Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Өкпе эмболиясы – өкпедегі артериялардың бітелуінде пайда болатын ауру. Аурудың кең таралған себебі - тромбылар.


Себептері

A 39 1

Өкпе - қос ағза, кеуде қуысын түгелдей дерлік алады. Өкпе – тыныс алу жүйесінің басты ағзасы. Оның өлшемі мен пішіні тыныс алу фазасына (тынысты ішке алу, сыртқа шығару) қарай өзгеруге қабілетті.

Өкпе эмболиясы көбінесе, көктамырдың тромбымен бітелуінен туындайды. Тромбылардың көп шоғырланатын жері бөксе-санның немесе жамбас қуысының терең көктамырлары. Бұл терең көктамырдың тромбозы аталады (ТКТ). Осындай тромбының бөлігі ажырап, қан ағымы бойымен өкпеге түсуі мүмкін.

Tela

Эмболия – өкпедегі артерияның майдың бөліктерімен, ауамен, ісік тінімен немесе тромбымен бітелуі.

Эмболияның басқа да себептері – ауаның көпіршіктері, май тамшылары, қағанақ суының бөлігі немесе паразиттер және ісік жасушалары.

Отбасының мүшелерінде тромбы түзілуімен немесе қан ұюының бұзылыстарымен сипатталатын аурулар болса, адам осы ауруға бейім келеді.

Өкпе эмболиясы келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:

  • Босанудан кейін
  • Жүрек талмасынан, жүрекке операциядан, инсульттен кейін
  • Ауыр жарақаттан, күйіктен немесе жамбас сынығынан кейін
  • Сүйекке, буынға немесе миға операциядан кейін
  • Ұзақ ұшу, автокөлікте ұзақ сапар шегуде
  • Қатерлі ісік болуында
  • Ұрықтануға қарсы таблеткаларды немесе эстрогендерді қолдануда
  • Ұзақ төсек тарту немесе бір жағдайда ұзақ уақыт болу



Симптомдары

Негізгі симптомдары – кеудедегі ауырсыну, келесі сипаттағы:

  • Ауырсыну төссүйектің астында немесе кеуде қуысының бір жағында болады
  • Күшті немесе кескендей ауырсыну
  • Күйдіретін, сыздайтын, немесе батып ауырсыну, кеудеде ауырлық сезімі
  • Әдетте, терең тыныс алғанда ауырсыну күшейеді
  • Ауырсынуға жауап ретінде еңкейесіз немесе кеудені қолыңызбен айқарып, ұстайсыз


Басқа симптомдары:

  • Терінің көгерген реңкі (цианоз)

  • Бас айналуы, жарыққа сезімталдық немесе естен тану

  • Жиілеген немесе қиындаған тыныс алу

  • Жүрек жиырылуының жиілеуі

  • Алаңдау сезімі

  • Аяқтағы ауырсыну, қызару немесе ісіну

  • төмен артериалдық қысым

  • кенеттен жөтелу, қанмен қақырық шығару

  • кенеттен ентігу

  • тершеңдік, терінің жабысқақтығы.



Диагностика

Дәрігер науқасты қарап, аурудың симптомдары және тарихы туралы сұрайды.

Өкпенің қызметтік жағдайын бағалау үшін келесі тексерулер жүргізіледі:

  • артериалдық қанның газдары
  • Пульсоксиметрия


Келесі көрнекілік әдістер тромбының орналасуын анықтауға көмектеседі:

  • Өкпе қуысының шолу рентгенографиясы
  • Кеуде қуысының КТ - ангиографиясы
  • Өкпенің вентиляциялық-перфузиялық сканерленуі
  • өкпенің ангиографиясы.


Таға басқа тексерулер:

  • Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы
  • Электрокардиография (ЭКГ)
  • D – димер деңгейін анықтау
  • Аяқтың тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы
  • Эхокардиография (ЭхоКГ)



Емдеу

Өкпе эмболиясы шұғыл емдеуді бастауды талап етеді. Аурухана жағдайында емдеу қажет болады:

  • Қанды сұйылту үшін дәрілік препаратта тағайындалады (әрі қарай тромбының түзілуінің алдын алу үшін).
  • Өкпенің артериясының тромбоэмболиясының ауыр, өмірге қауіпті түрде өтуінде емдеуге тромбыны еріту жатады. Бұл - тромболитиялық емдеу. Науқасқа тромбыны еріту үшін дәрілер тағайындалады.


Егер ауруханада қалу қажет болмаса, дәрігер үйде қабылдау үшін қанды сұйылтатаын дәрілерді ұсынады:

  • Ішуге таблеткалар немесе инъекциялар тағайындалады.
  • Кейбір препараттарды қабылдауда қажетті мөлшерлемесін таңдау үшін қан талдауын жасау қажет болады.
  • Аталған препараттардың қабылдау ұзақтығы тромбының түзілу себебіне және өлшеміне байланысты.
  • Емдеуші дәрігер бұл препараттарды қабылдау кезіндегі қан кету қаупі туралы айтады.


Егер науқас қанды сұйылтатын препараттарды қабылдай алмаса, дәрігер төменгі қуыс көктамырда кава-сүзгіні орнату бойынша операцияны ұсынуы мүмкін. Бұл құрал іштегі басты көктамырда орналастырылады. Ол үлкен тромбылардың өкпенің қантамырларына түсуінің алдын алады. Кейде уақытша сүзгі қою ұсынылады, ол кейіннен алынып тасталынады.


Болжамы

Өкпенің артериясының тромбоэмболиясынан кейін қалпына келу үрдісінің өтуі туралы болжау қиын, ол келесілерге тәуелді:

  • Ауруды туындатқан себептер (мысалы, қатерлі ісік, үлкен операция немесе жарақат)

  • Тромбының өлшемі

  • Тромбының уақытылы еруіне


Кейбір адамдарда жүректің және өкпенің созылмалы аурулары дамуы мүмкін.

Өкпе эмболиясының ауыр өтуінде өлім-жітімге апаруы мүмкін.


Қашан дәрігерге көріну қажет

Өкпенің артериясының тромбоэмболиясының симптомдары пайда болса, 103 телефоны арқылы шұғыл медициналық жәрдемді шақыру қажет.


Алдын алу

ТКТ пайда болуының жоғары қаупінде, сондай-ақ, үлкен операция кезінде тромбы түзілуінің алдын алу үшін қанды сұйылтатын препараттар тағайындалуы мүмкін.

ТКТ кезінде компрессиялық шұлықты киіп жүру ұсынылады. Нұсқаулығына сай киіп жүру қажет. Олар аяқтағы қан ағымын жақсартуға ықпал етеді және тромбы түзілу қаупін азайтады.

Ұзақ ұшу, автокөліктегі сапарлар және ұзақ уақыт бойы отыруға немесе жатуға тура келетін басқа жағдайларда аяқты жиі алмастырып отыру ТКТ алдын алуға көмектеседі. Тромбы түзілу қаупі жоғары болатын адамдарға ұзақ ұшу (4 сағаттан артық) кезінде тромбы түзілуінің алдын алу үшін гепарин (қанды сұйылтатын препарат) инъекциясы қажет болуы мүмкін.

Темекі шекпеңіз. Шегетін болсаңыз, қойыңыз. Эстроген қабылдайтын әйелдер темекі шегуді қоюы қажет.


Синонимдары

Көктамыр тромбоэмболиясы; өкпедегі тромб; Эмболия; ісік эмболиясы; өкпе эмболиясы.