Ауыздағы метал дәмі ауыздың немесе тістің инфекциялық ауруларын туындатуы мүмкін, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, ішкі қызыл ұртта, қызыл иекте пайда болатын т.б. крон секілді басқа аурулармен астасып кетуі де ықтимал.

Ауыз ішіндегі метал дәмі көптеген тұздықтармен араласып жағымсыздық тудыруы да мүмкін. Сондай-ақ, ауызға салып шайнау арқылы қолданылатын медициналық препараттардың да залалдары тиіп жатады. Тағы бір айта кетерлігі, уақытша келетін метал дәмдері тілдің ұшында болады. Басқа да препараттар, құрамында метал элементі бар: флагил, тетрациклин, пенициламин, биаксин, этамбутол, бигуанид, аллопуринол секілді дәрәлер ауыздағы сілекей бездерінің жұмысын бузып, метал дәмінің пайда болуына алып келеді.

Егер сіз ауызыңызда метал дәмінің пайда болғанын сезіп, өзіңіз қолданап жүрген дәрі-дәрмектердің соған қатысы бар екенін байқасаңыз, онда дереу дәрігерге тексеріліңіз. Оның кеңесіне жүгініңіз. Содан кейін сол қолданып жүрген дәрілеріңізді ары қарай пайдалана беру керек пе, әлде тоқтату керек пе анықтап алыңыз. Немесе,оларды басқа залалы тимейтін препараттармен ауыстыру керек шығар. Егер сіз дәрілерді рецеп бойынша қолданбай жүрсеңіз, онда оларды тоқтату қажет. Егер сізге дәрілерді міндетті түрде қолдану керек болған жағдайда, онда емдеуші дәрігерден барып кеңес сұраңыз.

Тегтер:
инфекция
ауыздағы металл дәмі
медициналық препараттар