Склеродермия – бұл сирек кездесетін ауру. Терінің белгілі бір аумағы, буындар және қантамырлар зақымдалып, талшықты дәнекер тінге айналады. Сонымен қатар ішкі мүшелер де зақымдалып, жүрек, бауыр және өкпе жеткіліксіздігіне әкеліп соқтырады немесе басқа да өмірге қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.
Склеродермияның симптомдары: тері қалыңдайды, буындар ауырсынады және қимыл берсенділігі төмендейді, жұтыну қиынға соғады, саусақ бастары тырысып, ағарып немесе көгереді. Егер ауру өршіп немесе басқа да өмірге маңызды ағзаларды зақымдайтын болса, бұдан да ауыр симптомдары пайда болуы мүмкін.
Склеродермия көбінесе орта жастағы әйелдерде болады. Оның нақты себебі әлі анықталмады, бірақ болжам ретінде аутоиммунды ауру, яғни өзіннің имммунды жүйесі өз жасушаларын зақымдағаннан пайда болады деп тұжырымдалуда. Бұл ауруға қарсы қазірше дәрі-дәрмек те жоқ, бірақ емделу арқылы симптомдарын болдырмауға мүмкіндік бар.
Тегтер:
Склеродермия
Жүйелік аурулар
Терінің зақымдануы
Буынның зақымдануы
Дәнекер тінінің зақымдануы
Жүйелік склероз