Адам ағзасына шаштың ешқандай физиологиялық маңызды әсері жоқ. Алайда, көп жүйелі аурулар шаштың өсуіне кері әсер етеді, кейде шаштың түсуіне де себеп болады. Жіті ақуыз жетіспеушілігінен де шаштың өсуі нашарлап, кейін тіпті оның мүлдем жоқ болуына әкеледі. Ақуыздың жетіспеушілігі шаштың диффузиялық түсуіне – алопецияға әкеледі. Сондай-ақ, шаштың түсуіне, қатерлі ісікті емдеу кезінде химиотерапияда кеңінен қолданылатын цитотоксикалық дәрілердің әсері де болуы мүмкін.
Кейбір диетаға қызығатындар ақуызды шектейді немесе дұрыс тамақтану режимін бұзады. Одан дистрофия (тамақтанудың бұзылуы) қалыптасу мүмкін. Егер мұндай жағдай орын алса дене ақуызды үнемдей бастайды, ол болса шаштың өсуіне тікелей әсер етуі мүмкін. Осылай диеталар қолдана бастағаннан кейін 2-3 айдың ішінде шаш жиі түсуін арттырады.
Бұл қайтымды жағдай және ақуыз жеткілікті мөлшерде тұтынылатын болса, алдын алуға болады. Егер адам диетаны қатал ұстануға шешім қабылдаса, ол ағзаға жеткілікті ақуыз беріп тұру керек. Ақуызға: ет, тауық, балық, жұмыртқа, ірімшіктің кейбір түрлері, құрғақ бұршақтар, бұршақ сорпасы, дәндер мен жаңғақтар жесе пайдасы тиеді.
Қалыпты ақуызды қоректендіргеннен кейін, шаштың өсуі қалпына келеді. Бірақ, шаш фолликулдарының қабынуы ықтимал.
Тегтер:
Алопеция
Шаш өсудің тоқтауы
Шаштың түсуі
Таздану
Алматыда шаш емдеу