Мазмұны
Қызамық – теріде бөріткен пайда болуымен сипатталатын инфекциялық ауру.
Науқас ананың құрсағында нәрестеге берілген қызамық – туа біткен саналады.
Қызамықтың қоздырғышы – ауа-тамшылық немесе қатынас арқылы таралатын вирус.
Бөріткен пайда болғанға дейінгі 1 апта және бөріткен жойылғаннан кейінгі 1-2 апта ішінде қызамығы бар адам жұқпалы болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта көптеген балалар қызылшаға, паротит пен қызамыққа қарсы біріктірілген вакцинадан өтеді, сондықтан, ауру сиреген. Барлық вакцина алғандарда қызамыққа иммунитет дамиды. Бұл дегеніміз, бұл вирустан организмде қорғаныс бар.
Кейде ересектерде бұл қорғаныс әлсіреуі мүмкін. Жүктілікті жоспарлаған әйелдер, сондай-ақ, кез келген ересек адам қайта вакцинадан өтуіне болады.
Қызамыққа қарсы егілмеген балалар мен ересектер осы инфекцияға шалдығуы мүмкін.
Балаларда ауру әдетте, аз симптоммен өтеді. Бөріткен пайда болғанға дейін ересектерде қызу, бас ауруы, жалпы нашар сезіну және мұрынның бітелуі болуы мүмкін. Олар бұл симптомдарды байқамауы мүмкін.
Аурудың басқа симптомдары:
- Көгерудің пайда болуы (сирек)
- Көздің қабынуы (қызаруы)
- Бұлшық еттегі немесе буындағы ауырсыну
Қызамықты көбінесе, үшкүндік қызылша атайды. Тиімді вакцинацияға байланысты қызамық қазір сирек кездеседі. Қызамыққа қарсы вакцина қызылшаға және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцинаның құрамына кіреді.
Қоздырғыштың өсіндісін зерттеу үшін мұрыннан немесе аңқадан жұғынды алынады.
Қызамыққа иммунитет болуын тексеру үшін қан талдауы алынуы мүмкін. Жүктілікті жоспарлайтын әйелдердің бәрі осы тексерістен өтуі қажет. Нәтижесі теріс болса, оларға егілу қажет.
Бұл ауруды емдеудің әдістері жоқ.
Дене температурасын түсіру үшін науқастар ацетаминофен қабылдауы қажет.
Туа біткен қызамықта пайда болатын ақауларды емдеуге болады.
Әдетте, қызамық жеңіл өтеді.
Сауыққаннан кейін науқастарда өмір бойы осы ауруға иммунитет сақталады.
Егер ана жүкті кезінде жұқтырса, балада туа біткен ақаулары болады. Сондай-ақ, түсік тастау немесе өлі туу орын алауы ықтимал.
Келесі жағдайларда дәрігермен кеңесіңіз:
- Бала өрбіту жасындағы әйел қызамыққа егілгендігіне сенімсіз болса.
- Ауру кезінде немесе сауыққаннан кейін ересекте немесе балада күшті бас ауыруы, мойын бұлшық еттерінің сіресуі, құлақта ауырсыну немесе көруде мәселелер пайда болса.
- Ересекке немесе балаға біріктірлген вакцинадан өту қажет болса.
Қызамықтың алдын алу үшін қауіпсіз және тиімді вакцина бар. Қызамыққа қарсы вакцина барлық балаларға ұсынылады. Егу бала 12-15 айлық жасқа жеткенде жасалады, бірақ, кейде эпидемия кезінде ертерек жасалады. Екінші вакцина балаларға 4-9 жасында жасалады. Бұл біріктірлген вакцина қызылшадан, эпидемиялық паротиттен және қызамықтан қорғайды.
Бала өрбіту жасындағы әйелдер әдетте, қызамыққа иммунитеттің болуын анықтау үшін қан талдауын тапсырады. Егер әйел егілмесе, вакцина алғаннан кейін 28 күн бойы жүктіліктен сақтануы тиіс.
Келесі адамдар вакцинациядан өтпейді:
- Жүкті әйелдер
- Иммундық жүйесі қатерлі ісіктен, кортикостероидтар қабылдаудан, немесе сәулемен емдеуден әлсіреген науқастар.
Жүкті әйелге вакцинация жасауға тыйым салынады. Дегенмен, кейбір сирек жағдайларда жүкті әйелдер егілгенде, жаңа туған сәбилерде ешқандай мәселелер анықталмаған.
Үшкүндік қызылша; Германия қызылшасы