Мазмұны
Микоздың немесе ашытқылық инфекцияның қоздырғышы – зеңдер. Зеңдер – қарапайым микроорганизмдер. Оның мысалдары – зеңдер мен көгеру зеңдері. Зеңдер ауада, топырақта, өсімдіктерде және суда тіршілік етеді. Кейбіреуі адам организмінде болады. Зеңдердің жартысына жуығы зиянды.
Бұл аяқтың зеңдік ауруының бейнесі (табанның құрсау теміреткісі). Құрсау инфекциясы теріде болатын зеңнен туындайды, ол қырма теміреткі ретінде де белгілі. Терінің құрсау теміреткілік инфекциялары пайда болған жері бойынша аталады, мысалы, табанның құрсау теміреткісі.
Берілген микроскопиялық пленкада Кандида зеңдерінің флуоресценттік шоғыры көрсетілген. Кандида – ашытқылық зеңдер, олар жеңіл өтетін ауруларды туындатуы мүмкін, бірақ, иммунитет тапшылығы бар адамдар үшін өмірге қауіпті салдары болуы мүмкін.
Кейбір зеңдер ауада ұсақ споралар тарату арқылы көбейеді. Сіз оларды деміңізбен жұтуыңыз, немесе денеңізге қонуы мүмкін. Нәтижесінде, зеңдік инфекциялар өкпеде немесе теріде жиі дамиды. Егер иммундық жүйеңіз әлсіреген болса, немесе антибиотик қабылдап жүрсеңіз, зеңдік инфекциямен ауыру ықтималдығы артады.
Зеңдерді жою қиын. Тері мен тырнақтың зеңдік инфекциясы кезінде дәріні тікелей зақымданған тұсқа жағуға болады. Ауыр инфекциялар кезінде зеңдерге қарсы препараттарды ішке қабылдау қолданылады.