Ұялы телефондар терідегі пигментті дақтарды одан сайын көбейтеді

translator дүйсенбі қаңтар 21, 2019

10 мақала

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі 19 жыл бойы ми ісіктерінің әртүрлі түрлері жайында жалпы мәліметтерді саралай келе, кейінгі уақыттарда мобильді байланыстың жаппай дамуы басталғаннан бері мидың қатерлі ісігіне шалдығудың өршімегенін қорытынды етті. Сарапшылар ұялы телефондарды пайдаланумен ми ісігі ең жиі кездесетін және агрессивті түрдегі глиобластоманың пайда болуы арасындағы ықтимал себеп-байланысын көрсететін ешқандай белгілерді таппады. Осы ауруды анықтаудың барысында 19 жыл бойы ешқандай өзгеріс байқалмаған және ісіктерді оқшаулауда асимметрия табылмады, осының өзі ұялы телефон байланыстарын пайдаланғанның бір дәлелі. Алайда, 19-жылдық байқау кезеңі электромагниттік сәулеленудің патогендік әсерлерін толығымен көрсетуге жеткіліксіз болуы мүмкін: қатерлі ісіктер ұзақ уақыт өткен соң дамуы да ықтимал.

Жылдар бойғы зерттеулерде ұялы телефондар адамның ДНҚ-ға зиян келтірмейтіні анықталды, сондықтан тері қатерлі ісігінің себебі бұл емес. Бірақ беттегі қара дақтардың пайда болуы осы байланыс құралдарының салдарынан болуы мүмкін.

Негізінде смартфондар бет терісіне тұрақты түрде әсер етіп тұрады екен, монитордан шығатын жылудың өзінен теріде пигменттердің бөлінуі өрши түседі. Ал бұл, өз кезегінде, жас ұлғая келе пигментті дақтардың ерте пайда болуына әкеледі.

Мәселені шешу жолдары. Ең қарапайым жолы – қатты дауысты байланысты қолданып және Bluetooth құлаққаптарды пайдалану керек. Cондай-ақ, кімде кім қалыптасқан құлақпен тыңдау схемасын өзгерте алмаса, дәрігерлер теріні қамтамасыз ететін жақсы антиоксидантты қорғағыштарды ұсына алады. Яғни, тұтынылатын C және Е витаминдері мөлшерін арттырыңыз (рұқсат етілген шегінде, әрине).

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер

Денсаулық Медицина


Permalink: http://78.40.109.56/incl/tiki-view_blog_post.php?postId=11