Мына жағдайларда жарақаттаған затты денеден алып тастауға тырыспаңыз. Дереу жедел жәрдем шақырыңыз:
• Жоғары қысыммен кіріп кеткен заттар (мысалы, пневматикалық балғамен жасалған шеге).
• Егер сіз жеделжәрдем шақырған болсаңыз, денеге қадалып қалған затқа тиіспей күте тұрыңыз. Қайта оның қозғалып кетпеуін қадағалап, баумен байлап қойыңыз. Бұл зат тек дәрігердің көмегімен алынып тасталады.
Егер денеге қадалып, кіріп кеткен зат қайта шығарылған болса, оның орнын жақсылап қараңыз, жартысы, болмаса қалдығы қалып қоймады ма екен. Егер қадалған заттың жартысы денеде қалып қойған болса, онда да оны тек медициналық қызметкерге алғызыңыз.
Денеге қадалған затты суырып шығарған болсаңыз, мүмкіндігінше оны өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Кейбір органикалық материалдан жасалған заттар (ағаш тіс тазалағышы) рентгенге түспеуі мүмкін, ал денеде қалдығы болса оны дәрігердің өзі шығару үшін қиналады.
Егер денеге қадалған зат кішкентай болса немесе жарақаттың бетінде көрініп тұрса оны таза қысқыштың көмегімен алыңыз. Жараға тереңірек итеріп жібермеңіз. Жарақаттаған затты алып тастағаннан кейін қансырап кету қаупі болады. Сондықтан қадалған заттың алынуы қиын болса, онда оны орнына қалдыра тұрып, дәрігерге хабарласыңыз.
Жарақаттаған затты денеде қалдыра тұрудың қауіпті жағы, одан инфекция таралуы мүмкін. Соның әсерінен жарақат жазылмай да жатады. Қадалған затты алып тастамай, қалдыра тұрудың себептері:
• Қадалған зат сынып, жартысы денеде қалып қоюы;
• Қадалған затты алып тастау барысында қатты ауыруы.
Тегтер:
денеге қадалған зат
жарақат алу
екпінмен кірген зат
жарадағы инфекция
жараланған жердің ауыруы
затты жарадан алу
жарақаттанған кездегі көмек
жарақаттанған кездегі емдік шара
тұрмыстық жарақат