Мазмұны
Синонимдері
Кіріспе
Адам папилломасының вирусы (АПВ) – бұл сүйелдердің пайда болуына ықпал ететін кең таралған вирустар тобы. АПВ-ның жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30-ға жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, ол осы инфекциясы бар адаммен қатынаста болғанна жұғады. Олар қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып екіге бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпі бар АПВ жыныс мүшесіндегі сүйелдердің шығуына себеп болады. Жоғары онкогенді қауіпі бар АПВ қатерлі ісіктің, жатыр мойнының, сарпайдың, қынаптың және айналшықтың (анус) қатерлі ісіктерін тудыруы мүмкін. Ерлерде, жыныс мүшесі мен айналшықтың қатерлі ісігінің туындауына себеп болады.
Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, кей біреулерде симптомдары болмауы да мүмкін. Сіздің жеке дәрігеріңіз сүйелдерді емдеуі де немесе алып тастауы да мүмкін. Әйелдерде Папаниколау жұғындысы бойынша - (Pap-test), қатерлі ісікке шалдықтыратын жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауға болады.
Мүшеқапты дұрыс қолдану АПВ-ның таралуын толық жоймаса да, жұғуын, таралуын едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен де.
Жыныс мүшесіндегі сүйелдер
Жыныс мүшесіндегі сүйелдер теріде және жыныс мүшесінің шырышты қабатында жұмсақ өспе болып көрінеді. Олар еркек жыныс мүшесінде, сарпайда, үрпіде, қынапта, жатыр мойнында, айналшықтың маңында және ішінде болуы мүмкін.
Жыныс мүшесіндегі сүйел – жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жатады (ЖЖБИ).
Себептері
Жыныс мүшесіндегі сүйелді шығаратын вирус - адам папилломасының вирусы (АПВ) деп аталады. АПВ-ның 70-тен астам түрі бар. Олардың кейбірі жатыр мойнының өзгерістеріне, қатерлі ісігіне және айналшықтың қатерлі ісігіне апаруы мүмкін. Бұл жоғары онкогендік қауіпті АПВ. АПВ-ның барлық түрлері жыныс мүшесіне шығатын сүйелге себеп бола бермейді. АПВ-ның кейбір түрлері дененің басқа жеріндегі, мысалы, қолдағы сүйелдің шығуына себеп болуы мүмкін.
Бұл мақала жыныс мүшесіне шығанытын сүйелдерге қатысты.
Жыныс мүшесіндегі сүйелдер –жиі кездесетін ауру. Адамдардың көпшілігінде қандай да бір симптомдар болмайды. Әйелдерде жыныс мүшесіндегі сүйелдер қынаптың шырышты қабатына, қынап қабырғасына және жатыр мойнына таралуы мүмкін. Оларды арнайы диагностикалық шаралардың көмегінсіз анықтау қиын.
АПВ туралы маңызды мәліметтер:
• АПВ-инфекция бір адамнан келесіге жыныстық қатынаста жұғады. Байқаңыз сіз АПВ-ның симптомдарын білмей, оны басқаларға жұқтырып, таратып жүруіңіз мүмкін.
• Жұқтырғаннан кейін, сізде 6 аптадан 6 айға дейін сүйелдер байқалмауы да мүмкін. Кейде оның алғашқы белгілері бірнеше жылдан соң байқалып жатады.
• АПВ бар адаммен жыныстық қатынасқа түскен кез-келген адамның жыныс мүшесіне сүйелдер жұға бермейді.
АПВ жұқтыру немесе тарату қаупі келесі жағдайларда артады:
• бірнеше адаммен жыныстық қатынаста болу;
• ретсіз жыныстық қатынас;
• жыныстық қатынасты ерте жаста бастау;
• ішімдік ішу және темекі шегу;
• вирустық инфекция ұшық (герпес) сияқты болуы мүмкін, ол ұзақ уақыт бойғы күйзеліс ұрындырады;
• жүктілік
• дәрі қабылдау салдарынан немесе ұзақ аурудан кейінгі иммунитеттің төмендеуі.
Баланың жыныс мүшесінде сүйелдер болса, осы ауруға себеп болатындай жағдайды тексеріңіз, біреу оны зорлап қоюы да мүмкін.
Симптомдары
Жыныс мүшесіндегі сүйелдер кейде өте шағын болады, тіпті олар көзге де көрінбеуі мүмкін.
Сүйелдердің түрі келесідей болады:
• жалпақ, тері түсті шеті көтеріңкі дақтар,
• тері түзілістері, жоғарғы жағы түрлі-түсті қырыққабатқа ұқсас
Әйелдерде жыныс мүшесіндегі сүйелдер былай анықталады:
• Қынаптың немесе айналшықтың ішінде;
• қынап пен айналшықтың маңында
• жатыр мойнында.
Ерлерде үшкір кондиломалар былай анықталады:
• Еркек жыныс мүшесінде
• Ұмада
• шап жақта
• Бөкседе
• айналшықтың ішінде немесе маңында.
Үшкір кондиломалар былай да кездесуі мүмкін:
• ерінде
• ауыз қуысында
• тілде
• көмейде.
Басқа симптомдары сирек кездеседі, олар:
• сүйел шоғырланған жерде жыныстық ағзалар ылғалданады;
• қынаптан сұйықтық көп бөлінеді;
• жыныстық мүшелері қыши береді;
• жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін іншектен қан кетуі.
Диагностика
Диагнозды қою үшін дәрігер науқасты қарайды.
Әйелдерде гинекологиялық тексеруден өту керек. Көзге көрінбейтін сүйелдерді анықтау үшін кольпоскопия қолданылады. Дәрігеріңіз тексеру кезінде сүйелдерді оңай табу үшін әлсіз сірке су қышқылының ерітіндісін қолданады.
Шырышты қабат АПВ-мен зақымданғанда Папаниколау (Pap test) бойынша жұғындыны қолданған дұрыс болады. Егер Paptest нәтижесі бойынша өзгерістер болса, өзгерістерді бақылау үшін осы тексеруді жиі өткізу қажет.
ДНҚ мен анализге талдау жасау АПВ-нің түрін анықтауға көмектеседі, мысалы: сізде вирустың қай түрі бар, ол қандай белгі береді, айта кетерлігі, жатыр мойнының қатерлі ісігін жоғары онкогенді АПВ туындатуы мүмкін.
Мына талдаулар орындалуы мүмкін:
• 30 жастан асқан әйелдерді скринингтік талдау ретінде
• кез келген жастағы әйелдерде, Папаниколау (Paptest) бойынша жұғынды оң болса.
Емдеу
Жыныс мүшесіндегі сүйелдерді (үшкір кондиломалар) дәрігер емдеуі тиіс. Сүйелдердің басқа түрлерін емдейтін дәрілік препараттарды қолдануға болмайды.
Емдеуге кіреді:
• дәрігердің кабинетінде зақымданған теріні өңдеу;
• дәрігеріңіз тағайындаған дәрілермен үйде аптасына бірнеше рет емделу.
Рецептуралық дәрілік препараттар:
• Имиквимод (Алдара)
• Подофиллин, Подофилокс(Кондилокс)
• Үшхлорсірке қышқылы (ТУК)
Сүйелдерді хирургиялық жолмен де алып тастауға болады:
• Криохирургиямен
• Электрокаутеризациямен
• Лазерлік жоюмен
• Хирургиялық тілумен.
Егер сізде үшкір кондиломалар болса, жыныстық қатынас жасайтын барлық серіктестеріңіз дәрігерге көрінуі тиіс, сүйелдер болса, қажетті ем алуы керек. Симптомдар болмаса да, аурудың асқынуының және таралуының алдын алу үшін ем қабылдау қажет.
Емдеу курсынан кейін емдеудің әсерін тексеру үшін дәрігеріңізбен қайта кеңесіңіз.
Бұл аурумен ауырған әйелдер Папаниколау (Paptest) бойынша жұғындыны кезең-кезеңімен тапсырып, тұрақты тексеріліп тұруы қажет. Егер серіктесінің жыныс мүшесіне сүйелдер қаптаса, осы тексеруден ұдайы өткені дұрыс.. Егер жатыр мойнында сүйел болса, Папаниколау (Paptest) бойынша жұғындыны алғашқы емдеу курсынан кейін әр 3-6 ай сайын тапсыру қажет.
АПВ жұқпасынан туындаған қатерлі ісік алды өзгерістері анықталған әйелдерге ұзақ уақыт емделу қажет болады.
Болжамы
Көптеген жыныстық қатынаста белсенді жас әйелдер АПВ жұқтырады. Көбінесе, АПВ өздігінше де кетеді.
АПВ жұқтырған ерлердің көпшілігінде аурудың қандай да бір белгісі болмауы мүмкін. Дегенмен, олар кейде қазіргі немесе болашақ жыныстық қатынастағы серіктестеріне жұқтыруы мүмкін.
Тіпті үшкір кандиломадан емделгеннен кейін де, адам кейін басқаларды осы аурумен зақымдауы мүмкін.
Мүмкін асқынулары
АПВ кейбір түрлері жатыр мойнының және сыртқы жыныстық ағзалардың қатерлі ісігінің негізгі себебі болуы мүмкін.
Жыныс мүшесіндегі сүйелдерді туындататын АПВ-ның түрлері, жыныстық мүшенің, айналшықтың қатерлі ісігін туындататын түрлерінен өзгеше де болуы мүмкін.
Дәрігерге қашан көріну қажет
Дәрігерге хабарласыңыз, егер:
• қазіргі немесе бұрынғы серіктесіңізде кондиломалар болса.
• сыртқы жыныстық мүшелерде көрінетін сүйелдер болса, қышу немесе қынаптан ауытқулы яки өтпелі қан кетуі болса. Есте сақтаңыз, жыныс мүшесіндегі сүйелдер инфекция жұқтырған серіктеспен қатынасқа түскеннен кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін көрініс бермеуі мүмкін.
Баланың жыныс мүшесінде сүйелдер бар болса, Папаниколау (Paptest) бойынша жұғындыны әйелдерге тек 21 жастан кейін ғана қолдануға болатынын ұмытпаңыз.
Алдын алу
Жыныс мүшеңізде сүйелдер болмағанын қаласаңыз, ондай сүйелі бар адаммен қатынаста болмаңыз. Сіз тек бір адаммен ғана жыныстық қатынас жасап жүрсеңіз, онда бұл сүйелдердің талау қаупі сейіледі.
Ерлердің де, әйелдердің де мүшеқаптары толық қорғаныш емес. Себебі, вирус немесе сүйел мүшенің түп жағында болуы мүмкін. Бірақ, сіз бәрібір мүшеқаптарды қолдануыңыз керек, себебі, олар АПВ және басқа ЖЖБИ жұқтыру қаупін азайтады. АПВ адамнан адамға сүйел немесе басқа көрінетін симптомдар болмаса да жұғады. Қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдау АПВ жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.
Әйелдердің жатыр мойны қатерлі ісігін туындататын АПВ-ның төрт түрінен қорғайтын екі түрлі вакцина бар.
Вакцинаның бірінші түрі үш рет егіледі. 9-26 жастағы қыздар мен әйелдерге арналған.
Екінші түрі ұлдар мен ерлерді жыныс мүшесіне шығатын сүйелдерден қорғайды. Бұл вакцина да үш рет егіледі. 9-26 жастағы ұлдар мен ерлерге арналған.
Дәрігерден АПВ қарсы вакцинасы сізге жарамды болатындығы туралы сұраңыз.
Синонимдері
Үшкір кондиломалар; жыныстық мүшенің сүйелдері; адам папилломасының вирусы (ВПЧ); Венерологиялық сүйелдер; жыныстық жолмен берілетін аурулар - сүйелдер; ЖО-АПВ; АПВ кезіндегі төмен дисплазия; ТО-АПВ; АПВ кезіндегі жоғары дисплазия.
Sources: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/hpv.html
http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000886.htm
Тегтер:
Үшкір кондиомалар
Адамдағы сүйел вирусы
Папаниколау жұғындысы