Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу


Жатырдан тыс дамыған жүктілікті – эктопиялық жүктілік деп атайды. Бұл жағдай аналардың өміріне қауіп төндіреді.

Uterinru

Себептері

Негізінде жүктілік кезінде ұрықтанатын аналық жасуша жатыр түтігі арқылы жатырға түседі. Егер аналық жасушаның түтік арқылы өтуі тежелсе немесе бәсеңдесе, бұл жатырдан тыс жүктілікке апаруы мүмкін. Ауру себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
• Жатыр түтігінің туа біткен ақауы
• Аппендикс жарылғаннан кейінгі жабыспалар
• Эндометриоз
• Бұрын жатырдан тыс жүктіліктің болуы
• әйелдердің жыныстық ағзаларында бұрын болған жұқпалардан немесе операциялардан қалған тыртықтар.
Бұдан бөлек эктопикалық жүктілік қаупі мына факторларда да артады:
• 35 жастан асқаннан кейін;
• Бала көтеруге қарсы спираль (ВМС) салғанна кейін жүкті болып қалғаннан;
• Жатыр түтіктерін байлап тастағаннан: бірақ бұл 2, не, одан да көп жыл өткеннен кейін болуы ықтимал.
• Түтікті сақтандыру (түтікті байлау), жүкті болып қалмау үшін қлданылатын тәсіл;
• Түрлі адаммен жыныстық қатынасқа түсе беру;
• Бедеулікті емдеудің кейбір түрлері.
Кейде себептері белгісіз болып та қалады. Гормондар негізгі рөлді атқарады.
Жатырдан тыс жүктіліктің орналасатын жері, көбінесе, - екі жатыр құбырының бірі. Сирек жағдайда жатырдан тыс жүктілік аналық безде, ішкі қуысында немесе жатыр мойнында болуы мүмкін.
Эктопикалық жүктілік контрацепциялық (жүктілікке қарсы) әдістерді қолданғанан да пайда болуы мүмкін.



Симптомдары

Сізде жүктіліктің симптомдары ерте байқалуы мүмкін, мысалы, аналық бездер ісініп, жүрек айну деген сияқты. Одан басқа:
• жатырдан мезгілсіз қан кетуі;
• бел жақ ауыра береді;
• жамбастығ бір жері қысып тұрғандай ауырады;
• етеккір келмей қалады;
• іштің төменгі жағы немесе жамбастың тұтастай аумағы ауырып тұрады.
Жатырдан тыс жүктілік кезінде оның айналасы соққы тиіп зақымданса немесе қан кетсе симптомдары ушығып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мына мәселелер мазалауы мүмкін:
• естен тану немесе әлсіздік сезімі
• тік ішек аумағындағы қатты қысым
• артериалдық қысымның төмендігі
• иық жақтың ауырсынуы
• іштің төменгі бөлігі кенеттен қатты аурып кете береді.



Диагностика

Дәрігер гинекологиялық тексеруді өткізеді. Қаралу кезінде жамбас жақ ауырып тұрады.
Сондай-ақ, жүктілікке тест және қынаптық ультрадыбыстық зерттеу өткізіледі.
АХГ (адамның хорионикалық гонадотропині) – бұл әдетте жүктілік кезінде өндірілетін гормон. Осы гормонның қанда болуы жүктілікті анықтауға мүмкіндік береді. Егер оның қандағы деңгейі жеткілікті ұлғаймаса, дәрігер онда жатырдан тыс жүктіліктің айтады.



Емдеу

Жатырдан тыс жүктілік – өмірге қауіп төндіретін жағдай. Жүктілік сақталынбайды. Ананың өмірін сақтау үшін эмбрионның жасушалары жойылуы керек.
Жатырдан тыс жүктіліктің аумағы зақымданса (жарылса), шұғыл медициналық жәрдем қажет болады. Жарылу қан кетуіне және шок алуға апаруы мүмкін, бұл – шұғыл медициналық жағдайларды талап етеді. Шокты емдеу әдістері:
• Қан құю
• Сұйықтықты көктамыр арқылы енгізу
• Дененің қалыпты температурасын қолдау
• Оттегі
• Аяқты жоғары көтеріп қою.
Жатырдан тыс жүктіліктің аумағы жарылғанда қан ағуын тоқтату мақсатында және эмбрионды алу үшін хирургиялық ота жасалады. Кейбір жағдайда дәрігер жатыр түтігін алып тастауы да мүмкін.
Жатырдан тыс жүктіліктің аумағы жарылмаса, емдеуге кіретіндер:
• Ота
• Дәрігердің қатаң бақылауымен жүктілікті үзетін дәрілерді қабылдау.



Болжамы

жатырдан тыс жүктілік болған әйелдердің үштен бірі кейін бала туа алады. Кейбір әйелдер жүкті бола алмауы да мүмкін.
Жатырдан тыс жүктіліктен кейін қайтадан жүкті болу келесі жайттарға байланысты:
• әйелдің жасына
• баласы болуына
• эктопикалық жүктіліктің пайда болу себебіне.



Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі симптомдар болса, дәрігерге немесе мейірбикеге көріну қажет:
• жатырдан әдеттен тыс қан кетсе;
• іштің төменгі бөлігі немесе жамбас жақ ауырса.


Алдын алу

Жатыр түтігінен тыс пайда болатын жатырдан тыс жүктіліктің көп түрлерінің алдын алу мүмкін емес. Жатыр түтіктерін зақымдайтын факторлардың ғана алдын алу арқылы қаупін азайтуға болады. Олар:
• Қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдау, жыныстық қатынасқа дейінгі және кейінгі жұқпаланудың алдын алатын шараларды қолдану;
• жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды ерте анықтау және емдеу
• темекі шекпеу.

Тегтер:
Жатырдан тыс жүктілік
Етеккірдің келмей қалуы
Қынаптан қан ағу
Бас айналу

Ақпарат көзі: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000895.htm

Материалды дайындаған Алмаз Шарман, медицина профессоры.

Аударған: Асель Стамбекова.

Редакциялаған: Александр Корольков.