Мазмұны
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Құрғақ кероконьюнктивит немесе Шегрен синдромы– жасты және сілекейді бөлетін бездердің бұзылуынан туындайтын аутоиммунды ауру. Нәтижесінде көз бен ауыз қуысының құрғауы пайда болады. Бұл ауру басқа да мүшелерге таралып, зақым келтіруі мүмкін, соның ішінде бүйрек пен өкпеге.
Себептері
Шегрен синдромының себебі әлі де белгісіз болып келеді. Бұл ауру аутоиммунды, яғни организмнің иммунитетті өзінің қалыпты жасушаларына шабуыл жасайды. 40-60 жастағы әйел адамдарда жиі кездеседі. Балаларда бұл синдром сирек болып тұрады.
Біріншілік Шенгрен синдромы басқа аутоиммунды бұзылыстарынсыз, тек қана көз бен ауыз қуысының құрғауымен сипатталады.
Екіншілік Шегрен синдромында басқа да аутоиммунды аурулар қосарланады, мысалы:
• Полиомиозит
• Ревматоидты артрит
• Склеродермия
• Жүйелі қызыл жегі
Симптомдары
Жиі кездесетін симптомдардың қатарына көз бен ауыз қуысының құрғауын жатқызуға болады.
Көздік симптомдар:
• Көздің қышуы.
• Көзде бөгде зат бар сияқты сезінуі.
Ауыз қуысының және жұтқаншақта болатын симптомдар:
• Тамақ жеудің және жұтынудың қиындауы.
• Дәм сезудің бұзылады
• Дұрыс сөйлеудің қиындайды
• Сілекейдің жабысқақ боп келеді
• Ауыз қуысында ойық жара пайда болып, ауырсыну сесімі мазалайды.
• Дауыс дірілдеп шығады.
Басқада симптомдарға жатады:
• Әлсіздік
• Қызба
• Білезіктің және табан түсінің өзгеруі
• Буындардың ауырсынуы және домығуы
• Бездердің домығуы
Диагностикасы
Жалпы қарап тексеруде ауыз қуысының және көздің құрғауы байқалады. Ауыз қуысының құрғауынан ойық жаралар пайда болуы мүмкін.
Сізде келесі зерттеулер жүргізілуі мүмкін:
• Ширмен тестті – жастың бөлінуін анықтау.
• Антинуклеарлы антиденелерге қан талдауын өткізу.
• Сілекей бездеріне биопсия жасату.
• Ревматоидты факторды тексеру
• Жастық тест
• Жарықпен көзді қарау
Емделуі
Емдеудің мақсаты – аурудың симптомдарын жою болып табылады.
• Көздің құрғақтығын емдеу үшін көзді майлап тұратын, жасанжы жас, жақпа май немесе циклоспориндер қолданылады.
• Жас көздің беткі қабатында қалуы үшін, дәрігер жастық каналды бітеп қоюы мүмкін.
Ауруды-модифицирлеуші препараттар – ревматоидты артрит кезінде дайындалады, сонымен қатар Шегрен синдромында да пайдаланады. Бұл топқа - ісікті некроздаушы факторлы тежегіштер Энбрел, Хумира немес Ремикейдті жатқызуға болады.
Үйде қолданылатын, симптомдарды басуға көмектесетін әдістер:
• Күні бойы суды көп ішіңіз.
• Қантсыз резинканы шайнаңыз.
• Ауыз қуысына құрғақтық әкелетін дәрілерді қабылдамаңыз, мысалы, антигистаминдік және қақырық түсіретін препараттар.
• Алкогольді ішімдік қабылдауға болмайды.
Тіс дәрігеріне барып келесі сұраққа жауап іздеңіз:
• Тістің минералды заттарын қалпында ұстау үшін ауыз қуысын жуатындарды пайдалануға бола ма?
• Сілекейдің орнын басатындар бар ма?
• Сілекейді өндірілуін жоғарлататын препараттар бола ма?
Ауыз қуысының құрғауына байланысты тістің зақымдануының алдын алатын әдістер:
• Тісті жіп арқылы жиі тазалап тұру.
• Тіс дәрігерінің қарауында жиі болу: ауыз қуысының және тістің тазалығы бойынша.
Болжамы
Ауру адам өміріне аса қауіпті болып саналмайды. Болжамы сіздің қай аурумен ауырғаныңызға байланысты әрине.
Шегрен синдромының белсенді сатысында лимфоманың даму қауіп-қатері жоғары болып саналады.
Асқынулар
• Көздің зақымдануы
• Тіс кариесі
• Бүйрек жеткіліксіздігі
• Лимфома
• Өкпелік инфекция
• Васкулит
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс Шегрен синдромының бастапқы симптомдары біліне бастағанда дәрігерге барыңыз.
Тегтер:
Сілекей бездері
Көз аурулары
Қышыну