Ашытқылы инфекция – бұл инфекция, саңырауқұлақтан, дәп Candida albicans-тан туындайды. Біздің айналамыздың барлығында саңрауқұлақтар бар, және олар қауіпті емес. Алайда оларға қолайлы жағдай туындай қалса, олардың шамадан тыс өсуі мүмкін, ал ондай жағдайдың салдарынан таралмалы инфекция пайда болады.

Ашытқылы баздану (Candida intertrigo) – бұл саңырауқұлақ инфекциясы, қабынуды, күюуді және дымқыл тері қыртыстарының қышуын тудырады.

Саңырауқұлақ инфекциясының бөртпелері отты-қызыл түсті болады, айналасы кертілгендей болып көрініп тұрады. Бұл бөртпелер кішкентай болады да, ішіне ірін толып тұрады, олар көбінесе жыныс ағзаларындағы бүжірлі безеулер түрінде кездеседі. Бөртпелер, сондай-ақ терінің басқа да қыртысты жерлерінде пайда болуы мүмкін, мысалы, мойында, кіндіктің айналасында.

Ашытқылы инфекцияның дамуының қауіпті факторлары:
• Гигиена сақтамау;
• Артық салмақ;
• Генитали жаққа дымқыл жібермейтін, ауа өтпейтін, қысып тұратын киімдерді кигеннен;
• АИТВ немесе сусамыр секілді аурудан емделу үшін ағзаның күресуі орын алып жатқан кезде;
• Антибиотиктерді пайдаланғанда.

Көбінесе ашытқылы инфекцияны жергілікті жақпа майларды жағу арқылы кетіруге болады.

Тегтер:
ашытқылы инфекция,
ашытқылы микоз,
тері қышуы,
терінің ісуі,
антибиотиктер,
қотыр.