Қыжыл – көкіректі күйдіріп, кеудені ашытатын жағымсыз жайт. Дәрігерлер оны гастроэзофагеальді рефлюкс деп атайды. Ол асқазандағы сұйықтықтың өңешке көтерілген кезінде пайда болады. Қыжылдың алдын алу үшін немесе одан құтылу үшін төмендегі амалдарды қолданып көрсеңіз болады:
1. Салмағыңызды дұрыстаңыз.
Артық салмақ асқазаныңызды қысып, қышқылдарды өңешіңізге көтереді. Салмақты қалыпты деңгейде сақтауға тырысыңыз. Егер сізде артық салмақ немесе семіздік болса, салмақ түсіруге тырысыңыз. Бұған қоса, мұны аптасына ақырындап 0,5-1 кг-нан түсіріп отыруға тырысыңыз. Дәрігерден салмақ жоғалту стратегиясын құруға көмек сұраңыз.
2. Қысатын киім кимеңіз.
Беліңізді қысып тұратын киім, асқазанның төменгі жағындағы сфинтер (ас қортуға атсалысатын бұлшықет) деп аталатын бөлікті қысып тастайды, оның салдарынан асқазандағы қышқыл жоғары көтеріліп өңешке келеді.
3. Қыжылды тудыратын тағамдар мен сусындарды пайдаланбаңыз.
Белгілі бір азық-түліктер қыжыл тудырады. Мұздатылған немесе қуырылған тағамдар, томат тұздығы, алкоголь, шоколад, жалбыз, сарымсақ, пияз және кофеин тәрізді ең жиі қолданылатын заттар қыжылдың туындауына себепкер болады. Өзіңіз қыжыл тудыруы мүмкін деген азық-түліктерден аулақ болыңыз.
4. Тамақты аздан жеуге тырысыңыз.
Шамадан тыс тамақ ішуден аулақ болыңыз, асқазанды толтырмай қоректенген жөн.
5. Тамақтанған соң, жатпай сәл отырыңыз.
Тамақтанып болғаннан кейін кем дегенде үш сағат жатпауға, ұйықтамауға тырысыңыз
6. Жастығыңызды биік қойып жатыңыз.
Егер сізді түнде қыжыл үнемі мазаласа, немесе ұйықтауыңызға кедергі келтірсе, асқазаныңыздың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызыңыз. Бас жағыңыз 15-20 сантиметдей биік болып тұруы үшін төсегіңіздің аяқтарын ағаш немесе цемент блоктарға ауыстырыңыз. Егер төсек көтеріле алмайтын болса, матрас пен темір блоктың арасындағы саңылауды белдеуден бастап, денеңіздің жоғарғы бөлігін көтеруге болады. Басыңызды көтеру үшін қосымша жастықшаларды пайдалану көмектеспейді.
7. Кейде антацидтерді қабылдауға болады.
Бұл дәрі-дәрмектер асқазанның қышқылын уақытша бейтараптандырып, қыжылды жеңілдетуі мүмкін. Алайда, магнийі бар антацидтерді ұзақ уақытқа немесе шамадан тыс пайдалану диареяға әкелуі мүмкін, ал кальций немесе алюминий негізіндегі антацидтер іш қатуы мүмкін.
8. Шылым шекпеңіз.
Темекі шегу өңештың төменгі сфинктерінің дұрыс жұмыс істеу қабілетін төмендетеді.
Дәрігермен қашан кеңесу керектігін біліп алыңыз.
Егер кеудеңіз қатты ауырып, қысым күшейіп бара жатса, әсіресе түсініксіз симптомдар пайда болса, мысалы қолыңыз, басыңыз ауырып, тыныс алуыңыз қиындаса дәрігерге қаралыңыз. Кеуде қуысының ауыруы жүректің инсультінің симптомы болуы мүмкін. Егер дәрігермен кездесуге келсеңіз мыналарды жазып алыңыз:
• Сізде аптасына екі не одан да жиі қыжыл орын алса; • емдеуге қарамастан симптомдар қайтпаса; • жұтынуыңыз қиындаса; • ылғи жүрегіңіз айнып, құса берсеңіз. • тәбетіңіз нашарласа немесе дұрыс тамақтана алмай салмағыңыз түсіп бара жатса.
Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.
Тегтер: Медицина Денсаулық