Мазмұны

Қайта суландыру үшін ішілетін ерітінділер дегеніміз не?

Құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықты толықтыру

Іш өтуі кезінде жоғалтылған сұйықтықты толықтыру


Қайта суландыру үшін ішілетін ерітінділер дегеніміз не?

Қайта суландыру үшін ішілетін ерітінділер – құсу мен іш өтуі кезінде жоғалтылатын сұйықтық пен қоректік заттектерді толықтырудың оңтайлы құралы. Бұл ерітінділер сәбилерге де, балалар мен ересектерге де қауіпсіз. Олар бірнеше түрде шығарылады:

  • Ұнтақ, оларды сумен езу қажет;
  • Сұйықтық, тұтынуға дайын ерітінді;
  • Мұздатылған жеміс балмұздағы.


Дәріханадан Регидрон және басқа ерітінділерді сатып алуға болады.


Құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықты толықтыру

Құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықты толықтыру үшін ерітіндінің аздаған мөлшерін жиі қабылдаудан бастау қажет, мысалы, әр минут сайын 1 шәй қасықтан. Егер науқас сұйықтықты сіңіре алатын болса, біртіндеп, баяу түрде оның мөлшерін арттыру қажет. Егер қайта суландыратын сұйықтықты қабылдағаннан кейін құсу пайда болса, 30-60 минут күтіңіз, содан кейін бірнеше рет жұтып көріңіз. Сұйықтықтың шағын үлестерін қабылдау бір мәрте үлкен үлесін ішкенге қарағанда жақсы сіңіріледі. Құсу тоқтағанда ішілетін қайта суландыру ерітіндісінің мөлшерін арттыруға болады, және оған қайнатпаларды немесе газдалған сусындарды қосуға болады. Қабылданатын сұйықтықтың шағын үлестері асқазанның бұзылысын аз туындатады.


Іш өтуі кезінде жоғалтылған сұйықтықты толықтыру

Егер науқаста іш өтуі болса, ол қажет болса, қайта суландыру ерітінділерімен қатар басқа да сусындарды қабылдауына болады. Дәрігер баланың немесе ересектің ішкен сұйықтығының мөлшерін қадағалауды сұрайды. Сұйықтықтың мөлшерін қасық немесе өлшем стақаны арқылы өлшеуге болады.