Мазмұны
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Тісжегі – тісте саңлаудың пайда болуы немесе тістің құрылымының зақымдануы.
Себептері
Тісжегі көп таралған аурулардың бірі, ол суық тигеннен туындайды. Тісжегі балалар мен жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі, бірақ та ол барлық жаста да адамды мазалауы мүмкін.Бактерия, қышқылдар, тамақ қалдықтары және ауыз қуысында бөлінген сілекейлерлің барлығы жабысқақ затқа айналады, оны тіс қағы деп атайды. Қақтар тіске жабысады. Қақатар көбінесе тістердің артқы жағына, түп жақтарына тұнып қалады. Барлық тістердің үстіңгі жағына қызыл иектің қырына, сондай-ақ пломбалардың жандарына бітісіп алады.
Тіс қақтары өздігінен кетпейді, қайта ақырындап үлкейіп, тіс тастарына айналып кетеді. Тіс қақтары ментастары қызыл иекті тітіркендіреді, оның салдарынан гингивит пен периондит дамиды.
Қақтар тамақтанып болғаннан кейін 20 минуттың ішінде тіске тұна бастайды. Егер оларды жоймаса тісжегі туынддауы мүмкін.
Тіс қақтарында жиналатын қышқылдар тіс эмальдарының зақымдануына (ауыз қуысында) саңлаудың түзілуіне себепкер болады. Тісжегі әдетте, ауыртпай дамиды, егер оның көлемі үлкеймесе, ол жүйкені жақымдамайды және тістің сынуын да болдырмайды. Егер тісжегін емдемесе, тіс абсцессі дамуы ықтимал. Асқынған тісжегі тістің ішкі жағын (пулпаны) зақымдауды, ол жағдайда емдеудің ауыр түрлері жүргізіледі, немесе тісті жұлып тасстауға тура келеді.
Көмірқышқылдар (қант пен крахмалдар) тісжегінің даму қаупін арттырады. Тұтқыр азық-түліктер барынша зиянды, себебі олар тіске тез жабысады. Жиі жеңіл-желпі тамақтану қышқылдардың ұзақ уақыт бойы тіс бетімен байланыста болуына септік етеді.
Симптомдары
Ауру симптомсыз дамуы мүмкін. Егер симптомдар көріне қалған жағдайда, олар мынадай болуы мүмкін:
• Тістің ауруы немесе тәтті, ыстық не болмаса суық тамақтар мен сусындарды ішкенде ауру сезімі туындайды;
• Тісте ойықтар мен қуыстар пайда болады.
Диагностикасы
Көп жағдайда тісжегі аурудың алғашқы сатысында, қарапайым тіс дәрігерлік тексеру кезінде анықталады.
Тіс дәрігерлік тексеру тістің үстңігі жағының жұмсаруын анықтауы мүмкін.
Тісті рентгенографиядан өткізіп тісжегінің көзге қалай көрінетіндігін анықтауға болады.
Емдеу
Емдеу арқылы тістің тісжегілік зақымдануын алдын алуға болады.
Емдеу жолдары:
• Пломбалау;
• Тіс қаптарын орнату;
• Тамыр арналарын емдеу.
Тіс дәрігерлері тістегі жегілік материалдарды арнайы бұрғылардың көмегімен жояды, содан соң, алынған тістердің орнын басқа материалдармен толтырады. Ондай материалдарға: сүміс, алтын, фарфор немесе композиталар жатады. Фарфор мен композит әсіресе, алдыңғы табиғи тістердің сыртқы түріне ұқсап келеді. Көптеген тіс дәрігерлері алтын мен күмісті қаптау барынша тиімді болады деп, осы материалдарды азу тістерге де қолдануды жөн санайды. Сондай-ақ жоғары сапалы компзит те азу тістерге қолдануға таптырмас материал болып есептеледі.
Тіс қаптамалы мен (қалпақтары) егер тісжегі көлемді жерді зақымдамаса, тістің негіззгі құрылымы орын сақтап қалған жағдайда, тістің асқынуының алдын алу үшін, қолданылады. Әліз тіске үлкен пломбты салса, ол сынып кетуі мүмкін. Тістің жегілік немесе әлсіреген бөлігі алынып тасталады немесе қайта қалпына келтіріледі. Тіс қаптамаы тістің алынбай, сау қалған бөлігіне кигізіледі. Қаптамалар, әдетте, алтыннан, керамикадан немесе керамика араласқан металдан дайындалады.
Жарақаттың немесе жегінің салдарынан зақымданған түбірлі арналарды емдеу керек. Тістің ортаңғы бөлігі жүйке және қан жүретін тамырлардан (пульпа) тұрады, олар зақымдансса, тіспен бірге жұлынады. Тіс тамырлары герметизацияланған материалдармен толыққан. Жалпы, тістің сыртқа қалыбын қалпына келтіру үшін тіс қаптамаларын кигізген жөн.
Болжамы
Көбінісе емді уақытылы қолға алса, тістерді аман алып қалуға болады. Әрі аурудың алдын аласыз, әрі қалтаңызға да көп салмақ салмайсыз.
Тісіңіз емделгеннен кейін ауырсынулар болса, лидокаинмен жергілікті анестезия және қажетті дәрілік препараттарды қолдансаңыз болады.
Егер сіз тіс дәрігерлік шаралардан қорықсаңыз, басқа да жолдарды қарастырып, қажетті дәрі-дәрмектерді қабылдасаңыз болады.
Мүмкін болатын асқынулар
• Жағымсыздық немесе ауруды сезіну;
• Тістің сынуы;
• Тістей алмау;
• Тіс абсцессі;
• Тістің сезімталдығы.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Тісіңіз ауырса, тіс дәрігеріне тексеріліңіз.
Сондай-ақ әр 6 ай сайын тісіңізді кәсіби тазалатп тұрыңыз.
Алдын алу
Тісжегінің алдын алу үшін ауыз қуысының гигиенасын сақтау керек. Ол үшін әр 6 ай сайын тұрақты түрде тііңізді кәсіби тазалатудан өткізіп тұрыңыз, күніне жоқ дегенде екі рет тіс тазалағыш жіпті пайдаланып жүріңіз. Жыл сайын тістің тісжегі байланатын жерллерін рентгеннен өткізіп тұрыңыз.
Шайнайтын кәмпиттерді, жабысқыш азық-түлікті (құрғақ қақтар мен конфеттерді) жеке жегеннен гөрі, тамақ ішкен кезде, аспен бірге жеген дұрыс. Себебі, ауыз туысын шайғанда тамақпен бірге осы заттарда бірге тазаланып кетеді . Жеңіл-желпі тамақтануды да азайту керек, сонда ғана ауыз қуысындағы қышқылддар қалыпты мөлшерде тұрады. Тәтті сусындар мен конфет немесе мұз кәмпиттерді пайдаланбаған абзал.
Тіс дәрігерлік герметиктер (силанттар) кейбір жегілік қуыстардың пайда болуын тоқтатады. Герметик – жіңішке пластинкатиптес жапқыш, ол шайнауға ықпал етеді. Ол тіс қағының тістің жоғарғы жағына, түп-түптеріне жабысуын тоқтатады. Герметиктерді көбінесе балалардың азу тістерін жұлғаннан кейін таққызады. Герметиктер сондай-ақ қартайған кіілерге де едәуір пайдасын тигізеді.
Жегіден қорғану үшін көбінесе фторды пайдаланылады. Фтор ссалдырған адамдар су ішкенде, тамақ жегенде жегілердің пайда болуы қаупінен құтылады.
Үстіңгі тістерді сақтау үшін, сондай-ақ жергілікті фторларды тағу керек. Бұл фторқұрамды паст немесе ауыз шайғыштарды қолданғандығн тұспалдап тұрады. Көптеген тіс дәрігерлері қарапайым қолданбаның аясында, құрамында фтор бар жергілікті аппликациялық ертінділерді қолданады.
Синонимдері
Тісжегі; Тістердің бұзылуы