Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Тілмелік қабыну –бактериялардың салдарынан туындайтын, терінің жиі кездесетін инфекциялық ауруы.


Себептері

Тілмелік қабынудың кең таралған қоздырғыштары – стафилококктар мен стрептококктар.

Қалыпты жағдайда теріде бактериялардың көптеген түрі мекендейді. Теріде жара болса, осы бактериялар оның жұқпалануын туындатады. Зақымданған аумақтың терісі қызарып, ұстағанда ыстық болады, ісініп, ауырсынады.

RV

Тілмелік қабыну– бактериалдық инфекцияның нәтижесінде пайда болған, терінің дәнекер тінінің жұқпалы емес ауруы. Инфекцияны емдеу үшін антибиотиктер тағайындалады, ал ауырсынуды бақылау үшін анальгетиктерді қабылдау қажет болады. Тілмелік қабынуды 7-10 күнде емдеп, жазуға болады.

Аурудың пайда болуының даму қауіптері:

  • Саусақ арасындағы терінің сызаттары немесе қабыршақтануы
  • Шеткері тамырлардың аурулары
  • Теріде жара болатын жарақаттар
  • Жәндіктердің шағуы, жануарлардың немесе адамның тістеуі
  • Кейбір ауруларда пайда болатын ойық жаралар, мысалы, қант диабетінде және тамырлардың ауруларында.
  • Кортикостероидтарды немесе иммундық жүйені басатын дәрілерді қабылдау.
  • Жақында болған оперативтік емдеуден кейінгі тыртықтар.



Симптомдары

Тілмелік қабынудың симптомдары:

  • қызба
  • зақымданған аумақтағы ауырсыну немесе ширығу
  • инфекция таралған сайын ұлғаятын терінің қызаруы немесе қабынуы
  • кенеттен пайда болып, алғашқы 24 сағаттың ішінде тез таралатын терідегі ойық жаралар немесе бөріткен.
  • Тері тартылып, жылтыр көрінеді.
  • Қызарған тұсында тері ұстағанда жылы сезіледі.


Инфекцияның белгілері:

  • қалтырау
  • шаршау
  • жалпы нашар сезіну
  • бұлшық еттегі ауырсыну
  • тері ұстағанда жылы сезіледі
  • тершеңдік.


Осы ауру кезінде кездесетін басқа симптомдар:

  • жұқпаланған жердегі түктің түсуі
  • үстіндегі тіндердің ісінуінен туындаған буындағы ауырсыну
  • жүрек айнуы және құсу.



Диагностика

Дәрігер медициналық тексерісті өткізеді, бұл кезде анықталуы мүмкін:

  • терінің қызаруы, жылуы және ісінуі
  • инфекция болса, жараға дренаж жасалуы мүмкін
  • қабыну аумағының қасында лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Дәрігер қызарған тұстың шектерін қаламмен белгілеуі мүмкін, алдағы бірнеше күн ішінде қызару әрі қарай таралатындығын білу мақсатында.

Ауруды анықтау үшін тағайындалуы мүмкін:

  • қанды сеуіп, талдау
  • қанды жалпы талдау (ОАК)
  • зақымдану тұсындағы сұйықтықты немесе бөліндіні сеуіп, тексеру



Емдеу

Ішуге антибиотиктер тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігер ауырсынуды басатын құралдарды ұсынуы мүмкін.

Ісінуді азайту үшін үйде зақымданған аумақты жоғары қою қажет. Симптомдар азайғанға дейін демалыс қажет.

Келесі жағдайларда науқас ауруханаға жатқызылады:

  • сырқаттануы күшті болса (мысалы, өте жоғары температура, қысымдағы мәселелер немесе тоқтамайтын жүрек айнуы мен құсу)
  • антибиотиктер қабылдау кезінде де инфекцияның өршуі байқалса
  • иммундық жүйенің жұмысында мәселе болса (қатерлі ісікке, АИТВ байланысты)
  • Инфекция көздің айналасында шоғырланған
  • Көктамыр арқылы антибиотиктер енгізілуі қажет болса.



Болжамы

Тілмелік қабыну, әдетте, антибактериалдық емдеудің 7-10 күндік курсынан кейін өтеді. Аурудың ауыр түрінде ұзағырақ емдеу курсы тағайындалады. Әдетте, бұл созылмалы аурулар болуында немесе иммундық жүйенің жұмысының бұзылуында орын алады.

Аяқтың зеңдік инфекциясы бар адамдарда тілмелік қабыну ұдайы қайталануы мүмкін. Бұл зеңдік инфекциядан болған терідегі сызаттардың теріге бактерия енуіне ықпал ететіндігіне байланысты.


Мүмкін асқынулары

  • Қанның жұқпалануы (сепсис)
  • Сүйектің жұқпалануы (остеомиелит)
  • Лимфалық тамырлардың қабынуы (лимфангит)
  • Жүректің ішкі қабығының қабынуы (эндокардит)
  • Менингит
  • Шок
  • Тіндердің тіршілігін жоюы (гангрена).



Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:

  • Тілмелік қабынудың симптомдары болса
  • Тілмелік қабынудан емделіп жүргенде келесідей жаңа симптомдар пайда болса: ұдайы қызба, ұйқышылдық, енжарлық, зақымданған аумақтың үстінде күлдіреу немесе қызыл жолақ пайда болуы.
  • Тілмелік қабыну бетте шоғырланатын болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініңіз.



Алдын алу

Теріні қорғау бойынша кеңестер:

  • Жарылудың алдын алу үшін лосьондар немесе кремдердің көмегімен терінің ылғалдылығын қолдау
  • Ыңғайлы, бос аяқ киім киіп жүру
  • Тырнақты алғанда айналасындағы теріге зақым келтірмеу
  • Жұмыста немесе сопртпен айналысуда арнайы қорғаныс құралдарын киіп жүру.


Теріде сызат немесе жара пайда болған сайын:

  • Сабынмен мұқият жуып тұрыңыз. Құрамында антибиотик бар жақпай майын күнделікті жағыңыз.
  • Таңғышпен таңып, күнде ауыстырып отырыңыз, қабыршақ пайда болғанға дейін
  • Қызару, ауырсыну, дертті бөлінді немесе инфекцияның басқа белгілері пайда болуын бақылаңыз.



Синонимдары

Терінің бактериалдық инфекциясы.