Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Көмекші топтар

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Жалпы ақпарат
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ ) - қабынған созылмалы ауру.

Себептері
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) аутоиммунды ауру болып табылады (төл иммундық жүйе қателесіп сау тіндерге шабуылдайды). Соның салдарынан тері, буын, бүйрек, ми сондай-ақ басқа да ағзалар зақымданады.
Бұл аутоиммунды аурудың негізі әлі толық игеріліп болмады.
ЖҚЖ ерлерден қарағанда, әйелдерде жиі кездеседі. Ол кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, деседе, 10 жас пен 50 жастағылар арасында көптеп ұшырасып жатады. Басқа нәсілдерден қарағанда, азиялықтар бұл аурудан көп зардап шегіп жатады.
ЖҚЖ кейбір дәрілік препараттарды қолданғаннан да туындайтын көррінеді.

Симптомдары
Бұл аурудың симптомдары әр адамда әр түрлі болады. Кейбіреулердікі жойылып кетеді, кейбіреулердікі қайта пайда болып жатады. ЖҚЖ-мен ауыратын науқастардың барлығында дерлік буындары ауырып, ісіктер пайда болады. Кейбіреулерде артрит дамиды. Буын, қол саусақтары, білек, тізе жиі зақымданады.
Басқа таралған симптомдарға мыналар жатады:
• Кеуде терең деп шығарғанда ауырады;
• Шаршау;
• Қалтырау;
• Кірпияздану, жалпы ыңғайсыздық;
• Шаш түсу;
• Ауыз қуысындағы ойық жара;
• Күн сәулесіне шыдамау;
• ЖҚЖ-мен ауыратын науқастардың шамамен жартысынан көбінде «көбелек» типтес бөртпе пайда болады;
• Бөртпелер көбінесе бетке, кеңсіріктің сыртқы теріссіне шығады, содан барлық денеге таралады. Мұндай бөртпелер әдетте күннің астында ұзақ жүргеннен кейін пайда болады;
• Лимфа түйіндері үлкейіп кетеді
452
Жүйелі қызыл жегі созылмалы, қабынбалы аутоиммунды бұзылыс, бұған шалдыққан адамдардың көптеген ағзалар жүйесі, терісі, буындары, ішкі ағзалары зақымданады.
Ауру өтімі жеңіл, ауыр, және өмірге қауіп төндіретін жағдайлармен сипатталады.
Басқа симптомдары ағзаның қай бөлігі зақымданғанына байланысты болады:
• Ми және жүйке жүйесі: бас аурады, ұйыма пайда болады, тершеңдік пайда болады, қалтыраулар туындап, көздің көруі нашарлап, жалпы өзгерістер пайда болады.
• Асқазан-ішек жолдары: асқазан ауырады, жүрек айну мен құсу пайда болады.
• Жүрек: жүректің соғу ритмі бұзылады.
• Өкпе: қанды қақырық шығып, дем алу қиындайды.
• Тері: тері сары түстенеді, саусақтардың түсі өзгереді (Рейно феномені)
Кей адамдарды тек терілік симптомдар мазалайды. Бұл дискоидті қызыл жегі деп аталады.
4522
Дискоидті қызыл жегі кеудеге домалақ дақ пайда болумен сипатталады. Мына суретте дискоидті қызыл жегінің теріні типті зақымдаған көрінісі үлкейтіліп берілген. Дақ ақшыл, көлемді болып келеді екен. Екі қоңырқай дақ - бұл биопсиядан қалған белгі, ол ауру белгісі болып табылмайды.

Диагностикасы
Жүйелік қызыл жегі ауруын анықтау үшін кем дегенде аурудың 11 белгісінің 4-і бар болуы керек.
Дәрігер сізді тексеруден өткізіп, стетоскоп арқылы кеудеңізді тыңдайды. Тыңдау барысында басқаша дыбыстардың шығуын анықтауы мүмкін, бұл шу перикардтың қырылуы (жүректің сыртқы қабығы) немесе плевердің қырылуын (өкпенің сыртқы қабығы) білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, дәрігер жүйке жүйенің де қызметтерін тексереді.
ЖКЖ-ны анықтауға арналған тексерулер:
• Антиденені анықтауға арналған, оның ішінде антинуклеарлы талдау
• Жалпы қан талдамасы
• Өкпе мүшелерін рентгенге түсіру
• Бүйрек биопсиясы
• Несепті талдау
Өз денсаулығыңыздың жағдайын жақсырақ білуіңіз үшін, қосымша мынадай тексерулерден өтсеңіз болады:
• Тиреоглобулин антиденесін анықтау
• Антитиреоидті микросомал антиденесі
• Комплемент компоненттері (С3 және С4)
• Тікелеу Кумбс сынамасы
• Криоглобулиндер
• Эритроциттердің шөгу жылдамдығы
• Бүйректің функционалды қызметін анықтау
• Бауыр функциясын анықтайтын қан талдамаларын жасау
• Ревматоид белгілерін анықтау

Емдеу
ЖКЖ емделмейтін аурулар қатарына жатады. Терапияның мақсаты белгілерді қадағалап болып табылады. Өкпеге, бүйрекке және басқа ағзаларға әсер еткен ауыр белгілер болған жағдайда, мамандандырылған дәрігерлерде ем алу қажет.
Аурудың жеңіл түрін емдеуге болады:
• Стеройдті емес қабынуға қарсы препараттармен, мысалы, ибупрофенмен (буын синдромы және плеврит болғанда)
• Кортикостероидті кремдер пайдалану (тері бөртпелері болған жағдайда)
• Маляриге қарсы дәрі –дәрмектермен (гидроксихлорохин) және кортикостероидтердің аз мөлшерімен (тері синдромы кезінде және артритте)

Ауыр жағдайдағы ЖКЖ белгілеріндегі ем қабылдау түрлері:
• Иммун жауптарын басатын препараттар немесе кортикостероидтедің жоғары дозасын қабылдау
• Цитотокситті препараттар (жасушалардың өсуін тежейтін дәрі- дәрмектер). Бұл препараттарды кортикостероидттердің әсері болмаған жағдайда немесе оларды қабылдауды доғарғанда аурудың асқынатын болса, тағайындайды. препараттардың жанама әсерлері мықты болады, сондықтан бұл препараттарды қабылдау барысында өз жағдайыңызды мұқият қадағалауыңыз қажет.
Егер сізде ЖКЖ болса, сізге қажет:
• Күнге шыққанда, күннен қорғайтын киім, көзілдірік және күннен қорғайтын крем пайдалануыңыз қажет.
• Кордиологқа қаралып, алдын алатын емдік курстарынан өту
• Иммунизацияға мұқият болыңыз, қаншалықты қажет екенін біліп тұрыңыз.
• Остеопорозға (сүйектердің жіңішкеруі) тест сынақтарынан өту

Қолдау топтары
Бұл аурумен байланысты эмоционалды мәселелер кезінде консультация мен қолдау топтары көмектесуі мүмкін.

Болжамы
Соңғы жылдары ЖКЖ ауруына шалдыққан адамдардың жағдайы жақсарған. Көптеген науқастарда ЖКЖ жеңіл түрде әсер етуде. Науқастардың жағдайлары аурудың қаншалықты деңгейде екеніне байланысты өзгереді.
Әдетінше, ауру алғашқы жылдары өрши түседі:
• Диагноз қойылған бірінші жылдар
• 40 жасқа дейінгі адамдарда
ЖКЖ ға шалдыққан көптеген әйелдер бала көтеріп, сау баланы дүниеге әкеледі. Қажетті ем қабылдап, жүрегімен бүйрегінде еш мәселе туындамаған әйелдердің жағдайын жақсы деп болжауға мүмкіндік бар. Дегенмен, ЖКЖ антиденесі бар болса, түсік тастаудың қаупін арттырады.

Мүмкін болатын асқынулар
ЖКЖ бар кейбір адамдардың бүйрек жасушаларында аномальді заттар жиналуы мүмкін. Бұдан қызыл жегі нефриті туындайды. Мұндай науқас жандарда бүйрек жеткіліксіздігі орын алады және диализ немесе бүйрек ауыстыру операциясын жасау керек болады.
ЖКЖ ағзалардың бұзылуларына әкеп соқтырады, олардың қатарына:
• Өкпеде немесе аяқ тамырларындағы тромболардың пайда болуы
• Эритроциттердің бұзылуы (гемолитикалы анемия) немесе созылмалы ауру анемиясы
• Жүрек айналасында сұйықтықтың жиналуы (перикардит) немесе жүрек бұлшықеттерінің қабынуы (миокардит)
• Өкпе айналасына сұйықтықтың жиналуы және өкпе жасушаларының зақымдалуы
• Жүктілік кезіндегі асқынулар, сондай -ақ түсік тасстау қаупі
• Инсульт
• Қан құрамындағы тромбоциттер санының азаюы
• Қан тамырларының қабынуы

Дәрігерге қашан қаралу керек
ЖКЖ белгілері байқалған жағдайда. Сондай-ақ аурудың жаңа белгілері пайда болған жағдайда

Синонимдері:

Таралған қызыл жегі; ЖКЖ; Қызыл жегі; Дискоидті қызыл жегі

Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институттарының дерекқорынан алынды: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000435.htm


Тегтер:
жүйелік қызыл жегі
аутоиммунді аурулар
буындар
бүйрек
ми