Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Жалпы ақпарат
Тұлғаның истериялық бұзылысы – денсаулықтың психикалық бұзылысынан туындайтын жағдай. Ондай адамдар өте эмоциональді болып келеді. Әрі сондай мазасыз, күзелісте жүреді, әр кезде адамдардың көңілін өзіне аударуға тырысады
516

Себептері
Бұл аурудың себептері белгісіз. Бұл аурудың туындауы тұқым қуалау салдарынан және балалық кезде тап болған жағдайларға да байланысты болады деп есептейді. Мұндай жағдай әйелдерде көптеп кездеседі. Бірақ, дәрігерлер тексеру барысында аталмыш аурудың ерлерде де жиі болатынан меңзеуде. Жеке тұлғаның есірмелі ауруы есейе келе пайда болады немесе 20 жастан асқаннан кейін.

Симптомдары
Тұлғаның истериялық бұзылысы бар адамдар әдетте қоғамдағы өз міндеттерін толық игере алады, тіпті жоғары дәрежелерге де көтерілуге мүмкіншілігі болады, сондай-ақ саяси, шендік орындарда да қызмет етіп, жақсы нәтижелер көрсетеді.

Мұндай бұзылыстары бар адамдарда мынадай белгілер байқалады:
• Өзіне шамадан тыс назар аудару үшін қолынан келгенінше әрекет етуге ұмтылады;
• Бөгде адамдардың өзіне әсер етуне оңай жол ашып береді;
• Өзінің сыртқы тұлғасына қатты алаңдайды;
• Тым дарақы, эмоционалды болып келеді;
• Сынға, пікірталасқа шыдай алмайды;
• Өзінің басқа адамдармен ара-қатынасы, негізгіден әлде қайда жақын деп ойлайды;
• Сәтсіздіктерде басқаларды кінәлап шыға келеді;
• Бір нәрсенің орындалуына, мақұлдануына қатты асығады ;
• Ешнәрсеге зер салып қарамайды;
• Өзінің әрқашан назарда болғанын қалайды
• Көңіл-күйін тез өзгертеді, өзін ешкімге бағынышты сезінгісі келмейді;

Диагностикасы
Аурудың диагностикасы психологиялық бағалауға, анамнездің ауырлығына негізделеді.
Дәрігер тұлғаның истериялық бұзылысын диагностикалауда төмендегідей ерекшеліктерін қарай отырып анқытайды:
• Мінез-құлқына;
• Бұрынғы ауру тарихына (анамнез)
• Сыртқы тұрқына;
• Психологиялық жағдайына.

Емдеу
Бұл аурумен ауыратын адамдар қиналғанда, күйзеліске түскенде, мазасызданғанда, романтикалық қатынаста түсініспестіктер болғанда, басқа адамдармен кикілжіңге келгенде жиі дәрігер көмегіне жүгінеді. Кейде симптомдық емдер құрылғылармен жүргізілуі мүмкін. Әңгімелесу және психотерапия – бұл ауруды емдеудегі ең тиімді ем болмақ.

Болжамы
Ауру ағымы кейбір дәрілерді қабылдап, әңгімелескеннен кейін оңалып қалады. Егер ауруды емдемесе, ол науқастың жеке өміріне, жұмысына айтарлықтай залалын тигізуі мүмкін.

Мүмкін болатын асқынулар
Тұлғаның истериялық бұзылысы адамдарға саяси және романтикалық қатынас жасағанда өз әсерін тигізеді. Ондай адам әр жағдайда өзін ұстай алмай жатады. Олар өз жағдайын игере алмай, басқалармен тіл табыса алмай жұмысын да жиі ауыстыруы мүмкін. Мұндай аурумен ауыратын науқастарға жаңа көңіл-күй, және қауіпті жағдайлардан өткізіп жіберетін серпілістер қажет болып тұрады. Бұл факторлардың бәрі күйзеліспен байланысты дамиды.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Егер сізде, немесе сіздің жақын танысыңызда тұлғаның осындай тұлғаның истериялық бұзылысының симптомдары көрініс берсе, өзіңізге жақын жердегі психикалық емдеу орталығының мамандарына, болмаса, дәрігеріне барып тексеріліңіздер.

Тегтер:
Истерия
есірік
есірмелік бұзылыс
психикалық жағдай
есірікті емдеу
Алматыдағы психиатрия