Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу


Жалпы ақпарат

Меньер ауруы – ішкі құлақтың ауруы, қуыстағы сұйықтық мөлшерінің ұлғаюына апарады және тепе-теңдік сезіміне және естуге әсер етеді.

A 17 1

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Дыбыс жарғақ және үш кішкене сүйектер дыбысты дыбыс жарғақтан құлақ иірімінің алдыңғы жағына өткізеді. ішкі құлақ – есту және тепе-теңдік ағзасының үш бөлімдерінің бірі. Есту ағзасының аса күрделі бөлімі, өзінің иірімді пішініне байланысты лабиринт аталады.

Дыбыс жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Дыбыс толқындары дыбыс жарғағына жеткенде оны вибрацияға ұшыратады. Вибрациялар одан кейін ортаңғы құлақтағы кішкентай сүйектерге беріледі, одан әрі ішкі құлаққа беріледі. дыбыс жарғағы сыртқы жағында тері жарғағымен жабылған және ішкі жағында сілемей қабатымен жұқа дәнекер тінінен тұрады.

A 17 2


Себептері

Меньер ауруының пайда болуының нақты себептері белгісіз. Ол ішкі құлақтағы сұйықтықтың қысымының күрт артуы салдарынан пайда болуы мүмкін.

Ауру кейде бастың жарақатымен немесе ортаңғы, ішкі құлақтың инфекциясынан туындайды.

Басқа қауіп факторлары:

  • Аллергия

  • Алкоголь тұтыну

  • Отбасылық тарихы

  • Шаршау

  • Вирустық аурудан кейін

  • Респираторлық инфекциялар

  • Темекі шегу

  • Күйзеліс



Симптомдары

Меньер ауруының келесі симптомдары бар:

  • Бас айналу ұстамалары, жүрек айнуымен және құсумен қосарланады;

  • Бір немесе екі құлақтағы шуыл;

  • Естудің төмендеуі (бір жақты немесе екі жақты)


​Ауру үшін ең ауыры – бас айналу ұстамасы. Бұл ұстамалар жиі (аптасына 1-2 рет), сирек (жылына 1-2 рет) және аса сирек (бірнеше жылда 1 рет) болуы мүмкін. Бас айналу ұстамасы бірнеше минуттен бірнеше аптаға дейін созылады. Көбінесе, 2-6 сағатқа созылады. Ұстамалар кез келген уақытта пайда болады, көбінесе, таңертең және түнде. Бас айналу ұстамасын психологиялық және дене ширығуы туындатуы мүмкін. Науқас қоршаған заттар айналатындай немесе қозғалатындай көрінеді. Бұл симптомдар науқасқа орасан жайсыздық әкеледі.

Ұстама кезінде ауру құлақта естімей қалу сезімі пайда болады. Ұстама кезінде тепе-теңдік бұзылатыны соншалық, науқас аяғына тұра алмайды.

Орналасуды өзгертуде немесе басты бұрғанда жағдай нашарлайды және жүрек айнуы пайда болады. Ұстама өткеннен кейін 6-48 сағат бойы адам әлсіздік сезінеді.

Ремиссия кезінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық болып қалады. Егер сізде Меньер ауруының симптомдары болса, шұғыл медициналық жәрдемге жүгіну қажет.


Диагностика

Меньер ауруын анықтау үшін жүргізіледі:

  • отоскопия (сыртқы есту жолын қарау);

  • аудиометрия (естуді өлшеу);

  • вестибулярлық аппаратты зерттеу;

  • магниттік-резонанстық томография (МРТ);

  • қанды гормонға талдау;

  • қалқанша бездің УДТ (УЗИ);

  • бактериологиялық зерттеулер.



Емдеу

Меньер ауруын толық емдеп жазу мүмкін емес, емдеу тек ұстама жиілігін азайтуға көмектеседі. Меньер ауруы асқыну сатысында болғанда дәрі-дәрмек препараттары кенеттен болатын ұстаманың көрінісін басуға, сондай-ақ, жүрек айну симптомдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Меньер ауруын емдеу естудің төмендеуінің алдын алуға көмектесе алмайды. Емдеу симптомдарды бақылауға, сондай-ақ, ұстамалардың жиілігін азайтуға бағытталады.

Меньер ауруын емдеу келесіге бағытталған:

  • несеп айдайтын құралдарды қабылдау, олар ішкі құлақтағы сұйықтықтың жинақталуын азайтуға мүмкіндік береді;

  • вестибулярлық аппаратқа басатын және ішкі құлаққа тыныштандыратын әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдау;

  • тұзды шектейтін арнайы емдәмді қадағалау, бұл ішкі құлақтағы сұйықтықтың жиналуын азайтуға ықпал етеді;

  • темекі шегуден, алкоголь мен кофеинді тұтынудан алшақ болу.


Науқас ұстамалардың дамуын туындататын күйзелістерден алшақ болуы қажет. Емдеудің барысында ми қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындалады.

Егер Меньер ауруын емдеудің консервативтік әдістері көмектеспесе, хиургиялық араласуға жүгіну қажет.

Хиургиялық емдеудің негізгі мақсаты – құлақтың құрылысын зақымдамастан, аурудың көрінісін жою. Операция кезінде ішкі құлақтың вестибулярлық аппаратын хиургиялық бұзу орындалады. Сондай-ақ, вестибулярлық аппаратты антибиотик енгізумен бұзу жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ем-шара химиялық абляция аталады. Бірақ, мұндай әдістер естімеуге апарады, сондықтан, олар аса сирек қолданылады.


Мүмкін асқынулар

  • бақылауға келмейтін бас айналуынан жүре алмау
  • зақымданған жақта естуді жоғалту



Қашан дәрігерге көріну қажет

Естуді жоғалту, құлақтағы шуыл немесе бас айналуы секілді Меньер ауруының симптомдары пайда болса немесе ушықса, дәрігерге көріну қажет.


Алдын алу

Көпшілік жағдайда аурудың алдын алу мүмкін емес, бірақ, кейде аурудың туындауы бас сүйек-ми жарақатынан болатындықтан, сақтық шараларын қадағалау қажет: мотоцикл, велосипед немесе роликтерді тепкенде басқа шлем кию қажет. Сонымен қатар, тұзы аз емдәм ұстану ұстамалардың санын азайтуға көмектеседі, сондықтан, тұзды тұтынуды шектеуді алдын алу әдісі ретінде айтуға болады. Күйзелістен, аллергендік факторлардан, темекі шегуден, алкоголь мен кофе тұтынудан алшақ болу қажет.