Біздің бәріміз деніміз сау, күшті, қуатты, акылды, дана болғымыз келеді, сонымен бірге сырт келбетіміздін тартымды, жас болғанын калаймыз, достарымызбен және жакындарымызбен еркін карымкатынас жасап, рухани жайлылык сезінгіміз келеді. Баскаша айтканда, бәріміз де жаксы өмір сүруді калаймыз. Дене жайлылығына, ішкі жан дүниенің байи түсуіне, коршаған ортаны аялап сактауға және өмірде жемісті болуға көмектесетін салауатты өмір аркылы өмір сапасына кол жеткізуге болады. Қолыңыздағы кітап осыған арналған.
Бұрын кай-қайсымыз да денсаулығымыз жөнінде сирек ойланатынбыз — темекіні көп шегетінбіз, спиртті ішімдікке әуестеніп, майлы тамақтан да тартынбайтынбыз. Еліміз өнеркәсіптің уытты калдықтарымен ластанған табиғаттың тазалығы мен оның сақталуын ойламастан, өндірістің дамуына баса назар аударды.
Бүгінгі әлемде азаматтардың сапалы ғұмыры басымдыққа ие болып отыр. Бұл өте кең ұғым, оны төменде ұсынылған «Өмір сапасыпирамидасы» түрінде сипаттауға болады. Пирамида шыңы — өмір сапасының өзі. Ортасы - өмір сапа-
сын айқындайтын нәрселер, атап айтқанда, тәнсаулығы мен рухани саулык. Пирамиданың іргетасы - өмір сапасына кол жеткізу жолдары.
Мысалы,тән саулығы денсаулық және ұзак өмірмен, сондай-ак дене жайлылығымен айқындалады. Тән саулығына заманауи медицинаның, салауатты өмір салтының, сайма-сай тамақтанудың және қолайлы қоршаған ортаның аркасында кол жеткізуге болады.
Рухани саулық негізінде карым-қатынас жасау және қажетті акпаратты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігі жатыр. Бұнда заманауи ақпараттық технологиялар және мобильді байланыстың жаңа буындары үлкен рөл атқарады.
«Өмір өзегі пирамидасынан» көрініп тұрғандай, өмір сапасын жақсартуға арналған технологияларды биологиялық, экологиялық, акпараттық деп белгіленетін үш санатқа бөлуге болады.
БИО технологиялар — адам биологиясына негізделген технологиялар. Олар ауруларды дер шағында болжауға және олардың алдын алуға бағытталған. Мұнда бүгінде салауатты өмір салты жетекші рөл атқарады. Ал болашақта - геномикаға, биоинженерияға, калпына келтіру медицинасына және биотехнологияларға негізделген
ғылыми жетістіктер тізгінді алмак.

пирамида

БИО ЭКО_АҚПАР
Өмір өзегін жақсартуға бағытталған технологиялар

ЭКО технологиялар ішкі және қоршаған орта тазалығын камтамасыз етуге, яғни экологияны сактауға негізделген. Ішкі орта негізінен біз тұтынатын тағаммен айкындалады. Біздің ішкі ортамыз зиянды заттардан азат болуы тиіс, мұндай зиянды заттарға кейде дәрілерді жаткызуға болады. Сыртқы ортаның жағдайы көбіне біз оны өнеркәсіп қалдыкта-
рымен каншалықты дәрежеде ластайтынымызға, дәстүрлі куат көздері — көмір мен мұнайды қанша жағатыны-
мызға байланысты. Оларды жел және күн қуаты секілді анағұрлым таза көздерге алмастырған тиімді болмақ.
«Өмір өзегі пирамидасындағы» акпараттық технологиялар АҚПАР болып белгіленген. Олар ақпаратты еркін алу мүмкіндігінің, карым-қатынас аукымын кенейту аркасында рухани саулыкты жақсарта алады.
Әрине, достармен және жакын адамдармен тікелей қарым-катынас жасаған артык. Қарым-катынас пен әлеуметтік колдаудың денсаулыкты айтарлықтай жаксартып, өмірдің сапалы жылдарын ұзартатындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген. Әсіресе маңайыңызда сізге немкұрайды карамайтын, камкорлык көрсететін адамдардың болуы
маңызды.
Алайда казіргі әлемде виртуалдык карым-катынас манызды рөл аткарады. Мұндай катынас үшін, сондай-ак акпаратты алу жолында еш кедергі жок деуге болады. Барған сайын жайлы, кабылдауға және пайдалануға колайлы болып келе жаткан акпараттык технологияларды игеру ғана калады.
Ғаламтор акпаратты алуға және әлеуметтік желілер кұруға бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Мысалы, ҒасеЬоок көмегімен ешқандай күш салмай-ак жер шарынын кез-келген түкпірінен ескі достармен тілдесуге, сондай-ак жүздеген жаңа кәсіби байланыстарға шығуға және жай ғана жана таныс достар табуға болады.
iРАD кұрылғылары тек тартымды, колдануға колайлы ғана емес. Ғаламтордың және мобильді байланыстың көмегімен бұл құрылғылар жұмыс орнынан шығып, бүгінде «сандык бұлт» деп аталатын шексіз сандық кеңістікте еркін шарлауға мүмкіндік береді.
Виртуалдык карым-катынастың аса тартымдылығына карамастан, өмір сапасының көбіне тән жакындығына, айналадағы адамдармен, бәрінен бұрын туыстармен және жакын адамдармен мейірімді карым-катынас жасауға байланысты екендігін естен шығармаған жөн.
Өмір өзегінің негізгі шарты - денсаулык, ал оның басты көрінісі — сапалы ұзак ғұмыр. Адамның денсаулығы мен ұзақ өмір сүруі туралы айтканда, үйді ара-тұра жөндеп, жаңартып тұру кажеттігін мысалға келтіруге болады. Мәселен, үйініз мықты етіп салынған болса да оның жаңбыр, жел, суық пен күн көзі секілді әр түрлі ауа райы әсерлеріне каншалықты ұзак уакыт төтеп бере алатындығын болжау қиын. Мәселенің мәні ол үйді калай күтетініңізде. Егер кол
кусырып отыра берсеңіз, шатыры бүлініп, төбеден аккан судан, желдің әсерінен ол бұзыла бастайды. Ал ақауланған жерлерін уақытылы жөндеп, бүлінген бөліктерін жаңа материалдардың және технологиялардың көмегімен ауысты-
рып отырсаңыз, үйіңіз өзіңізге де, болашақ ұрпактарыңызға да ұзак кызмет етеді.
Бұл айткандарымыздың бәрі біздің денсаулығымызға да катысты. Мұндағы айырмашылық — үйді жөндеуге қажетті материалдар туралы азды-көпті хабарымыз болғанымен, өмірдің биологиялық принциптері туралы біліміміз тым аз. Алайда соңғы онжылдықта біздің ішкі құрылысымыз туралы түсінігімізге кыруар өзгерістер енді. Бүгінде біз өзіміздің тегіміз, жасушаларымыз бен тіндеріміз, сананың табиғаты мен қызметі, сондай-ак осылар бұзылған жағдайда не
болатындығы туралы бұрығыдан гөрі көбірек білеміз.
Хал-жайды жаксартуға, өмірден ләззат алуға, жастықты сақтап калуға көмектесетін карапайым ережелер бар. Бұл — денсаулык пен ұзақ өмір сырлары. Олар дене жаттығуларын жүйелі орындауға, дұрыс тамақтануға, зиянды әдет-
терден бас тартуға және жағымды көңіл күйді сактауға келіп тіреледі.
Біз ауру мен қартаюдың алдын алуға болмайтын, кері шегінбейтін құбылыс еместігін түсіне бастадық. Өз денсау-
лығымызды біз басқара да, бакылай да аламыз. Ол үшін салауатты өмір сүріп, ағзамыздағы бұзылыстарды дер шағында аныктап, ол бұзылыстарды жою мақсатында заманауи медицина технологияларын пайдаланауымыз
қажет.
Салауатты өмір салты — дін немесе догма емес, философия. Бұл қандай да бір ережесін бұздым деп өз-өзіңнен ұялып, киналатын қатаң тәртіп емес. Бұл біздің бәріміз түптің-түбі саналы түрде тандайтын жолымыз. Түптің-түбі келеміз дейтін себебім, адамның жасы ұлғайған сайын ауру-сыркауы көбейеді, алайда оларды алдын ала анық-
тауға да, оларға төтеп беруге де болады. Саналы түрде деген себебім, күндердің күнінде біздің салауатты өмірдің орасан зор артыкшылыктарын түсіне бастайтынымыз анык.

пирамида семья

пирамида операция

Денсаулыкка қалай болса солай карау салдарынан біз бүгінде обыр, сусамыр, жүрек пен өкпе аурулары секілді көптеген ауыр сырқаттармен бетпе-бет келіп отырмыз.
Бүгінгі әлемде аурудың алдын алу басымдыкка ие болып отыр. Денсаулықты қамтамасыз етуді көпшілік әлі күнге негізінен аурулармен күресу деп біледі. Біз дәрігерлерге наукас адамдарға көмек көрсетуді үйретеміз, емдеу мекемелерін саламыз және жабдықтаймыз, әр түрлі ескі және жаңа ауруларды емдейтін дәрілер ойлап
табамыз.
Өкінішке қарай, біз каптаған аурулардың шабуылына қарсы тұруға мәжбүрміз. Егер бұдан әрі де осылай жалғаса беретін болса, біздің сыркаттардан жеңіліп калуымыз әбден мүмкін.
Алайда дұрысы аурудан корғанбай, оған қарсы шабуыл жасаған жөн. Атап айтқанда, дерттің алдын алу, оларды ерте аныктап, дамуына жол бермеу керек. Біздің аурудың алдын алу жолдарын білмеуіміз және алдын алуды каламауымыз осы сыркаттардың пайда болуына себеп болуда.
Егер карапайым ережелерді сақтайтын болсак, дерттің алдын алу, ауру-сыркаусыз өмірді ұзарту соншалыкты киын міндет емес. Бұның бәрі дене жаттығуларын тұракты түрде орындауға, сапалы ауызсу ішуге, үйлестірілген, яғни қажет мөлшерлі аспен коректенуге, сырткы және ішкі ортаның тазалығын сақтауға, ауруларды ерте анықтауға, олардың алдын алуға, сондай-ак жағымды көңіл күйді сақтауға келіп тіреледі.
Салауатты іс-әрекет — әрбір саналы адамның өзінің, өз жакындарының, қоғамның алдындағы жеке жауапкершілігі. Қоғам өз азаматтарының сапалы өмір сүруіне мүдделі. Алайда егер өзіміз мүдделі болмасак, ешкандай мемлекеттік доктрина, үгіт-насихат пен инвестициялар біздін денсаулығымызды камтамасыз ете алмайды. Біздің денсаулығымыз, ұзак өмір сүруіміз, өміріміздің сапасы өз колымызда, ол ең алдымен біздің білімімізге, бізді осыларға қол жеткізуге
жетелейтін себептерге байланысты.