Өкпе тамырларының эмболиясы – өкпе артериясындағы қан ағысының аяқасты бітеліп қалуы. Бітеліп қалу (эмболь) артерияда қан ұйып қалғаннан, амниотикалық сұйықтық немесе май жиналып қалғаннан пайда болады.

Аяқтың терең венасына қан ұйып қалуы - өкпе артериясы эмболиясының кең таралған себебіне жатады. Аяқтың терең венасына ұйып қалған қан өкпе артериясына бағытталады да, сол жолдағы қан ағысына тығындалып қалады.

Өкпе артериясының эмболиясы өлімге апаратын ауыр жағдайларға жатады.
Өкпе артериясы эмболиясының мынадай симптомдары болады:
• Кеуде өте қатты ауырады;
• Ентігу пайда болады;
• Терек жөтел пайда болып, кеуденің ауруы күшейеді;
• Қан аралас қақырық шығады;
• Жүрек соғысында ұзақ үзілістер орын алады;
• Терлеу;
• Мазасыздану.

Өкпе артериясының эмболиясынан айығу үшін емханада, бақылауда емделу керек. Болашақта қан ұйуын тоқтату үшін, тромбтармен араластыру үшін оттегі мен антикоагулянттарды қолданады.

Тегтер:
өкпе артериясының эмболиясы
эмболияның симптомдары
тахикардия
кеудедегі ауырсыну
ентігу
қорқыныш
мазасыздану