Баланы дұрыс тамақтандыру әдістері
::::* Қазіргі таңда балалардың тамақтантануы өте нашарлап келе жатқанын байқаймыз. Себебі, фаст-фуд және адам тәбетін бұзатын тәтті тағамдар қайда болса да көз алдымызда, ал оның сан алуан түрі балаларды ғана емес, мына ересектерді де қызықтырады. Әрине, осыған баларлар еліктеп, нағыз дәруменге бай, құнарлы тағамдардан бас тартып жатады. Міне, осындай көз бояушылық тамақтардан бас тарттыру үшін баларыңызға келесі әдістерді пайдаланғаныңыз абзал:
- Кішкене балалар жас ерекшелігіне қарай (2-3 жаста) өздеріне үйреншікті әрі дәмін білетін тағамдарды қабылдайды. Өсіп келе жатқан ағзаға қажетті дәрумендердің бәрі түсуі үшін тамақты қызықты етіп безендіріп (таңғы асқа бала табағына ботқаны өрнектеп етіп құю), ойын түрінде тамақтандырған дұрысырақ. Қасықпен тамақ берген жағдайда, қандайда бір мультфильм кейіпкеріндей «қақпаны ашыңыздар, үлкен күш келе жатыр» деп, баланы қызықтыра тамақтардырса, бала астан бас тартпайды;
- Қолына қасық ұстай алған сәттен бастап балаларды жалпы балабақшаға беру – баланың дамуына, қатарластарымен бірге өсуіне үлкен ықпалын тигізеді. Таласып жеген тамақ тәтті болады демекші, бала риза болып қатарластары жеген тамақты жеп, бірге ұйықтап, өзін-өзі көпшіліктің арасында ұстауды үйренеді;
- Сонымен қатар, балаға ерте жастан қатты емдәм ғана беру дұрыс емес. Бала тамағы неше түрлі болуы тиіс әрі құнарлы тамақтар түсіп тұруы маңызды болмақ;
- Бала ағзасы үлкен адамдар ағзасына қарағанда тамақты тез қорытады. Сондықтан, балаларды жиі тамақтандыру керек. Тамақты 4-5 ретке бөліп, түске дейінгі уақытта құнарлы әрі көбірек тамақтандырған дұрыс;
- Бала тағамдары өсіп, жетіліп келе жатқан ағзаға түсетін болғандықтан, дәрумендер мен минеральдарға толы болуы тиіс. Мысалы, кальций бала ағзасына үлкен адамдар ағзасына қарағанда үш есе көп керек етеді. Сонымен қатар, А, Д дәрумендері де жаңа жетіліп келе жатқан ағзаға ауадай қажет.
Материалды медицина магистрі Нұрақыш Сауле дайындады.
Тегтер:
Денсаулық
Медицина