Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу


Жалпы ақпарат

Эндометрит – жатырдың сілемей қабатының қабынуы. Бұл аурудың эндометриоздан айырмашылығы бар.

Eme Eme

Эндометрит – жатырдың сілемей қабатының инфекциялық қабынуы.


Себептері

Эндометриттің себептері - инфекциялар, мысалы, хламидиоз, гонорея, туберкулез, немесе қалыпты жағдайда іншекте кездесетін бактериялардың бірнеше түрінің бірігуінде туындауы мүмкін. Көпшілік жағдайда эндометрит өздігінше болатын түсікте, ұзақ босануда немесе кесарь тілігінен кейін пайда болады.

Эндометриттің даму қаупі жатыр қуысын зерттеу бойынша диагностикалық шараларды өткізуден кейін артады. Мысалы, дилатация және кюретаж (жатыр мойнын кеңейту және жатырдың сілемей қабатын тазарту), гистероскопия және жатыр ішілік құралдарды орнату (ВМУ).

Эндометрит басқа гинекологиялық инфекциялармен қатар пайда болуы мүмкін, мысалы, жіті сальпингит, жіті цервицит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ИППП).


Симптомдары

• Іштің төменгі бөліміндегі кебу немесе ісіну

• Іншектен етеккірге байланысты емес қан кетуі

• Іншектен дертті бөліністер шығуы

• Іш босатуда жағымсыз сезіну (іш қатуы)

• қызба (38-400 С)

• жалпы әлсіздік, үрейлену сезімі

• Іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну (жатыр аумағындағы ауырсыну)


Диагностика

Дәрігер, медициналық және гинекологиялық тексеруді өткізеді. Іштің төменгі бөлігі саусақпен басқанда сезімтал болуы мүмкін. Ішектің жиырылуы бәсеңдеуі мүмкін. Жатырды гинекологиялық тексеру кезінде жатыр мойны ұстағанда ауырсынуы мүмкін. Жатыр мойнынан бөлініс байқалуы мүмкін.

Диагностика әдістер:

• хламидиоз, гонорея және басқа инфекцияларды анықтау үшін жатыр мойнынан материалды бактериологиялық зерттеу

• Эндометриалдық биопсия

• СОЭ (эритроциттерді шөгу жылдамдығы)

• Лапароскопия

• Лейкоциттер саны

• Іншектен жұғынды (қандай да бір өзгерістерді анықтау үшін микроскопиялық зерттеу)


Емдеу

Эндометриттің асқынуының алдын алу үшін антибактериалдық емдеу тағайындалады. Егер антибактериалдық емдеу жергілікті өткізілсе (гинекологиялық шаралар барысында), емдеудің толық курсын өтіп, қабынудың өткендігіне көз жеткізу қажет.

Босанудан кейін пайда болған эндометриттің ауыр өтуінде науқас ауруханаға жатқызылуы қажет.

Қосымша емдеу:

• Көктамыр арқылы сұйықтықтар құйылуы

• Демалу.

Егер ауру жыныстық жолмен берілетін инфекциядан туындаса, науқастың жыныстық қатынастағы серіктестерін қоса тексеру қажет.


Аурудың болжамы

Антибактериалдық препараттармен дұрыс және уақытылы емдегенде эндометритті емдеп, жазуға болады. Емделмеген жағдайда эндометрит аурудың ауыр өтуіне және гинекологиялық асқынуға, репродуктивтік қызметтің бұзылысына апарып, денсаулықтың жалпы жағдайына теріс әсер етеді.


Мүмкін асқынулары

• Бедеулік

• Пельвиоперитонит (жамбас қуысы аумағындағы инфекция)

• Жатыр аумағындағы және жамбас қуысындағы абсцестің түзілуі

• Сепсис

• Сепсистік шок


Қашан дәрігерге көріну қажет

Эндометриттің белгілері болса, дәрігерге көріну қажет.

Егер сізде эндометриттің ауыр симптомдары болса және жақында босанған болсаңыз, жатырда хирургиялық операция жасалған болса, түсік немесе жасанды түсік болса, жатыр ішілік құрал орнатылса, шұғыл медициналық жәрдемге жүгініңіз.


Алдын алу

Жыныстық жолмен берілетін инфекциядан туындайтын эндометриттің алдын алу шаралары:

• Уақытылы диагностика және өзіңізді, жыныстық қатынастағы серіктесіңізді дұрыс және толыққанды емдеу.

• Презерватив қолданумен қауіпсіз жыныстық қатынас.

Эндометриттің даму қаупі гинекологиялық ем-шараларды орындауда, мысалы, босануда, жасанды түсікті, жатыр ішілік құралды орнатуда зарарсыздықты қадағалауда азаяды.

Эндометриттің және басқа инфекциялардың алдын алу үшін кесарь тілігі операциясының және басқа оперативтік араласудың алдында антибактериалдық препараттар тағайындалады.