Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Емдеу


Жалпы ақпарат

Фобиялар үрейлену (мазасыздану) бұзылысының бір түрі (http://www.zdrav.kz/node/9420). Бұл бір нәрседен (шынайы қауіпсіз) қатты негізсіз (иррационалдық) қорқу.

Телімді фобиялардың түрлері көп. Акрофобия – биіктіктен қорқу. Агорафобия – қоғамдық жерлерден қорқу, клаустрофобия – жабық кеңістіктен қорқу. Егер мазасыз және қоғамдағы күнделікті қатынаста аса ұялшақ болсаңыз, әлеуметтік фобия болуы мүмкін. Фобияның басқа да таралған түрлері туннельдермен, кең жолда көлікте жүрумен, сумен, ұшумен, жануарлармен және қанмен байланысты.


Симптомдары

Фобиясы бар адамдар қорқатын нәрсесінен алшақ болуға тырысады. Олай болмаған жағдайда олар келесіге ұшырайды:

· Қатты үрейлену, қорқу

· Жүректің жиі соғуы

· Ентігу

· Дірілдеу

· Сол жерден тез кеткісі келу.

Фобиялар әдетте, балалық немесе жасөспірімдік шақта пайда болады, және ересек жаста жалғасады. Фобиялардың пайда болу себебі әдетте, белгілі болады, бірақ, кейде олар тұқым қуалайды.


Емдеу

Емдеу адамдардың көпшілігіне фобиялармен күресуге көмектеседі. Әдетте, емдеуге дәрілік препараттарды, психологиялық емдеуді қолданады.


Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:

http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/phobias.html


Аудармашы: Асель Стамбекова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Сәлім Смайылов, б.ғ.к.