Холестерин - организмнің көптеген маңызды функцияларына қажет болатын майдың түрі (липид). Мысалы, ол жаңа жасушалардың қалыптасуына қатысады. Холестериннің жоғары мөлшерде болуы жүрек ауруы мен инсульт қаупін арттырады.
Холестерині көп, өте майлы тағамдарды тұтынғаннан холестерин деңгейі көтеріледі. Кей жағдайда тұқым қуалайтын аурулар холестерин мөлшерінің көтерілуіне әсерін тигізеді.
Денсаулыққа пайдалы болатын диетаны ұстану, белсенділікті жоғарылату және кейде холестерин мөлшерін төмендететін препараттарды қолдану - емдік шаралары болып табылады.
Қан талдауы арқылы холестериніңіздің мөлшерін анықтауға болады. Холестерин 1 децилитрге миллиграммен өлшенеді ( мг /дл ) немесе литрге миллимоль (ммоль/ л)
Ұсынылған жалпы холестерин деңгейі 200 мг/дл-ден (5,17 ммоль/л ) аз болуы керек.
200-ден 239-ға дейін ( 5,17 – 6,18-ге дейін ) холестерин деңгейін жоғарылау деп есептейді. 240 ( 6,21 ) немесе одан жоғары болса, бұл холестериннің өте жоғары деңгейі болып саналады.
Тегтер:
холестерин
Семіздік
атеросклероз