Мальабсорбция синдромы – асқазан-ішек жолдарындағы қанға қоректі заттарды, дәрумендерді, минералды заттарды сіңіру қабілетінің бұзылысы.

Оның мынадай себептері болуы мүмкін:
• Белгілі бір асқорыту ферменттерінің болмауы немесе төмендеуі.
• Ұйқы без ауруы, соның ішінде фиброзды-кистоздық дегенерация.
• Паразиттермен шақырылған аурулар, соның ішінде лямблиоз, гельминтер, амебиаз.
• Асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасының өзгерісі.
• Асқазан-ішек жолдарының өзі-өзінің зақымдауы, соның ішінде глютенді ауру.
• Операция салдарынан асқазан-ішек жолдары ұзындығының өзгеруі.
• ЖИТС (Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы).

Симптомдары:
• Газ бөліну, іштің кебуі, іш қуысындағы жағымсыз жағдай.
• Іш өту және сасық нәжіс.
• Әлсіздік.
• Дене салмағының төмендеуі.

Сіздің дәрігеріңіз сіздің жалпы жағдайыңызға қарап, себепті анықтап, ем тағайындайды. Емделу үшін арнайы диета ұстап, құрысуды жазатын және асқорыту ферменттерінің орнын басатын медикаментозды қабылдап, ақуызды-минералды қоспаны, соның ішінде B12 және темірді қолданса болады.

Тегтер:

асқазан-ішек жолы
жиі іш өту
дене салмағының төмендеу
диета
іштің ауаға толуы