Мазмұны

Плеврит дегеніміз не?

Пневмоторакс

Плеврит және пневмоторакс

Плевралдық эффузия

Гемоторакс

Болжамы

Плевриттің және плевраның басқа ауруларының атаулары

Пневмоторакс

Плевралдық эффузия

Гемоторакс

Плевриттің және плевраның ауруларының симптомдары қандай?

Плеврит және плевраның басқа аурулары қалай анықталады?

Медициналық сыртқатнамасы (тарихы)

Дәрігердің тексеруі

Диагностикалық тестілер

Плевралық кеңістіктен сұйықтықты, ауаны немесе қанды шығару

Негізгі ауруды емдеу


Плеврит дегеніміз не?

Плеврит – плевраның қабынуы дамитын ауру. Плевра – тіндердің екі үлкен қабатынан тұратын қабық. Бір қабат өкпенің сыртқы бетін жабады. Екінші қабат кеуде қуысының ішкі бетін жабады.

Плевра қабаттарының арасында өте жұқа кеңістік бар, ол плевра кеңістігі аталады. Қалыпты жағдайда бұл кеңістік сұйықтықтың үлкен көлемімен толған болады – 4 шәй қасыққа жуық к-лемде. Сұйықтық плевраның екі қабаттарына тыныс алу кезінде бір-бірімен тегіс жанасуына көмектеседі.

Plevritru1

Plevritru2

Плевраның екі беті тітіркеніп, қабынса плеврит дамиды. Бір-бірімен тегіс жанасудың орнына олар тыныс алған сайын бір-біріне үйкеледі. Үйкеліс қатты ауырсынуды тудырады.

Көптеген аурулар плевритті туындатуы мүмкін, оның ішінде, вирустық инфекциялар.

Плевраның басқа аурулары


Пневмоторакс

Плевра қуысында ауа немесе газ жиналуы мүмкін, бұл кезде пневмоторакс орын алады. Өкпенің аурулары немесе өкпенің жіті зақымдануы пневмотораксты туындатады.

Өкпеге жасалатын кейбір шаралар да пневмотораксты туындатуы мүмкін. Мысалы, өкпедегі операциялар, инемен сұйықтықты шығару, бронхоскопия және механикалық вентиляция.

Кейде пневмоторакстың себебі анықталмайды.

Пневмоторакстың кең таралған симптомдары – кенеттен бір жақтағы ауырсыну және ентігу. Плевралық қуыстағы ауа мен газ өкпеге қысым түсіреді және олардың коллапсына (қан айналымының бұзылысына) апаруы мүмкін.


Плеврит және пневмоторакс

Аздаған пневмоторакс емдеусіз де өтуі мүмкін. Үлкен пневмоторакста плевра қуысында газды немесе ауаны жою бойынша шара өткізілуі қажет болуы мүмкін.

Аса үлкен пневмоторакс кеуде қуысындағы қан ағымын бұзуы мүмкін, және артериалдық қысымның бұзылуына апаруы мүмкін. Бұл кернеулі (ширықпалы) пневмоторакс аталады.


Плевралдық эффузия

Плевриттің кейбір жағдайында артық сұйықтық плевра қуысында жиналады. Бұл плевралық экссудат (сұйықтық) аталады. Сұйықтықтың артық мөлшері өкпені плевраның басып, қысуына апарады, бір бөлігі түскенге дейін. Бұл тыныс алуды қиындатады.

Кейде артық сұйықтық жұқпаланады да іріңдейді. Бұл жағдай эмпиема аталады.

Плевралық сұйықтық плеврит болмаса да қалыптасуы мүмкін. Мысалы, пневмония, жүрек жеткіліксіздігі, қатерлі ісік немесе өкпе артериясының эмболиясы плевралық сұйықтықтың қалыптасуына апаруы мүмкін.


Гемоторакс

Плевра қуысында қан да жиналуы мүмкін. Бұл жағдай гемоторакс аталады. Кеуде қуысының жарақаты, жүректегі немесе кеуде қуысындағы операциялар, өкпенің немесе плевраның қатерлі ісігі гемоторокстің себебі болуы мүмкін.

Гемоторакс өкпені басып, коллапсына (қан айналымының бұзылысына) апаруы мүмкін. Гемоторакс, сондай-ақ, шокты (есеңгіреуді) туындатуы мүмкін. Шок кезінде өмірлік маңызды ағзаларға қан мен оттегі жеткілікті түспейді.


Болжамы

Плеврит және өкпенің басқа аурулары туындатушы себебіне байланысты күрделі болуы мүмкін. Егер туындатушы аурулар күрделі емес болса, ерте анықталса, дұрыс емделсе, көпшілік жағдайда толығымен сауығу орын алады.

Плевриттің және плевраның басқа ауруларының атаулары

· Плеврит, сондай-ақ, кеудедегі плевралық ауырсыну деп те аталады.

· Плевралық эффузия, сондай-ақ, плевра қуысындағы сұйықтықтың жиналуы деп те аталады.

· Пневмоторакс, сондай-ақ, плевра қуысындағы ауаның жиналуы деп те аталады


Плевриттің және плевраның басқа ауруларының себептері?

Плеврит

Плевриттің себебін көптеген аурулар құрауы мүмкін. Вирустық жұқпалар – кең таралған себептері. Басқа себептері:

· Бактериялық инфекциялар, мысалы, пневмония және туберкулез, зеңдік және паразитарлық инфекциялар.

· өкпе артериясының эмболиясы, қантамырлар арқылы өкпеге тромбтың түсуі

· Аутоиммундық аурулар, мысалы, жүйелі қызылжегі және ревматоидтық артрит

· қатерлі ісік, мысалы, өкпенің қатерлі ісігі, лимфома және мезотелиома

· жүректегі және кеуде қуысы аумағындағы операциялар, әсіресе, аортокоронарлық шунтирлеу

жүректегі және кеуде қуысы аумағындағы операциялар, әсіресе,

· өкпе аурулары, мысалы, ЛАМ (лимфангиолеомиоматоз) немесе асбестоз

· ішектің қабыну аурулары

· отбасылық жерорта теңіздік қызба – тұқым қуалайтын ауру, ол көбінесе қызбаны және іш пен плевра қуысына сұйықтық жиналуын туындатады.

Плевриттің басқа себептері – кеуде қуысының жарақаты, панкреатит (ұйқыбезінің қабынуы), және кейбір дәрілік препараттарға серпін. Белгілі бір дәрілерге серпін қызылжегі тәрізді жағдайды туындатуы мүмкін. Бұл препараттарға жататындар: прокаинамид, гидралазин, изониазид

Кейде дәрігерлер плевриттің себебін анықтай алмайды.


Пневмоторакс

Өкпенің аурулары немесе өкпенің жіті зақымдануы пневмоторакстың (плевра қуысында ауаның немесе газдың жиналуын) дамуын мүмкін етеді. Мұндай аурулар: ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), туберкулез, ЛАМ.

Кеуде қуысындағы операциялар да пневмоторакстың себебі болуы мүмкін.

Кейде пневмоторакс өкпенің қандай да бір ауруы, жарақаты болмаса да туындайды. Бұл кенеттен болатын пневмоторакс аталады. Темекі шегу кенеттен болатын пневмоторакстың қаупін арттырады. Бұл ауру отбасында болса да қаупі артады.


Плевралдық эффузия

Плевралық сұйықтықтың кең таралған себебі – жүрек жеткіліксіздігі. Өкпенің қатерлі ісігі, ЛАМ, пневмония, туберкулез, басқа да өкпенің жұқпалы аурулары плевра қуысында сұйықтық қалыптасуына апаруы мүмкін.

Кейде бауыр мен бүйрек аурулары да плевра қуысында сұйықтық жиналуына апаруы мүмкін. Асбестоз, саркоидоз және кейбір дәрілік препараттарға серпін де плевра эффузиясына апаруы мүмкін.


Гемоторакс

Кеуде қуысының жарақаты немесе жүректегі және кеуде қуысы аумағындағы операциялар, өкпенің немесе плевраның қатерлі ісігі де гемоторакстың (плевра қуысында қан жиналуы) себебі болуы мүмкін.

Гемоторакс, сондай-ақ, жұқпалы аурулардың асқынуы болуы мүмкін (мысалы, пневмонияның), туберкулездың немесе кенеттен болатын пневмоторакстың.


Плевриттің және плевраның ауруларының симптомдары қандай?

Плеврит

Плевриттің негізгі симптомы – кеудедегі қатты немесе қадалған ауырсыну, ол терең тыныс алғанда, жөтелгенде немесе түшкіруде күшейеді.

Ауырсыну бір жерде шоғырлануы мүмкін, немесе иыққа немесе арқаға берілуі мүмкін. Кейде ауырсыну ұдайы батып ауыратын сипатта болады.

Плевритті туындатушы себебіне байланысты келесі симптомдар болуы мүмкін:

· ентігу немесе тыныс алудың жиілеуі

· жөтел

· қызба және қалтырау

· түсініксіз арықтау.

Пневмоторакс

Пневмоторакстың симптомдары:

· кеуде қуысы аумағындағы кенеттен, жіті ауырсыну, терең тыныс алғанда, жөтелгенде күшейеді.

· ентігу

· кеуденің қысылу сезімі

· тез шаршау, шаршаңқылық

· жүректің соғуының жиілеуі

· терінің көкшілденуі,бұл қандағы оттегі мөлшерінің төмендеуіне байланысты.

Пневмоторакстың басқа симптомдары: тыныс алғанда мұрын ұшының кеңеюі, ашушаңдық, психологиялық ширығу немесе гипотония (артериалдық қысымның төмендеуі).

Плевралдық эффузия

Плевральная эффузия, әдетте, симптомсыз өтеді.

Гемоторакс

Гемоторакстың симптомдары көбінесе, пневмоторакстың симптомдарына ұқсас. Оларға жататындар:

· кеудедегі ауырсыну

· ентігу

· тыныс алудың жеткіліксіздігі

· жүрек соғуының жиілеуі

· ашушаңдық

· мазасыздану.


Плеврит және плевраның басқа аурулары қалай анықталады?

Дәрігер плевритті немесе плевраның басқа ауруын аурудың даму тарихының,жалпы тексерудің және тексеру нәтижелерінің негізінде анықтайды.

Дәрігер сіздің симптомдарыңыздың басқа себептерін де ескеруі қажет. Сондай-ақ, ол плевриттің немесе плевраның басқа ауруының пайда болуының тікелей себебін анықтап, емдейді.


Медициналық сыртқатнамасы (тарихы)

Дәрігер аурудың тарихы туралы толық мәлімет алу үшін сұрақтар қояды. Ол кез келген ауырсынуды сипаттауды өтінеді, келесілерге назар аудара отырып:

· қалай сезілуін

· қайда орналасуын және қолға, иекке немесе иыққа берілуін

· қалай басталып, өтуі, ауырсыну ұстамаларының қайталануы жайында.

· әлсіреуі мен күшеюіне не әсер ететіндігі туралы.

Сондай-ақ, дәрігер сізде басқа симптомдардың болуын сұрайды, мысалы, ентігу, жөтел немесе жүректің жиі соғуы. Жүректің жиі соғуы жүректің бір жиырылуының болмауы, мазасыздық, жүрек соғуының тым күшті және тез соғуы секілді сезіледі.

Сондай-ақ, дәрігер келесілер туралы сұрайды:

· жүрек ауруының болуы туралы

· темекі шегуіңіз туралы

· туберкулезді жұқтыруы мүмкін жерлерге саяхатқа баруыңыз туралы

· жұмысыңыз асбестпен байланысты болуы туралы. Асбест – белгілі бір кезеңде көптеген өндірісте кеңінен қолданылған минерал.

Сондай-ақ, дәрігер қабылдап жүрген немесе бұрын қабылдаған дәрілер туралы сұрайды. Кейбір препараттарды қабылдауға серпін плевриттің немесе плевраның басқа ауруларының дамуына ықпал етуі мүмкін.


Дәрігердің тексеруі

Дәрігер стетоскоптың көмегімен қандай да бір дертті шуылдың болуына кеуде қуысыңызды тыңдайды.

Плевритте плевраның қабынған қабаттары бір-біріне үйкеліп тыныс алғанда қатаң, қадалғандай дыбыс шығарады. Дәрігерлер оны плевраның үйкелу шуылы деп атайды. Дәрігер осындайда плеврит диагнозын қояды.

Плевралық эффузияда плевра қуысында жиналған сұйықтық плевра қабаттарының бір-біріне үйкелуін жояды. Бірақ, плевра қуысында сұйықтық көп жиналса, дәрігер кеуде қуысын ұрғылап зерттегенде қатаң дыбысты естиді. Немесе сұйықтық жиналуы салдарынан қандай да бір тыныс алу шуылын естімеуі мүмкін.

Тыныс алу шуылының бәсеңдігі немесе қатаңдығы пневмоторакстың (плевра қуысындағы ауаның немесе газдың жиналуы) себебі болуы мүмкін.


Диагностикалық тестілер

Алғашқы қараудың нәтижесінде дәрігер келесі тексерулерді тағайындайды:

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы – ауырсынусыз тексеру әдісі, ол кеуде қуысының, мысалы, жүректің, өкпенің, қантамырларының құрылысын көрсетеді. Бұл әдіс плевра кеңістігінде сұйықтық болуын да көрсете алады.

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы плевра ауруының себебін де нұсқайды, мысалы, пневмония, қабырғаның сынуы немесе өкпенің ісігі.

Кейде рентген суретін бір бүйірге жатқызып жасайды. Бұлай орналасу тұрғанда түсірілгенде көрінбейтін сұйықтықты көрсетуі мүмкін.

Кеуде қуысы ағзаларының КТ

Кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы – ауырсынусыз тексеру әдісі, кеуде қуысының құрылысын дәл суретке түсіруге мүмкіндік береді.

Бұл тест өкпенің компьютерлік суретін жасайды, онда сұйықтығы бар қалталар бейнеленуі мүмкін. Кеуде қуысы ағзаларының КТ пневмонияның, өкпенің іріңге толуының, ісіктің немесе плевра ауруларының басқа мүмкін себептерінің белгілерін анықтауы мүмкін.

Ультрадыбыс

Бұл әдісте өкпенің суретін алу үшін ультрадыбыстар қолданылады. Оның көмегімен кеуде қуысында сұйықтықтың орналасуын анықтауға болады. Сондай-ақ, ол кейбір ісіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Кеуде қуысы ағзаларының МРТ

Кеуде қуысы ағзаларының магниттік-резонанстық томографиясы немесе МРТ радио толқындарды, магнит пен компьютерді қолданады, олар кеуде қуысының дәл суретін береді. Бұл анықтау әдісі плевралық эффузияны және ісікті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс магниттік резонанс (МР) немесе ядролық магниттік резонанс (ЯМР) деп те аталады.

Қан талдаулары

Қан талдаулары плевриттің немесе плевраның басқа ауруларының даму қаупін арттыратын аурудың болуын көрсетуі мүмкін. Мұндай ауруларға жататындар:

Бактериалдық немесе вирустық инфекциялар, пневмония, панкреатит (ұйқыбезінің қабынуы), бүйрек аурулары немесе қызылжегі.

Артериалдық қандағы газдарды зерттеу

Бұл үшін артериядан, көбінесе, шынтақтың бетіндегі артериядан қан алынады. Қандағы оттегі мен көмір қышқыл газының деңгейі зерттеледі. Бұл тест өкпенің оттегіні қаншалықты жақсы сіңіруін көрсетеді.

Торакоцентез

Дәрігер плевра қуысында сұйықтық жиналуын және орналасуын анықтағаннан кейін зерттеу үшін оның үлгісін алуы мүмкін. Бұл торакоцентез аталатын шара кезінде орындалады.

Шара кезінде дәрігер жіңішке инені немесе пластик түтікті плевра қуысына енгізіп, артық сұйықтықты сорып алады. Алынған сұйықтық зерттеуге жіберіледі.

Торакоцентездің қауіптері – ауырсыну, қан кетуі, жұқпа – олар аздаған болады, өздігінше кетеді немесе жеңіл емделеді. Дәрігер шарадан кейін асқыну болмауына көз жеткізу үшін кеуде қуысының рентгенін өткізеді.

Плевралық сұйықтықты талдау

Торакоцентез өткізілгенде алынған сұйықтықты микроскоппен зерттейді. Ол инфекцияның, қатерлі ісіктің, немесе плевра қуысында жиналатын басқа сұйықтықтың немесе қанның болуына әсер ететін басқа аурулардың белгісіне тексеріледі.

Биопсия

Дәрігер сұйықтықтың плевра қуысында жиналуының себебі – туберкулез немесе қатерлі ісік деп болжаса, плевра тінінің кішкентай үлгісін микроскоппен зерттейді.

Тіннің үлгісін алу үшін дәрігер келесі шаралардың бірін өткізуі мүмкін:

· инені кеуде қуысына енгізеді, плевраның сыртқы қабатының кішкентай үлгісін алу үшін.

· плевраны көру үшін кеуде қуысындағы кішкентай тіліктерге ұшында шамы бар түтікті енгізеді (эндоскоп). Одан кейін дәрігер тіннің шағын бөлігін кесіп алады. Бұл шара ауруханада жасалады. Шара кезінде наркоз беріледі.

· кеуде қуысындағы шағын тілік арқылы плевраның кішкентай үлгісін кесіп алады. Бұл ашық плевралдық биопсия аталады. Әдетте, бұл дәл талдау үшін инелік биопсияның үлгісі тым аз болғанда өткізіледі. Бұл шара ауруханада жасалады. Шара кезінде наркоз беріледі.


Плеврит және плевраның басқа аурулары қалай емделеді?

плеврит немесе плевраның басқа аурулары шаралармен, дәрілік препараттармен, басқа әдістермен емделеді. Емдеу мақсаттары:

· симптомдарын жеңілдету

· плевра қуысынан сұйықтықты, ауаны, немесе қанды шығару (көп мөлшерде болса)

· негізгі ауруды емдеу

Симптомдарды жеңілдету

Симптомдарды жеңілдету үшін дәрігер ұсынуы мүмкін:

· Ацетаминофен немесе қабынуға қарсы дәрілік препарат (ибупрофен секілді) – ауырсынуды бақылау үшін

· кодеин негізіндегі жөтелге қарсы шәрбат – жөтелді бақылау үшін.

· зақымдану жағында жату. Бұл ыңғайлы орналасу.

· ауырсыну басылғанда терең тыныс алып, жөтелу арқылы қақырықты түсіру қажет. Олай болмаса, пневмония дамуы мүмкін.

· жеткілікті тынығып, демалу қажет.

Плевралық кеңістіктен сұйықтықты, ауаны немесе қанды шығару

Дәрігер өкпенің коллапсы (қан айналымының бұзылысы) болмауы үшін плевра қуысынан ауаны немесе қанды шығаруға кеңес береді.

Сұйықтықты, ауа мен қанды шығару шаралары бірдей.

· торакоцентезді өткізуде дәрігер жіңішке инені немесе пластик түтікті плевра қуысына енгізеді. Оған жалғанған шприцтің көмегімен ол кеуде қуысынан сұйықтықты шығарады. Шара өткізілгенде бір ретінде 6 тостаған сұйықтыққа дейін алуға болады.

· егер дәрігерге көп сұйықтық алу керек болса, ол дренаж түтігін қолданады. Сұйықтық бар кеуде қабырғасы аумағына ауырсынуды басатын құралды енгізеді, одан кейін екі қабырғаның арасына пластик түтікті қояды. Түтік сұйықтық шығарылатын ыдысқа жалғанады. Одан кейін түтіктің орналасуын тексеру үшін дәрігер кеуде қуысының рентгенін өткізеді.

· дәрігер дренаж түтігін плевра қуысынан қан мен ауаны алу үшін де қолданады. Бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Түтік плевра қуысында қалдырылады, осы кезеңде науқас ауруханада болуы қажет.

Кейде плевра қуысындағы сұйықтықта ірің немесе қан ұйындысы болады. Бұл кезде плевра қуысынан сұйықтықты шығару қиындайды. Іріңді немесе қан ұйындысын бұзу үшін дренаж түтігі арқылы плевра қуысына фибринолитик аталатын дәрілік препараттар енгізіледі. Егер сұйықтық түтік арқылы ақпаса, операция қажет болуы мүмкін.

Егер ауа ұдайы плевра қуысына аздап кіретін болса, дәрігер дренаж түтігіне бір жақты клапанды бекітуі мүмкін. Клапан плевра қуысынан ауаның шығуына мүмкіндік береді, бірақ, қайтуына мүмкіндік бермейді. Бұл клапанды қолдану емдеуді үйде жалғастыруға мүмкіндік береді.


Негізгі ауруды емдеу

Торакоцентезді өткізу арқылы алынған сұйықтық үлгісі микроскоппен зерттеледі. Бұл сұйықтық жиналуының себебін анықтауға көмектеседі, оның негізінде емдеудің жоспары жасалады.

Егер сұйықтықта жұқпа болса, емдеу жоспарына антибиотик және дренаж (сору) кіреді. Туберкулезде және зеңдік жұқпада емдеу кезінде антибиотиктер мен зеңге қарсы препараттарды ұзақ қабылдау қарастырылады.

Егер плевра қуысында сұйықтық жиналуы ісікке байланысты болса, оны шығарғаннан кейін тез қайта жиналады. Кейде ісікке қарсы дәрілік препараттар сұйықтықтың әрі қарай жиналуының алдына алуға мүмкіндік береді. Егер бұлай болмаса, дәрігер плевра қуысын тығыздайды. Бұл плевродез аталады.

Бұл шараны өткізу үшін дренаж түтігі арқылы кеуде қуысынан барлық сұйықтық алынады. Одан кейін заттекті плевра түтігі арқылы плевра қуысына енгізеді. Заттек плевраның бетін тітіркендіреді. Бұл плевраның қос қабатының жабысуына апарады, бұл сұйықтықтың көп көлемі жиналуының алдын алады.

Ісіктің көлемін азайту үшін химиялық немесе сәулемен емдеу де қолданылады.

Егер плевра қуысында сұйықтық жиналуы жүрек жеткіліксіздігіне байланысты болса, әдетте, диуретиктер (организмде сұйықтық іркілуінің алдын алатын препараттар) және басқа дәрілік препараттар тағайындалады.


Ақпарат көзі: http://www.nhlbi.nih.gov/health/health-topics/topics/pleurisy/

Материалды дайындаған: Алмаз Шарман, медицина профессоры.

Аударған: Асель Стамбекова.

Редакциялаған: Александр Корольков.