. Бірақ ол ол үлкейген түйіндер, бала босанғаннан кейін, қайта қалпына келеді.

Мүмкін болатын асқынулар
Миома асқынған жағдайда мынадай жағдайлар орын алады:
• Қатты ауырады немесе қан көп аға бастайды, ол кезде жедел ота жасату қажжет болады;
• Миоманың айналып кетуі. Ол кезде хирургиялық жолмен емделуге тура келеді.
• Анемия (қанның жетіспеушілігі – қан құрамында эритроциттердің толық жиналмауы) ауыр қан кету салдарынан.
• Несеп шығару жолдарының инфекциясы: Егер миома қуыққа қысым түсірсе, оның толық босауы қйынға түседі.
• Бедеулік (кей жағдайда)
Егер сіз жүкті болсаңыз, азғантай қауіп төніп тұрса, миома мынадай асқынумен сипатталады:
• Сіз балаңызды мерзімінен бұрын босанасыз, себебі жатырда балаңызға орын жетіспей қалады.
• Егер фиброздық түйіндер туту жолдарын бекітіп алса немесе бала қауыпті жағдайда жатып қалса, сізге Кесерь тілігі операциясын жасатуға тура келеді.
• Босанғаннан кейін сізде ауыр қан кету жағдайлары орын алуы ықтимал.

Дәрігерге қашан қаралу керек
• Көп қан кеткен жағдайда немесе етеккіраралық кезеңдерде ауырсынулар мен қан кетулер күшейіп кеткен кезде;
• Ішіңізде ауыр бірнәрсе тығындалып тұрғандай сезіп пайда болғанда.

Синонимдері
Леймиома; Фибромиома; Миома; Фиброид

Ереккір кезінде ауырсыну (әйелдерде)
Етеккірден көп қан кету (әйелдерде)
Тегтер:
ісік
қан кету
іштің ауруы
гармондық бұзылытар