Онкологиялық аурулар туралы түсінік.

Ісіктердің даму сатысы

Дарігерлер кейде төменгі дәрежелі (І дәреже)және жоғарғы дәрежелі (ІV дәреже) ми ісіктерінің деңгейін топтастырып қарастырады. Рак клеткаларын микроскоппен зерттеу арқылы , ісіктің даму дарежесін анықтауға болады. Жоғарғы дәрежедегі ісік клеткалары өзгеше түрге еніп, төменгі дәрежелі ісік клеткаларына қарағанда тезірек өседі.

Бастапқы ми ісіктері
Ми тіндерінде дамитын ісіктерді - бастапқы ми ісіктері деп атайды. (Қайталама ми ісіктері туралы ақпарат келесі бөлімде) Бастапқы ми ісіктерінің аттары пайда болған клеткалары мен ми бөлігтеріне байланысты аталады. Кең тараған бастапқы ми ісігінің түрін глиома деп атайды. Ол глиалды жасушада пайда болады. Глиома көп түрге бөлінеді:
Астроцитома - глиома жасушаларында, жұлдызша тәрізді пайда болатын астроцито деп аталатын ісік түрі. Ересек кісілерде астроцитома мидың жартышарында жиі дамиды. Балаларда, олар ми жасушасында, ми жартышарында, мишықта кездеседі. ІІІ дәрежелі астроцитома кейде анопластикалық астроцитома деп аталады. ІV дәрежелі астроцитоманы әдетте көп формалы глиобластома деп атайды.
Ми глиомасы – мидың төменгі бөлігінде дамитын ісік. Бағаналы жасушадағы глиома көбінесе кішкентай балалар мен орта жастағы ересектерде кездеседі.
Эпендимома – мидың қатпарларына немесе жұлынға түскен жасушада дамитын ісік. Мұндай ісіктер көбінесе балалар мен жас жеткіншектерде кездеседі.
Олигодендроглиома – Нерв жүйелерін қорғайтын және май құрамдас заттармен қамтамасыз ететін жасушаларда дамитын, сирек кездесетін ісік түрі. Мұндай ісіктің түрі әдетте, мидың жарты бөлігінде кездеседі. Олар өте баяу өседі және өзге ми тіндеріне таралмайды. Көбінесе орта жастағы, ересек адамдарда пайда болады.

Ми ісіктерінің кейбір түрлері глиал жасушаларында басталмайды. Олардың ең көп тарағандары:
Медуллобластома – Бұл ісік мишықта дамиды. Ол балалар арасында өте жиі кездесетін ми ісігіне жатады. Кейде қарабайыр нейроэктодермалы ісік деп аталады.
Менингиома – Бұл ісік әдетте ми қабығында дамиды. Өте баяу өседі.
Шваннома – Шваннома клеткаларынан дамиды (лемоциттер). Бұл тепе- теңдікті және есту жүйесін бақылаушы нервтерді жауып тұратын клеткалар. Бұл нерв құлақтың ішінде орналасқан. Кейде ісікті акустикалық неврома деп атайды. Әдетте ересек адамдарда жиі кездеседі.
Краниофарингиома – бұл ісік ми негізіндегі гипофиздің жанында өседі. Бұл ісіктің түрі көбінесе, балаларда кездеседі.
Эмбриональді-клеткалы ми ісігі – Эмбрионалды клеткадан пайда болатын ісік. Эмбрионалды-клеткалы ми ісігінің түрі 30 жасқа дейінгі адамдарда көптеп кездеседі . Кең тараған Эмбрионалды-клеткалы ми ісігінің түрі герминома деп аталады.
Домбыққан бездің айналасындағы ісік – Бұл домбыққан бездің ішінде немесе қасында дамитын , сирек кездесетін ми ісігі болып табылады. Домбыққан без ми бөліктерінің арасында және мишықта орналасқан.

Екінші сатылы ми ісіктері
Қатерлі ісік жайылу барысында дененің басқа бөлігіне шаппай, өзінің ауытқыған (аномальный) жасуша торлары (клеткалары) сол қалпында қалса, оны бастапқы, (біріншілікті) ми ісіктері деп атайды. Ал сол қатерлі ісік (рак) дененің басқа жерлерінен миға шапса , ол бірінші сатылы ми ісіктеріне жатпайды. Егер, қатерлі ісіктің тор көздері (клеткалары) миға дененің басқа бөліктерінен (мысалы, өкпеден немесе сүт безінен) келсе, дәрігерлер бұл ісікті екіншілікті немесе метастатикалық ісік деп атайды. Екіншілікті ми ісіктері бастапқы ми ісіктеріне қарағанда әлдеқайда көптеп кездеседі.

Ми ісіктері: қаншалықты қауіпті?
Мидағы қатерлі ісіктердің қайдан пайда болатынын ешкім нақты айта алмайды. Дәрігерлер кейбіреулерде ісіктің дамып, енді біреулерде дамымай сол қалпында қалуын әлі күнге дейін толық түсіндіріп бере алмайды. Белгілісі, ми ісіктері – жұқпалы емес. Бұл ауру басқа сау адамдарға жұқпайды. Зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, егер адам белгілі бір қауіпті факторлармен зақымданса, ми ісіктері соларда пайда болуы мүмкін. Адамның асқынған ауруларының барлығы – қауіпті факторларға жатады.
Бастапқы ми ісіктерінің асқыну салдарынан мынадай қауіпті факторлар туындауы мүмкін:
• Жынысқа қарай – жалпы ми ісіктері әйелдерден гөрі, ерлерде өте көп кездеседі. Негізі менингиома әйелдерге бейім.
• Нәсілге қарай – ми ісіктері басқа нәсілдермен салыстырмалы түрде қарағанда ақ түстілерде көп кездеседі.
• Жасына қарай – бастағы ми ісігі көбінесе 70-тен асқан кісілерде кездеседі екен. Ал екінші орында балалардың онкологиялық аурулары тұр (Лейкемия балалардың жиі ұшырайтын қатерлі ісік ауруы). Ми ісігі 8 жастан кіші балаларда көптеп кездеседі екен, одан жоғарыларға қарағанда.
• Отбасында – жанұялы адамдар глиомадан зардап шегіп жатады. Бұл ауру дамып кетсе, өте қауіпті.
Радиация немесе жұмыстағы белгілі бір химиялық заттың әсерінен:
• Радиация – ядролық бөлшектер бар өнеркәсіптерде істейтіндерде ми ісігінің дамып кету қаупі бар.
• Формальдегид – потологанатомдар және балзамдаушы мамандар, фармальдегидпен жумыс істейтіндерде қатерлі ми ісігіне ұшырау қаупі басым. Ғалымдар формальдегидтерде кездескендегідей, басқа саланың жұмысшыларынан ми ісігі ауруын кездестірмеді.
• Хлорлы винил – пластик жасайтын жумысшылар, хлорлы винильдің әсеріне тап болып жатады. Бұл химиялық зат, бастағы ми ісігінің даму қаупін тудырады.
• Акрилонитрил – тоқыма және пластик шығаратын өнеркәсіптерінде жумыс істейтіндер акрилонитрилдің әсеріне ұшырайды. Бұл олардың бастарында ми ісігінің пайда болу қаупін күшейтеді.
Ғалымдар қалта телефондары ми ісіктерінің дамуына себепкер бола ма деп, тексеріп көрген. Зерттеу нәтижесінде телефонның залалсыз екені анықталды.
Ғалымдар бастың жарақат алуы, ми ісіктерінің пайда болуына себепкер болуы мүмкін бе деп, тексеріп жатыр. Бірақ осы уақытқа дейін, мұндай себеппен ми ісігі пайда болған адам кездеспеді.
Бұл қауіпті факторларға жатқызатындардың барлығы бірдей ми ісігі ауруымен ауырмайды. Бір жағынан науқастардың көпшілігі қауіпті факторлардың әсерінен ауырмаған. Кейбір жандар тіпті ондай қауіпті факторларға жоламаған да, ең жақсысы, мұндай мәселелер төңірегінде дәрігеріңізбен сөйлескеніңіз дұрыс. Дәрігер сіздің алдағы өміріңізде, ми ісігінің пайда болу қаупін қалай алдын алу керектігін айтып, сізің денсаулығыңызға қарай жүйелі график құрып бере алады.

Симптомдары
Ми ісігінің белгілері оның көлеміне, түріне, оқшаулауына қарай байқалады. Оның симтомдары: жүйке жүйесі ісіктің әсерінен қысылады немесе мидың белгілі бір жері зақымдананады. Сондай-ақ ми күп болып ісіп, бас сүйектің қуысына сұйықтық жинала бастайды. Ми ісігінің көп кездесетін симптомдары мынадай:
• Бас ауырады (әсіресе таң ертеңгісін сырқырайды);
• Жүрек айниды немесе қусады;
• Сөйлеуі, көруі, естуі нашарлайды;
• Тұрақты жүрісінен және тепе-теңдігінен жаңылады;
• Көңіл-күйі құбылып, өз-өзіне сенімділігі жоғалады;
• Жады нашарлайды;
• Бұлшық еттері дірілдеп, тырысып қала береді (пароксизм немесе конвульсиялар) пайда болады;
• Қол немесе аяқ ұйып, шаншиды.
Бірақ бұл тек қана ми ісіктерінің симптомдары болмауы мүмкін, себебі мұндай белгілер басқа жағдайларда да кездесе береді. Сол үшін кімде осындай белгілер байқалса, тез арада дәрігерге қаралғаны дұрыс. Тек дәрігер ғана диагнозды анықтап, дәрілер жазып бере алады.

Диагностика
Адамда ми ісігінің симтомдары байқалып, осы зардапқа тап болғандығын сезсе, оған дәрігер мынадай бірнеше емдік шараларын ұсынады:
• Тексеру - дәрігер жалпы жағдайды тексереді.
• Жүйке жүйесін тексеру – дәрігер аурудың зейіндік дәрежесін, бұлшық етке үйлесімділігін, рефлекстері мен реакциясын анықтайды. Сондай-ақ дәрігер ісіктің өзегіне қарайды, себебі жүйке жүйесінің қысылуы ісіктің негізгі өзегіне байланысты.
• Компютерлік томография (КТ) – компютерге жалғанған рентген құрылғысының көмегімен бас бейнелерінің сериясы түсіріледі. Сапалы ми бейнелерді алу үшін науқасқа арнай контрасты екпелер жасау керек. Бейнелер ми ісіктерінің суреттерін көрсетуі мүмкін.
• Магнитті ядролық резонанс (МЯР) – компютерге жалғанган мықты магнит дененің ішкі, жеке бөлігін түсіріп бере алады. Бұл бейнелерді монитардан көріп, ары қарай басып шығаруға болады. Кейде арнай контрасты заттар ми тіндерінен бөлектеніп көрінеді. Сондықтан бейне арқылы ісікті немесе мидағы басқа проблемаларды да көруге болады.

Дәрігер басқа да емдік шараларды тағайындауы мүмкін.

• Ангиограмма - контрасты заттар қанға еніп, ми тамырларына түседі, сосын оны рентгенограммадан көрсетеді. Ісік болған жағдайда, дәрігер оны рентген түсірмесінен көре алады.
• Сүйек рентгенограммасы – кейбір ми ісіктері, мидағы кальциді жойып, бас сүйекті өзгерте бастайды. Рентгнограмманың көмегімен дәрігер осы өзгерістерді анықтайды.
• Жұлын пункциясы – дәрігер жұлын сұйықтығынан алуы мүмкін ( жұлынның, мидың айналасын толтырып тұратын сұйықтық ). Бұл емдік шара жергілікті анестезия (ауруын басу) кезінде жүзеге асырылады. Дәрігер жұлын каналынан сұйықты алу барысында, ұзын, жіңішке инені қолданады. Жұлын пункциясы 30 минут уақытты алады. Науқас басы ауырмас үшін, пункциядан кейін бірнеше сағат жату керек. Кейін зертханада сұйық құрамында рак клеткалары мен басқа да аурулардың белгілері бар-жоқтығы анықталады.
• Мелиограмма – бұл жұлынның рентгенологиялық тексерілуі. Арнай контрасты заттарды жұлын сұйықтығына енгізу үшін жұлын пункциясы жүргезіледі. Науқас контрасты заттар мен жұлын сұйықтығы араласу үшін біраз уақыт еңкейе тұрады. Бұл дәрігерге жұлында ісіктің бар-жоқтығын білуге көмектемеді.
• Биопсия – ісік клеткаларын тіндерден жою, биопсия деп аталады. Потологанатомдар микроскоппен жасушаларды қарай отырып, аномальды жасушаларды анықтайды. Биопсия рак жасушаларын, тіндердің ракқа айналудағы өзгерісін, сондай-ақ басқа да жағдайларды анықтауға көмектеседі. Биопсия ми ісікері диагнозын анықтаудағы бірдені-бір, сенімді жол.

Ісікті жасушалардағы тіндерді хирургиялық жолмен анықтаудың 3 жолы бар.

Инелі биопсия. Инелі биопсия жасаған кезде хирург бас терісін тіліп, бас сүйекті аздап бұрғылайды. Бұл трепанационды бұрғылау (трепанационным отверствием)деп аталады. Дәрігер инемен трепанационды бұрғылау арқылы ми ісігіндегі тіннің үлгісін алады.
Стереоактикалық биопсия . Бұл құрылғы суреттер алу үшін керек болады. Мысалы компютерлі томография немесе МЯР сияқты , ине типанационды бұрғылау арқылы, қажетті нысанға барғанда, ісіктің жай-күйінің түсірілімін жасайды. Хирург именің көмегімен тіннің үлгісін алады.
Емделу кезіндегі биопсия. Кейде хирург ісікке ота жасау кезінде тіннің үлгісін алады.
Кейде биопсияны алу мүмкін емес. Егер ісік ми ұңғымаларына орнықпаса, сондай-ақ бассқа жерлерге де жайылмаса, ми тіндері зақымдалмаса, хирург ісік тіндерінің үлгісін ала алмайды. Ол кезде дәрігер қажетті суреттерді алу үшін МЯР немесе КТ сияқты басқа тексеру жолдарын қарастырады.

Емделу.
Мидың қатерлі ісігіне ұшыраған көптеген науқастар, онымен күресі үшін медициналық күтім қабылдауға бар ынтасымен кіріседі. Олар ауруынан сақайып кету үшін емделудің барлық нұсқаларын білгісі келеді. Алайда, кебіреулерге «рак» деп диагноз қойғанда, әбіржіп, мазасызданады, қалыпты тексерулерге кедергі жасап, өзін мазалаған барлық сұрақтарды дәрігерге қоя береді. Барлық сұрақтарды дәрігерге қоя бергеннен, бұл мәселе шешіле кетпейді. Дәрігердің айтқандарының бәрін есте сақтап алу мүмкін емес, сондықтан одан диктафон қолдануға руқсат сұрап алыңыз. Кейбір науқастар дәрігермен сөйлесу барысында мәселені нақты түсініп алу үшін туыстарын немесе досын қатыстырады.

Дәрігер науқасты арнайы маманға жібереді, немесе науқас өзі сұранып баруына да болады. Ол маман – ми ісіктерін зерттеумен айналысатын, нейрохирургя, нейроонкологя, онколог және онкологи-радиологя саласының маманы болуы керек. Немесе науқасты осындай бағыт бойынша қызмет ететін, бір командадағы басқа дәлігерге жолдауы мүмкін. Мұндай медициналық команданың ішінде: медбике, диетолог, менталды денсаулық бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмысшы, физиотерапевт, профтерапевт және логопедтер бар. Балаларға оқу бойынша көмектесетін репетитор да пайдасын тигізеді.

Емге дайындық
Дәрігер кез-келген емделуге мүмкін болатын жолдарды айтып, кеңес құруы керек. Сондай-ақ, ол жұлындағы рак клеткаларының ісігі секілді бірнеше қауіпті ісіктің түрлерін біруі керек.
Адамдар дәрігерге бірден қажетті сұрақтарды қоя алмайды, немесе, қойған сұрақтарының жауабын бірден түсіне алмайды. Сондықтан науқастар түсінбеген жерлерін қайта сұрап, қосымша ақпарат алам десе, әбден болады.

Емдеу әдістері.
Ми ісігімен аурған науқастар бірнеше жолмен емделеді. Ісіктің түріне және сатыларына қарай науқастар, хирургиялық ем алады, болмаса, сәулелі терапия немесе химиотерапия арқылы емделеді. Кейбір жағдайларда, науқас кешенді ем қабылдайды.
Бұдан басқа да кез-келген аурудың сатыларын анықтау үшінде науқас емделсе бола береді. Мысалы: ауруды байқау үшін және басқа да рак симптомдарын анықтау үшін, терапияның жанама әсерлерін азайту үшін, сондай-ақ эмоционалды проблемаларды шешу үшін де ем қабылдайды. Емдеудің бұл түрі симптомдық, сүйемелдеуші немесе паллиативтік деп аталады.
Осы емделу жолдарының ең тиімдісін және олардың күтілетін нәтижесін дәрігердің өзі айтқаны дұрыс.
Хирургиялық ота – көбінесе ми ісіктерін емдеу үшін ең жиі қолданатын ем түрі. Жабық бас сүйектің ішіне жасалатын ота - бас сүйекті тесу (краниотомия) деп аталады. Ол жалпы наркозбен жүзеге асады. Ота жасаудың алдында бас терісін қырады. Содан соң дәрігер теріні тіледі және алынған бас сүйекті арнайы арамен кеседі. Ісіктің барлық бөлігі алынғаннан кейін, дәрігер бас сүйектегі ұңғыманы жауып, сүйектің кесілген бөлігімен немесе металдан жасалған пластинамен қайта жауып қояды. Содан соң хирург бас сүйектің терісін тігеді.
Кейде хирургиялық жолмен емдеу мүмкін болмайды. Егер ісік ми бағаналарында немесе мидың басқа бір бөлігінде орналасса, онда хирург ісікті жоя алмайды. Себебі, мидың сау тіндерін зақымдап алуы мүмкін. Ота жасатуға мүмкіндігі жоқ науқастар, сәуле терапиясын немесе емдеудің басқа жолдарын қарастырады.

Сәуле терапиясы (радиотерапия деп те аталады) ісік жасушаларын жою үшін, жоғарыэнергия көзі сәулесін пайдаланады. Радиацияның қайнар көзі – рентген сәулесі, гамма сәулесі немесе протондар болуы мүмкін. Үлкен құрылғы радиацианы ісікке және тіндерге жақын бағыттайды. Кейде радиация түгелдей миға немесе жұлынға бағытталады.
Әдетте сәуле терапиясы отадан кейін жүзеге асырылады. Радиация ісіктің айналасында қалып қойған жасушаларды жояды. Кейде радиация терапиясы, хирургиялық ота жасауға мүмкін емес ауруларға қолданылады. Сәуле терапиясы емханада немесе клиникада жасалады. Емдеу күнтізбесі ісіктің түріне, көлеміне, сондай-ақ науқастың жасына байланысты түзіледі. Әр ем-шара бір-неше минутқа созылады.

Дәрігер ісік маңындағы сау тіндерді қорғау үшін мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:
Фракционерлену. Сәуле терапиясы бір-неше аптаға созылып, аптасына тек 5 күн өткізіледі. Бөлшептеп тағайындау. Радиацияның барлық мөлшерін узақ уақытқа созып емдеу, ісік маңындағы сау тіндердің амандығына кепіл болады.
Гиперфракционирлену. Науқас радиацияның бір күнде берілетен мөлшерін, екі-үш күнге бөліп қолданады.
Стереоактикалық сәуле терапиясы. Радиацияның шіңішке сәулелері ісіктің әр бұрышына бағыталады. Бұл ем-шара кезінде, науқас басына бүгілмейтін жиектемені кийіп алады. МЯР немесе КТ-ның түсірмесі ісіктің дәл жайылған орнының суретін түсіріп береді. Дәрігер компютер арқылы радиацияның қажетті мөлшерін, сондай-ақ өлшемін және радиациялық сәуленің бұрыштарын анықтайды. Емдеу шаралары дәрігердің бір рет қабылдауында жүзеге асырылуы мүмкін немесе бірнеше сеансында жүргізіледі.
3 өлшемді конформды радиациялық терапия. Компютер ісіктің үш өлшемді суретін және айналасындағы тіндерін көрсетеді. Дәрігер ісіктің қайталанған нысанын дәл білу үшін, көптеген радиация сәулелерін бағыттайды. Тамаша радиациялық фокус мидың сау тіндерін қорғайды.
Протон сәулелерімен жасалған радиациялық терапия. Бұл радиация рентген сәулелерін бөлмейді, протон сәулелерін бөледі. Дәрігер протон сәулелерін ісікке бағыттайды. Протондар сау тіндерді зақымдамай өтетін қасиетке ие.
Химиятерапия – қатерлі ісік клеткаларын дәрі-дәрмектермен жояды. Оларды көбінесе мидағы ісікті емдеуге қолданады. Препараттарды ішу арқылы немесе инекция түрінде енгізеді. Қай жағдайда болмасын олар, қан құрамына еніп, барлық организмдерге таралады. дәрі-дәрмектер қолдану циклына қарай былай сипатталады: емделу қаншалықты дұрыс болса, жазылу да соған байланысты болып келеді.
Химиятерапияны емханада, дарігер кабинетінде немесе үй жағдайында да қолданылады. Науқастың емханаға жатқызылуы сирек болатын жағдай. Ересек адамдарға қарағанда, жас балаларға химиятерапияны жиі қолданады. Дегенмен ота жасалғаннан кейін немесе сәуле терапиясынан кейін ересектерге химиятерапиясын жүргізуі мүмкін. Кейбір адамдарда қайталана беретін ми қатерлі ісікі болады. Дәрігер ондай ісікті алып тастап, орнына химиотерапевтикалық бірнеше пластиналар орнатады. Әр пластина 10 центтің өлшеміне тең. Біраз аптадан соң, пластинадағы дәрілік заттар миғасіңіп, қатерлі ісік клекаларын жоя бастайды.
Ем қолданудағы жанама әсерлер
Ем қолдану барысында, сау клеткалар зақымданады. Бұл жанама әсерлерді жиі тудырады. Жанама әсерлердің пайда болуы, әр түрлі факторларға, сонымен қатар ісіктің түріне, қабылдаған ем көлеміне байланысты болуы мүмкін. Емдеу курстары ауысқан сайын әр науқаста әр түрлі жанама әсерлер пайда болып жатады. Емделудің алдында медқызметкерлер командасының мүшелері жанама әсерлер туралы айтып, науқасқа онымен күресудің жолдарын ұсынады.
Хирургиялық емделу
Ота жасалғаннан кейін алғашқы күндері науқастың жиі басы ауырып, өздерін жайсыз сезінуі мүмкін. Дегенмен, ол кезде ауруды басу үшін дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Тіпті керек болса, науқас дәрігермен немесе медбикемен ауруды басу үшін не істеу керектігін ақылдасса да болады.
Тағы бір айта кетерлігі, науқас ылғый өзін әлсіз сезініп, шаршай береді. Әр науқастың отадан кейін сауығып кетуі үшін ең алдымен біраз уақыт керек. Басқа да, көптеген мәселелер орынға келіп тіреледі.
Жұлын сұйықтығы немесе қан бастағы миға шабуы мүмкін. Мұндай жағдай – ісіну деп аталады. Дәрігерлер науқастың бойында мұндай мәселенің орын алмауын қатты қадағалайды. Ісіктің кішірейуші үшін науқас стеройдты дәрілерді қабылдауы мүмкін.
Сұйықтықты бөлу үшін екінші рет ота жасалуы мүмкін. Хирург ми қатпаршасына ұзын жіңішке түтікшені (шунт) орнатады. Түтікше терінің астымен, дененің басқа бөлігіне жүргізіледі, әдетте ол құрсақ қуысымен жүргізіледі. Мидан артық сұйықтық бөлініп, құрсақ қуысына дренаж жасалады. Кейде оның орнына сұйықтықты жүрекке дренаждайды.
Инфекция – бұл хирургиялық отадан кейін дамуы ықтимал тағы бір мәселе. Мұндай жағдайда дәрігерлер науқасқа антибиотиктер тағайындайды.
Миға ота жасалғанда сау тіндер зақымдануы мүмкін. Мидың бұлай зақымдануы қауіпті мәселе болып есептеледі. Ол кезде науқастың бұлшық еттерінде, көру жүйесінде, сөйлеуінде кәдімгідей ауытқулар болуы ықтимал. Ондай жағдайда науқаста тырысу немесе біраз өзгерістер пайда болады. Көбінесе бұл симптомдар азайып, уақыт өте келе жоғалады. Бірақ кейде зақымданулар, мидағы ауытқулар қалыпты сипатқа ие болады. Ауруларға физиотерапия да қажет болуы мүмкін, логопед немесе профильді дәрігер де көмектесе алады.
Сәуле терапиясы
Кейбір науқастар емделгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде жүрек айнуы сақталып, кетпей қояды. Дәрігерлер науқасқа бұл проблемамен қалай күресу керектігін айта алады. Сәуле терапиясы да кейде бүкіл емделу барысында науқасты қатты қалжыратады. Мұндайда демалу да маңызды, бірақ дәрігер науқасқа мүмкіндігінше белсенді болу керектігін айтады.
Тағы бір айта кетерлігі, сәуле терапиясы көбінесе шаштың түсуіне себепкер болады. Алайда шашатар бірнеше айлан кейін қайта өседі. Сәуле терапиясы теріге де айтарлықтай әсер етеді. Бас терісі мен құлақтар қызарып, құрғайды және сезімтал болып кетеді. Медициналық персонал бұл мәселелердің шешу жолдарын айтуы мүмкін. Кейде сәуле терапиясының әсерінен ми тіндері бөртіп кетеді. Дәрігерлер ауруды тексеріп мұндай симптомдардың мұндай жағдайда орын алмауын қадағалау керек. Аурудың өзін жақсы сезінуін дамыту үшін, емдік дәрі-дәрмектер ұсынылады.
Радиация кейде мидың сау жасушаларын жойып жібереді. Бұл жанама әсер – радиациялық некроз деп аталады. Мұндай симптомдар басты ауыртады, денені тырыстырып, тіпті науқастың өліміне себепкер болады.
Радиациялық сәулелендіру балаларда гипофиза немесе мидың басқа бөлігінің зақымдануына себепкер болады. Бұл олардың оқуында үлкен проблема болуы мүмкін немесе бойы мен өсімі баяулап қалады. Бұдан басқа, бала кезде сәулелендіру оның болашақ өмірінде екіншілікті ми ісігінің пайда болу қаупін туындатады. Ғалымдар кішкентай баланың ми ісігіне химиотерапияны сәуле терапиясымен бірге қолданудың мүмкіншілігін үйренуде.
Химиотерапия
Химиотерапияның жанама әсері негізінен қолданған дәрілік заттарға байланысты болады. Жанама әсердің айрықша белгілері: қызу көтеріледі және қалтырайды, құсып, тәбет жоғалады және әлсіздік пайда болады. Кейбір жанама әсерлер дәрінің көмегімен азаяды.
Дәрілермен қамтамассыз етілетін имплантты (пластиналы) науқастар, хирургиялық емді бірге алғаннан кейін инфекция симптомдары басып кетпеу үшін дәрігердің қарауында болады. Ауруда инфекция болған жағдайда оған антибиотик тағайындалады.
Күтіну
Аурудың сатыларына қарамастан қатерлі ісікке шалдыққан адамдар өзін мазалаған мәселенің алдын алу үшін алдымен жақсылап күтіну керек. Ол үшін өзіне жайлы жағдай жасап, емделу барысында өмір сүру сапасын жақсарту керек. Науқас ауруын емдеу барысында және ми ісіктерінің басқа симптомдары пайда болмас үшін өзін бір қалыпта ұстап, терапияның жанама әсерлерінің азайуын қадағалап, сондай-ақ көңіл-күйіндегі ауытқуларды шешіп алғаны жөн.
Ми ісігімен ауратын адамдарды күтімілдеудің мынадай түрлері барынша кең таралған:
Стеройдты дәрі-дәрмектер. Ми ісігі бар науқастардың көпшілігіне ісіктің кішірейуі үшін қолданылады.
Антиконвульсанттар. Ми ісігі адамның тырысып қалуына себепкер болады. Оның алдын алу үшін немесе бақылауда ұстау үшін науқас тырысуға қарсы дәрілерді қабылдау керек.
Анастомоз (шунт). Миға сұйықтық жиналған жағдайда хирург оны шығару үшін анастомаз (шунт) орнатады.
Ауруын асқындырмас үшін көптеген науқастар емделу мен қатар күтімілденуді қолға алады. Ал кейбіреулер тек күтімілденіп, симтомдарды бақылау үшін ісікке қарсы терапияны қолданбайды.
Реабилитация
Реабилитация – емдеу жоспарының ең маңызды бөлігі болап табылады. Реабилитацияның мақсаты адамның қажеттілігіне қарай және ісіктің науқасқа күнделікті қалай әсер етеуіне байланысты қолданылады. Науқастың қалыпты өмірге тезірек оралуына көмектесу үшін дәрігерлер барлық мүмкіндіктерді қарастырады. Мынадай мамандардың көмегі қажет болуы ықтимал:
• Физиотерапевтер. Мидағы ісіктен және оны емдеу барысында науқас сал болып қалуы мүмкін. Сондай-ақ олар адамның әлсіреуіне және тепе-теңдік сезімін сақтауда мәселелер тудыруы мүмкін. Физиотерапевтер науқастардың күш жинап, тепе-теңдікті қайта қалпына келтіруіне көмектеседі.
• Логопедтер. Логопедтер науқас жандардың сөйлеудегі проблемаларын шешіп, ойларын толық айтып жеткізе алуына көмектеседі.
• Кәсіптік аурулар бойынша дәрігер. Профауру дәрігерлері науқастардың тұрмыстық мұқтаждықтарын өз еркімен атқаруын үйретеді. Мысалы тамақтану, дәретханаға бару, суға түсу және киіну т.б.
Ми ісігіне шалдыққан балаларда ерекше мұқтаждықтар болуы мүмкін. Кейде оларға үйде де, ауруханада да репетиторлары болады. Үлгерімі нашар немесе есте сақтау қабілетінде проблемалары бар балаларға репетиторлар немесе мектептен кейін арнайы сабақтар өткізілуі керек.
Күтімі
Ми ісігінен емделгеннен кейін тұрақты күтімілдену өте маңызды. Дәрігерлер ісіктіктің қайталанбайтынына көз жеткізу үшін егжей-тегжейлі тексерулер жүргізеді. Ол үшін физикалық тұрғыдан және неврологиялық тұрғыдан тексерулер өткізеді. Науқасқа уақытына қарай МЯР немесе КТ тағайындалады. Егер, науқаста анастомаз орнатылған болса, дәрігер оынң қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды. Дәрігер алдғы уақыттағы күтімілдену жоспарын айтып, науқасқа қай уақыттарда келу керек, және қандай анализдер тапсыру керек екендігін түсіндіреді.
Тегтер:
ми ісігі
астроцитома
сәуле терапиясы
глиома
медуллобластома
химиотерапия