Мазмұны
Энтропион немесе қабақтың өзгеруі – қабақтың бөлігінің немесе барлық шетінің ішіне қайырылуы, осыдан мөлдірқабыққа кірпіктер тиіп тұрады. Мөлдірқабық – бұл көз ұясының алдыңғы дөңестеу мөлдір бөлігі.
Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол қуыс және сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.
Энтропион туа біткен болуы мүмкін, көз ұясының құрылысы мен бұлшық етінің орналасуының бұзылуында.
Жоғарғы қабақтың қайырылуы тек туа біткен болады және тұқым қуалайтын ауруларда байқалады, мысалы, микрофтальм, көз ұясының өлшемі қалыпты жағдайдан кіші болғанда.
Қабақтың төменгі жағының қайырылуы ересектерде көздің дөңгелек бұлшық етінің жұмысында бұзылыс болуынан – еріксіз жиырылуынан немесе салдануынан (жиырыла алмауынан), сондай-ақ, жарақаттың, күйіктің немесе қабынудың салдарынан конъюктиваның тыртықтануынан пайда болады.
Энтропионның пайда болуының қауіп факторалы:
- Егде жас (жасқа байланысты көздің төменгі бөлігін қоршайтын бұлшық еттердің әлсіздігі салдарынан дамиды)
- Көздің жарақаты
- Көздің жұқпалы аурулары
- Көздің химиялық күйігі
- Жас ағуы
- Қызару
- Көздегі жайсыздық және ауырсыну
- Көзге құм түскендей сезім
- Қышу және күйдіру сезімі
- Көздің тітіркенуі
- Мөлдірқабық зақымданғанда көрудің нашарлауы
Балаларда қабақтың қайырылуы симптомсыз өтеді және көзге мәселе туындатпайды, себебі, кірпіктер өте жұмсақ және көзге зақым келтірмейді.
Дәрігер қабақтың қайырылуын науқастың қабағын қарап, анықтай алады. энтропионды анықтау үшін ешқандай қосымша талдау қажет емес.
Құрамында жасанды көз жасы бар тамшылар қолданылады – олар құрғақтықты жоюға және тітіркену сезімін азайтуға көмектеседі. Көздің қабынуы болуында дәрігердің тағайындауымен бактерияға қарсы тамшылар қолданылады.
Қабақтың орналасуын түзейтін хирургиялық операциялар тиімді болады. Олар көздің дөңгелек бұлшық етінің әлсіздігінде, салдануында, түйілуінде және коньюктиваның тыртықтануында қолданылады. Операция көздің дөңгелек бұлшық етінің және тері бөлікшесінің кесілуімен орындалады, осылайша, қабақ қайырылмайтын етіліп, дұрыс орналастырылады.
Әдетте, энтропионды уақытылы анықтауда және емдеуде асқынусыз, тез емделеді.
Көздің құрғақтануы және тітіркенуі келесі қауіптің пайда болуын арттырады:
- Көздің мөлдірқабығының зақымдануы – көрудің нашарлауы немесе көруді жоғалту
- Көздің мөлдірқабығында ойықжараның пайда болуы
- Көздің инфекциясы
Дәрігерге көріну қажет, егер:
- Қабақтарыңыз ішіне қайырылғанда
- Көзде ылғи бөгде зат тұрғандай сезінуде
- Көзде ауырсыну болады
- Күрт көру нашарласа
- Көз кенеттен қызарғанда
- Көз жарыққа тым сезімтал болғанда
Көпшілік жағдайда қабақтың қайырылуының алдын алуға болады. Алайда, емдеу асқынудың қаупін азайтады.