Мазмұны
Синусит – мұрын қуыстары жұқпаланатын немесе қабынатын ауру. Мұрын қуыстарының қосалқылары (синустар) – бассүйектің мұрын қуысымен жалғасатын, ауа кіретін қуыстар. Мұнда мұрын қуысына ағатын сілемей өндіріледі. Мұрынның бітелуі қуыстарды бітеуі мүмкін және ауырсынудың, жұқпаланудың пайжа болуына апаруы мүмкін.
Мұрынның ағуы және бітелуі суық тигенде, аллергияда, мұрын қуысының инфекциясында немесе тұмауда орын алады. Сілемей көп өндірілуінде мұрынның ағуы пайда болады. Кейде мұрынның алдыңғы бөлігінде немесе көмейдің артқы қабырғасында қосымша сілемей бөлінісі пайда болады. (постназальдық синдром). Мұрын қуысының ішіндегі сілемей қабаты қабынғанда мұрынның бітелуі пайда болады.
Синуситтің түрлері: жіті; біраз уақытқа созылған, төрт аптаға дейінгі; созылмалы, одан ұзақ уақыт бойы созылатын. Жіті синусит көбінесе, суық тию секілді басталады, ол кейін бактериалдық инфекциямен асқынады. Аллергия, ластауыштар, мұрынның басқа дерті және кейбір аурулар да синуситті туындатуы мүмкін.
Синуситтің симптомдары: қызба, әлсіздік, шаршау, жөтел және мұрынның бітелуі. Сондай-ақ, көмейдің артқы қабырғасы бойынша сілемей бөліндісінің ағуы мүмкін, бұл постназальдық синдром аталады.
Емдеуге антибиотиктерді, ісінуге қарсы және ауырсынуды басатын препараттарды қабылдау кіреді. Сондай-ақ, қабыну аумағына жылы компресс басу, тұзды назальдық спрейлер және ингаляторлар (булағыштар) көмектеседі.