Бауыр – адам ағзасындағы ең ірі мүше болып табылады. Ол іш қуысының оң жақ қабырға астында орналасады.
Бауыр екі бөліктен тұрады. Оның оң бөлігі үлкен, ал сол бөлігі кішілеу.

Бауыр ағзадағы өте маңызды қызметтерді орындайтын мүше. Ол - қанды улы заттардан тазарту қызметін атқарады. Сонымен қатар, бауыр асты қорытуға ферменттер мен өтті синтездейді. Сонымен бірге бауыр аш ішекте сіңген тамақ өнімдерін, зат алмасуға, өсуге, дамуға керекті өте майда өнімдерге дейін синтездейді. Бауыр екі қантамыр арқылы қанданады. Оның ішінде негізгісі – бауырдың қақпа көктамыры болса, екіншісі – бауыр күретамыры болып табылады.

д

Тегтер:
Бауыр
Ферменттер
Өт
Қақпа көктамыры