Ешқашан жүкті болмаған әйелдерде емшек ұшынан бөліндінің шығуы сирек кездеседі. Жүктіліктің соңғы аптасында, әйелдерде уыз түріндегі бөлінділер шығуы - қалыпты жағдай. Өз бетінше бөлінетін бөлінділер барлық әйелдердің 80% -ында байқалады және ол тек емізікті басқанда ғана пайда болады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлінділер мөлдір, тұнық, ақ және сарғыш болуы мүмкін.
Жүктілік кезінен тыс, сүт бездерінен бөлінділер өз бетінше шыға бастаса – онда ол жайдан-жай емес. Әсіресе, кеуде пішіні мен консистенциясының өзгерген кезінде шықса қауіпті болып саналады.
Төмендегі себептер бөлінділердің өздігінен шығуына әсер етуі мүмкін.
• Емшектер жарақаттанғанда;
• Дәрілік препараттардан, мысалы: оральды контрацептивтер 3448, циметидин, метилдопа, метоклопрамид, разарпин, верапамил және т.б.
• Сүт бездерінің абсцессі ірің ағуға себеп болуы мүмкін.
• Гипофиз ісігі
• Сүт бездерінің ісігі (интрадуктальді папиллома).
Галакторея - бұл емшектен өздігінен бөлінетін сұйықтықтың бірі. Ол кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсерінен немесе қауіпті емес гипофиз ісігінің (гипофиздік аденома), сондай-ақ гипотиреоз сияқты белгілі бір ісіктердің әсерінен пайда болады. Сүт бездерінен қандай да бір бөлінділер пайда болған жағдайда немесе емшектің бір шақ ұшынан қан аралас сұйықтықтар шықса дәрігерге хабарласыңыз.
Тегтер:
емшектен бөлінділердің шығуы
сүт бездерінің ауруы
емізіктен іріннің ағуы