Мазмұны

Жалпы ақпарат

Көздің құрылысы және қызметі

Көз қимылы бұзылыстарының түрлері

Емдеу


Жалпы ақпарат

Нысанға қараған кезде екі көзді тігу үшін бірнеше бұлшық еті әрекет етеді. Бұлшық етте мәселелер пайда болса, көздің үйлесімді жұмысы бұзылады.


Көздің құрылысы және қызметі

Glazkz

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.

Жарық көзге мөлдірқабық арқылы өтеді. Көз арқылы жарықтың өтуінде мөлдірқабық қарашықтың пішіні өзгеру есебінен кеңейіп, көзге көбірек жарықты өткізеді немесе тарылып, оны шектейді. Одан кейін линзалар жарықтың торқабыққа тура шоғырланып түсуі үшін өздерінің пішінін өзгертеді. Жарық көру нервісі арқылы миға нерв сигналдарын берудің химиялық үрдісін іске қосатын фоторецепторларды қоздырады.

Мида осы нерв импульстарын өңдеу және тұтас бейне қалыптастыру жүреді.


Көз қимылы бұзылыстарының түрлері

Көз қимылы бұзылыстарының түрлері көп. Жиі кездесетіндері:

  • Қылилық – көздің қимылы үйлесімсіз болатын ауру, бұл кезде көру осьтері бір нысанға түйіспейді.
  • Нистагм – көздің тез, бақылауға келмейтін қимылы, бұлар кейде «билеп тұрғандай» көз аталады.

Көз қимылы бұзылыстарының кейбірі туғаннан болады. Басқалары өмір бойында дамиды және жарақат секілді мәселелерге байланысты болады.


Емдеу

Емдеуге көзәйнек киіп жүру, көздің бұлшық етін жаттықтыру үшін жаттығу жасау және оперативтік араласу жатады. Көз қимылы бұзылыстарының кейбірі, мысалы, нистагм емделмейді.