Лямблиоз (лямблиялар) – Giardia lamblia, кейде Giardia intestinalis аталатын паразиттік инфекциядан туындайтын ауру. Лямблиоз әдетте, паразитпен залалданған суды ішуден пайда болады.; G. lamblia көбінесе, өңделмеген бұлақтарда, өзен-көлдерде болады.
Лямблиоздың симптомдары – диарея, желдену, іштің түйіліп ауыруы және жүрек айнуы. Кейбір адамдарда лямблиоз ешқандай симптомдарды туындатпайды. Басқаларда симптомдар кейде ушығады.
Паразитті жұқтырудың алдын алу үшін: қолды жуу, және құбыр емес су көздерінен алған суды қолдану алдында немесе тамақ пісіруге, ыдыс жууға немесе тіс тазалауға қолдану алдында өңдеу қажет.
Лямблиоздың симптомдары өздігінше өтеді. Алайда, жайсыздықты басу және аурудың таралуының алдын алу үшін дәрі қолдану қажет (метронидазол).