Мазмұны
Алдын алу
Жалпы ақпарат
Лейкоплакия ауруы тілде, ауыз қуысында немесе ұрттың беткі қабатында қақтардың пайда болуымен сипатталады.
Себептері
Лейкоплакия кезінде ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданады. Аурудың туындауының нақты себептері белгісіз. Дәрігерлер бұл ауруды ылғи болатын тітіркенумен байланыстырады:
• Тістің үшкір жақтарынан;
• Тіс протездерінің ыңғайсыздығынан, қаптар мен плобтардан;
• Темекі шегу кезінде немесе темекі пайдаланған кезде (темекі шегушінің кератозы);
• Ауыз қуысында узақ уақыт темекі шайнағанда;
• Көп мөлшерде алкоголь қабылдағанда;
Бұл ауру қарттардың арасында жиі ұшырасады.
Ауыз қуысында пайда болатын түкті лейкоплакияның қоздырушы Эпштейна-Барра вирусы болып табылады. Бұл АИТВ-инфекциясының бірден-бір алғашқы белгілері. Түкті лейкоплакия сондай-ақ, миына трансплантация жүргізген, иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда жиі кездеседі.
Симптомдары
Лейкоплакия кезінде, заң бойынша, қақтар тілге жабысады (тілдің екі жағына да) және ұрттың беткі қабатына орнығады.
Қақтарды төмендегідей түзілімдермен сипаттауға болады:
• Әдетте, ақ немесе сұр түсте;
• Беткі жағы бұдырланып тұрады;
• Түктеніп кеткенде (түкті лейкоплакия)
• Қабыршықтың қатты шеттерін қолмен аршып алынатын болса;
• Қақтар аршылса;
• Ащы немесе қышқыл тамақ жегенде ауырса;
Диагностикасы
Зақымдалған жерге биопсия жасау арқылы диагнозын қоюға болады. Сондай-ақ биопсия ауыз қаусындағы қауіпті іскпен сипатталатын өзгерісстерді де көрсетуі мүмкін.
Емдеу
Емдеудің басты мақсаты қақтардан арылту болып табылады. Ол үшін, заң бойынша, тітіркендіргіштің себебін жою керек. Ыңғайсыздық тудыратын тістің үшкір шеттерін, тіс протездерінің беттерін, пломбаларды тегістеу арқылы стомотологиялық себептердің алдын алуды ертерек жүзеге асыру қажет.
• Шылым шегуден және басқа да табак түрлерінен бас тарту қажет.
• Алкоголь ішімдіктерінен бас тарту ұсынылады.
Егер тітіркенуді тудырып тұрған себептерді жою көмектеспесе, дәрігер тіс қағына дәрілік заттарды жағуды ұсынады немесе хирургиялық жолмен алып тастайды.
Әдетте, түкті лейкоплакия кезіндегі тіс қағы вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер арқылы емделеді. Сондай-ақ дәрігер дәрілік затты қақтың үстіне жағуды ұсынуы мүмкін.
Болжамы
Лейкоплакия зиянсыз болып табылады. Көбінесе, тітіркену себебі жойылған жағдайда ауыз қуысындағы қақ бірнеше аптадан кейін немесе айдан кейін жойылып кетеді.
Кейбір жағдайда қақтың болуы қатерлі ісіктің ерте кездегі белгісі болуы мүмкін.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Ауыз қуысыңыздан кәдімгі лейкоплакияға немесе түкті лейкопияға ұқсас қақты байқасаңыз, дәрігердің кеңесіне жазылғаныңыз дұрыс.
Алдын алу
Шылым шегуді және басқа да темекі түрлерін қолдануды доғарыңыз. Алкоголь ішпеңіз немесе мөлшерін азайтыңыз. Тісіңізді және басқа да тіске байланысты мәселелеріңізді уақытылы емдеңіз.
Ауыз қуысының мәселелері (ерлерде / әйелдерде)
Тегтер:
лейкоплакия
ауыз
қақ
тіс
тамақ
бөртпе
саңырауқұлақ
микоз
инфекция