Мазмұны
Өздігінен түсік тастау - жүктіліктің 20-шы аптасына дейін ұрықты өздігінен жоғалту. (Жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін бұл мезгілінен бұрын босану саналады).
Өздігінен түсік тастау - табиғи құбылыс, медициналық немесе хирургиялық түсікке жатпайды.
Өздігінен түсіктердің келесі түрлері болады:
- Толық түсік: жүктіліктің барлық өнімдері ана денесінен шығады.
- Жартылай түсік: жүктілік өнімдерінің бөліктері ғана ана денесінен шығады.
- Тоқтатуға келмейтін түсік.
- Инфекциялық (сепсистік) түсік: жатырдың жабындысы жұқпаланған.
- Болмай қалған түсік: жүктілік үзілген, бірақ, жүктілік өнімдері ана денесінен шықпаған.
Сондай-ақ, түсік қаупі термині де қолданылады. Симптомдары – іштің түйілуі, іншектен қан кетуі мүмкін – түсік тастау мүмкіндігін көрсетеді.
Өздігінен түсік тастау қаупі жүктіліктің 7-12 аптасы аралығында 10% жағдайда орын алады. симптомдары: іштің түйілуі, іншектен қан кетуі, арқаның төменгі тұсындағы ауырсыну.
Түсіктердің көпшілігі ұрықтың хромосомасының зақымдануынан туындайды, бұл оның қалыпты дамуына кедергі келтіреді. Әдетте, бұл ақаулар ата-анасының гендерімен байланысты емес.
Түсіктердің басқа себептері:
· Есірткі және алкоголь қолдану
· Сыртқы уыттардың әсері
· Гормондық ауытқу
· Инфекция
· Семіздік
· Ананың бала өрбіту ағзаларының дайын болмауы
· Ана организмінің иммундық жауабындағы мәселелер
· Ананың жүйелік аурулары, мысалы, бақылауға алынбаған қант диабеті
· Темекі шегу.
Ұрықтанған аналық жасушалардың шамамен жартысы жойылады және өздігінше түсік тасталынады, әйел жүктілік туралы білмей де қалады. Алғашқы 7 апта ішінде жүктілік туралы білген әйелдердің 15-20% түсік тастауы мүмкін. Ұрықтың жүрегі соға бастағанда түсік ықтималдығы азаяды.
Түсік қаупі келесі әйелдерде жоғары:
- Жасы 30-дан, әсіресе, 40-тан асқан әйелдер
- Бұрын түсік болған әйелдер.
Мүмкін симптомдары:
- Арқаның немесе іштің төменгі бөлігіндегі әлсіз немесе жіті ауырсыну немесе түйілу
- Іншектен босану материалдарының немесе қан ұйындысының шығуы
- Іш аумағындағы ауырсынумен/ ауырсынусыз болатын іншектен қан кетуі
Гинекологиялық қарау кезінде жатыр мойнының ашылуы немесе күшті эрозияға ұшырауы және жіңішкеруі анықталады.
Сондай-ақ, УДЗ (УЗИ) жасап, ұрықтың дамуын, жүрек соғуын және қанталау дәрежесін анықтау қажет.
Қан талдауы:
- Қан тобын анықтау (егер теріс резус-фактор болса, сізге теріс резусты иммуноглобулин инъекциясы қажет болады).
- Қан жоғалту дәрежесін анықтау үшін жалпы қан талдауы
- Жүктілікті растау үшін АХГ(ХГЧ)
- АХГ(ХГЧ) бірнеше күн немесе апта сайын қайталау қажет
- Лейкоциттерге талдау (жеке немесе бірге) мүмкін жұқпаны анықтау үшін.
Түсікте босану материалы зерттеледі және плацента жағдайы анықталады (қалыпты немесе кірме болуына).
Түсіктен кейінгі 2 апта ішінде әйел бақылауға алынады. Егер босану материалы толығымен ана денесінен шықпаса, оны хирургиялық немесе медикаментоздық (мезопростол тағайындалады) жолмен алып тастау қажет.
Емдеуден кейін етеккір айналымы 4-6 апта ішінде қалпына келеді. Кез келген қан кетуі мұқият тексерілуі тиіс. Келесі жүктілік алдында бір толық етеккір айналымын өткізген жөн.
Толық түсіктің асқынуы сирек болады.
Плацента қалдығының толық шықпауы жағдайында жұқпаланған түсіктің салдары – қызу, тоқтамай іншектен қан кетуі, түйілу және нашар иісті бөлінділер. Жұқпалану күрделі болуы мүмкін, шұғыл медициналық араласуды қажет етуі мүмкін.
Егер әйел нәрестесін жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін жоғалтса, оған медициналық көмекке жүгіну қажет. Бұл мезгілінен бұрын босану немесе ұрықтың өлім-жітімі, бұл жағдайды бақылау үшін дәрігердің назары қажет.
Түсіктен кейін әйел және оның жақындары басыңқылық немесе қайғыру сезіміне ұшырайды. Бұл қалыпты жағдай, бірақ, басыңқы күй өтпесе немесе ушығатын болса, туыс-туғандарыңызға, достарыңызға немесе дәрігерге айту қажет.
Жүктілік кезінде түйілумен/түйілусіз іншектен қан кетуі пайда болса, дәрігерге көрініңіз.
Сондай-ақ, жүктілік кезінде іншектен қан ұйындысы немесе босану материалы шығатын болса, дәрігерге көріну қажет. Материалды жинап, дәрігерге тексеруге беру қажет.
Жүкті әйелге ерте және кешенді күтім көрсету - жүктіліктің түсік секілді асқынуының алдын алу шарасы.
Ауруларды жүктілікке дейін ерте анықтау және емдеу арқылы аурудан болатын түсіктің алдын алуға болады.
Жүктілік барысында зиянды әсерден алшақ болсаңыз, түсік ықтималдығы аз болады. Оларға ренген сәулесі, есірткілер, алкоголь, кофеинді жиі тұтыну және инфекциялық аурулар жатады.
Ана организміне жүктілікті сақтау қиын болса, аздаған іншектік қан кетуі байқалуы мүмкін. Бұл түсік қаупін көрсетеді. Бірақ, бұл міндетті болатындығы емес. түсік қаупінің белгілері мен симптомдары байқалған әйел шұғыл түрде өзінің дәрігеріне қаралуы қажет.
Өздігінен түсік тастау; жол берілген түсік; жол берілмеген түсік; жартылай түсік; толық түсік; тоқтатуға келмейтін түсік; жұқпаланған түсік; кездейсоқ түсік.
Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/miscarriage.html
Аудармашы: Ирина Гончарова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Редакциялық алқа:
Алмаз Шарман, медицина профессоры
Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.
Сәлім Смайылов, б.ғ.к.