Мазмұны
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Сілекей бездері жолдарындағы тастар – бұл ауру, сілекей бездерін өткізетін түтік секілді жолдарға минералдық заттардың жиналуымен сипатталады. Сілекей бездері жолдарындағы тастар – сілекей бездері қызметінің бірден-бір бұзылған түры болып есептеледі.
Себептері
Сілекей ауыз қуысына сілекей бездерінен бөлініп шығады. Сілекейде жиналатын химиялық заттар, кристалдар түзеді, олар сілекей шығатын жолдарды бекітіп қалады.
Селекей бітеліп қалған жолдарға тіреліп шыға алмай қалса, қайта айналып безге түседі. Оның салдарынан без тіндері ісініп, ауыртуы мүмкін.
Біздің ағзамызда үш ірі сыңарлы сілекей бездері бар:
• Шықшыт безі. Олар ең үлкені. Олардың әрқайсыссы құлаққа қарама-қарсы жақтың асстында, бет терісінің үстіңгі жағында орналасқан. Бұл бездердің бірі немесе барлығының қабынуы паротит деп аталады.
• Жақасты безі. Бұл екі бездер ауыз қуысының артқы жиегіне, екі жақтың майысқан жеріне орналасқан.
• Тіласты безі ауыз қуысының түбінде орналасқан.
Сілекей бездерінің тастары көбінесе жақасты бездерінде пайда болады, алайда кейде шықшыт бездер де кездесіп жатады.
Симптомдары
• Ауызды ашқанда, жұтынғанда мазалайды;
• Ауыз құрғап тұрады;
• Бет ауырады немесе ауыз қуысы ауырады;
• Бет пен мойын ісиді (тамақ, сусын ішкенде ауыруы күшейіп кетеді)
Көбінесе симптомдар тамақ ішкенте мазалайды.
Диагностикасы
Дәрігер немесе тіс дәрігері сіздің басыңыз бен мойныңыз жақты қарайды. Ондағы сілекей бездерін сипалау арқылы бір немесе бірнеше үлкейген, ауырсынған өзгерістерді анықтайды. Қармалау кезінде дәрігер тасты қолымен сезінуі мүмкін.
Диагноз қою үшін бетті рентгенге, УДЗ-ға, МРТ-ға немесе КТ-ға түсіруі мүмкін.
Емдеу
Емдеудің басты мақсаты тасты жою болып табылады.
Сіздігіңізден үйде төмендегідей шараларды орындасаңыз болады:
• Көп мөлшерде су ішіңіз;
• Сілекейдің бөлінуін арттыру үшін қантсыз лимон тамшысын пайдаланыңыз.
Тасты жоятын басқа да әдістер төмендегідей болып келеді:
• Жылылықты пайдалана отырып, безге массаж жассау керек. Дәрігер немесе тіс дәрігері жолдардағы тасты қалай қозғау керектігін үйретеді;
• Кей жағдайда жолды бекітіп қалған тастарды алып тастау үшін хирургиялық араласулар да өткізіледі.
• Емдеудің басқа жаңаша нұсқадағы әдісі соққы беретін толқындардың көмегімен тастарды ұнтақтау болып табылады.
• Сиалоэндоскопи деп аталатын жаңа әдісі – кішкентай бейне камера немесе құралдың көмегімен сілекей бездері жолдарындағы тастарды жоюға бағытталады.
• Егер тастар инфицирленссе немесе қайта түзіле бастаса, онда операция жасалып, сілекей безі алынып тасталынады.
Болжамы
Көп жағдайда сілекей бездері жолдарындағы тастар ауыртады немесе жайсыздық сезімін тудырады, одан басқа инфицирленуі мүмкін.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Егер сізде сілекей бездері жолдарындағы тастардың симптомдары біліне бастасадереу дәрігерге хабарласыңыз.
Синонимдері
Сиалолитиаз
Ауыз қуысындағы мәселелер (ерлерде / әйелдерде)