Ревматизм – дәнекер тіннің стрептококктық бактерияларының А тобының белгілі штаммдарымен жүйелі зақымдану нәтижесінде болатын, стрептококктық инфекциялар тудыратын, көбінесе стрептококкпен шақырылған баспадан (ангинадан) емделмегеннен пайда болатын инфекционды-аллергиялық ауру. Баспаны дұрыс емдеу ревматизмнің дамуына жол бермейді. Сондай-ақ, бұл жерде тұқым қуалау факторы да маңызды рөл атқарады.
Әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесі – жүрек зақымдалады (жүректің ревматикалық ақауы). Ревматизм артриттің симптомдарын тудырып, буындарға әсер етеді, сонымен қатар терілерге және басқа дене мүшелері мен тіндеріне де әсер етуі мүмкін. Ревматизмнен туындаған зақымданулардың көпшілігі уақытша болып табылады. Бірақ жүрек зақымдалса, ол тұрақты сипатқа ие болып қалады.