Қолмен ауыр жұмыс істегеннен кейін, қолдарыңыз әлсіреп қалғандай болады. Ондай жағдайда жұмысты тоқтатып, басқа іс-әрекетке көшіңіз немесе үзіліс жасаңыз, сол кезде ғана ауру симптомдары бәсеңдейді немесе басылуы да мүмкін.
Әлсіздік ісіктің әсерінен де болады. Ісік тарқағанда, іс қимылдар өз қалпына келеді.
Саусақ, қол, білетің әлсіреуі денсаулығыңыздың басқа да жағдайларымен байланысты болуы мүмкін.
• Тендинит – тендиноз симптомы (сіңір маңындағы немесе ішіндегі, байланысу тіндерінің микрожарылыс топтамалары). Зақымданған сіңірлердің, микрожарақаттарының симптомдарынан сезімталдық пен ауырсынулар пайда болады, сонымен қатар жарақаттанған жерлер әлсіреп, тала бастайды.
• Остеоартрит – буындарды қорғайтын тіндердің жылдам бұзылуы (шеміршек). Оның әсерінен ебедейсіздік немесе қозғалыс кезінде ауырсыну пайда болады.
• Білек арнасының синдромы. Білектің ортаңғы нервтерінің қысылуы себебінен пайда болады. Симптомдары: шаншу, ұйю, әлсіздік немесе саусақтардың ауыруы сондай-ақ блезіктің ауырсынуы.
• Дюпюитрен ауруы – алақанның, сирек кездерде табан терісінің астындағы тіндерінің шамадан тыс жуаруы. Жуарған тері және сіңірдің әсерінен саусақ қимылдай алмай, ақырында саусақтарды бүгу мүмкін болмай қалады.
• Де Кервен ауруы - бас бармақ сіңірінің және сіңір қынабының ісінуі және қабынуы. Де Кервен ауруының нақты себебі анықталмаған. Бұл ауру білектен немесе сіңірден алған жарақаттан, білек немесе бас бармақтың арқылы ылғый жасалатын іс қимылдан (мысалы, тоқу , кір сығу, ауыр затты көтеру) пайда болуы мүмкін.
Тегтер:
тендинит
остеоартрит
білезік арнасының синдромы
Дюпюитр ауруы
Де Кервен ауруы