Мазмұны

Дивертикулит дегеніміз не?

Бұл аурудың пайда болуына кім және неліктен бейім?

Дәрігер дивертикулитті қалай анықтайды?

Дивертикулит қалай емделеді?

Аурудың алдын алу шаралары бар ма?

Дәрігерге қойылатын сұрақтар


Дивертикулит дегеніміз не?

Дивертикулит – бұл тоқ ішектің сілемей қабатын зақымдайтын ауру. Ауру ішектің қабырғасында шағын қалта тәрізді томпайған тұстар - дивертикулдардың қалыптасуымен сипатталады, олар ас қорыту жолдарының кез келген бөлімінде пайда болуы мүмкін, бірақ, тоқ ішектің соңғы бөлігінде (тік ішекте) жиі кездеседі.

PT

Дивертикулиттің аса кең таралған түрлері

  • Дивертикулез. Дивертикулезі бар адамдардың тоқ ішегінде қалта тәрізді томпайған тұстар қалыптасады. Негізінен, ауру симптомсыз өтеді және науқастардың көпшілігі өздерінің ауырғандығын білмеуі мүмкін.
  • Дивертикулит. Ауру қалталардың жұқпалануы және қабынуы кезінде дамиды. Дивертикулиттің симптомдарына іштегі жіті ауырсыну, қызба, жүрек айнуы, іш қатуы немесе іш өтуі жатады. Сирек болатын симптомдарына құсу және жиілеген, ауырсынған несеп жүруі жатады. Ауырсыну көбінесе, іштің төменгі сол жақ бөлігінде шоғырланады. Дивертикулиттің асқынуына ішектің түйнелісі және прерфорациясы жатады.
  • Дивертикулярлық қан кетуі. Дивертикулярлық қан кетуі дивертикулярлық қалташаның қасындағы қантамырының зақымдануында пайда болады. Нәжіс жүргенде қан болуы мүмкін. Егер өзіңізде ректальдық (тік ішектік) қан кетуіне күмәніңіз болса, шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.



Бұл аурудың пайда болуына кім және неліктен бейім?

Дивертикулит әйелдерде де, ерлерде де кездеседі, көбінесе 40 жастан асқанда. Ауру тағам талшықтарын жеткіліксіз тұтынғанда туындайды. Талшықты аз тұтынғанда іш қатуы орын алады. Іш қатуы ішектің қабырғасында қысымның артуына ықпал етеді. Бұл қысым дивертикулярлық қалташаның қалыптасуына апаруы мүмкін.


Дәрігер дивертикулитті қалай анықтайды?

Дәрігер ауруды анықтау үшін іш аумағын ауырсыну болуына зерттейді, ішектің жұмысы, емдәм және қабылдайтын дәрілік препараттар туралы сұрастырады. Дивертикулитті анықтау үшін дәрігер кейбір тексеріс түрлерін тағайындауы мүмкін.

  • Барий қолданылуымен клизма. Бұл зерттеу үшін рентгенконтрастылық сұйықтықпен (сұйықтық тік ішекке енгізіледі) клизма жасалады.
  • Сигмоидоскопия. Бұл тексеруді өткізу үшін науқастың тік ішегіне жіңішке, икемді, қуыс, ұшында жарық көзі бар түтік енгізіледі. Түтік аса кішкентай бейнекамерамен қосылған, ол арқылы дәрігер тік ішекті және тоқ ішектің соңғы бөлімдері көрінеді.
  • Колоноскопия. Зерттеудің алдында науқасқа дәрілік препарат беріледі, ол науқастың босаңсып, жеңіл ұйқыға кетуіне мүмкіндік береді. Одан кейін тік ішекке жіңішке икемді, бейнекамераға қосылған түтік енгізіледі. Бұл дәрігерге тоқ ішектің өне бойын зерттеуге мүмкіндік береді. Колоноскопия жағымсыз, бірақ, ауырсынбайтын ем-шара.
  • Компьютерлік томография. Бұл тексеру рентгендік көрнекі етудің түрлерінің бірі, ол дәрігерге ас қорыту жолдарының томпайған (қалташалар), жұқпаланған немесе қабынған тұстарын көруге мүмкіндік береді.


Кейде дивертикулит басқа ауруды тексеру кезінде немесе колоректалдық қатерлі ісікке және ас қорыту жолдарының басқа мәселелерін анықтауға скрининг кезінде кездейсоқ табылады.


Дивертикулит қалай емделеді?

Дивертикулит кезінде жұқпалану және қабыну қалталарының алдын алу үшін дәрігер науқасқа тағамға талшығы бар өнімдерді көбірек тұтынуды, сұйықтықты көп ішуді, және ұдайы спортпен шұғылдануды ұсынады.

Аурудың жеңіл өтуінде дәрігер антибиотиктерді тағайындайды. Сондай-ақ, болашақтағы мәселелердің алдын алу үшін дәрігер науқасқа тағамға талшығы бар өнімдерді көбірек тұтынуды, сұйықтықты көп ішуді, және ұдайы спортпен шұғылдануды ұсынады.

Дивертикулиттің ауыр өтуінде немесе дивертикулярлық қан кетуі орын алғанда тоқ ішектің зақымданған бөлігін және қалташаларын алып тастау үшін оперативтік араласу қажет болуы мүмкін.


Аурудың алдын алу шаралары бар ма?

Дивертикулиттің алдын алу үшін талшығы мол емдәм ұстану қажет. Рационға жеміс-жидекті, тұтас дәнді өнімдерді енгізіп, талшықтың көлемін арттыруға болады. Сонымен қатар, міндетті түрде сұйықтықты көп ішу және ұдайы спортпен шұғылдану қажет.


Дәрігерге қойылатын сұрақтар

  • Дивертикулиттің ушығуының алдын алу үшін өмір салтын қалай өзгерту қажет?
  • Дивертикулит тоқ ішектің қатерлі ісігінің немесе басқа аурудың симптомы ма?
  • Дивертикулиттің болуы колоректалдық қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады ма?
  • Дивертикулитті емдеу үшін дәрілер бар ма?
  • Дивертикулитті оперативтік емдеу қажет пе? Басқа нұсқалары бар ма?